Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің құрамын қалыптастыру және оның құрамына ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің 5 - тармағының талаптары негізінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды қабылдауды жариялайды. 

Үлгілік қағидаларының 7 тармағына сәйкес қамқоршылық кеңестің құрамына

  • жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
  • жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
  • коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
  • ата - аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата - анасы немесе заңды өкілі;
  • қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді:

         Қамқоршылық кеңестің құрамына «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 мамырдағы Заңының 51- бабы 1- тармағының 2, 3 тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кірмейді.

       Үлгілік қағидаларының  8, 9 тармақтарына сәйкес, қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір - бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.

Ұсыныстарды қабылдау 2022 жылғы 03 ақпаннан 16 ақпан аралығында Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов көшесі, 10 А, телефон: 25-07-73, 52-60-42 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің құрамын қалыптастыру және оның құрамына ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыру
Дата публикации
02 февраля 2022