«IT- жобасы 2022» байқауының ЕРЕЖЕСІ

Ақпараттық технологиялар саласында

«IT- жобасы 2022»  байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелері

1.1.  Қалалық IT байқауының ұйымдастырушысы  - (ары қарай- Байқау) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі.

 

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Мақсаты: ақпараттық технологиялар саласында дарынды балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

2.2. Байқаудың міндеттері:

  • IT технология саласында дарынды балаларды анықтау және қолдау;
  • ақпараттық технологияларға оқушылардың қызығушылығын арттыру;
  • оқушылардың жеке тұлғалық және командалық өздерін іске асыру үшін жағдай жасау;
  • Startup-жобаларын жасау үшін өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

 

  1. Байқауға қатысушылар

3.1. Байқауға қаланың білім беру мекемелерінің  6-11 сынып оқушылары қатыса алады.

3.2. Қалалық байқау жеңімпаздары жобаларын қалалық IT-форумда көрсете алады.

  1. Байқаудың өткізу реті

4.1. Байқау  екі кезеңде өтеді: сырттай және онлайн қатысу кезеңдері.

4.2. Сырттай тур 2022 жылдың 9 ақпанында өтеді.

4.3. Екінші тур онлайн форматта 2022 жылдың 14 ақпанында сағат 14.00-де өткізіледі.

4.4. Байқауға қатысу тапсырысы 1-қосымшаға сәйкес 2022 жылдың 4 ақпанына дейін жіберілуі керек.

4.5. Байқау келесі номинациялар бойынша екі жас санаты бойынша өткізіледі (6-8 сыныптар, 9-11 сыныптар):

  • бағдарламалау;
  • мобильдік қосымша;
  • робототехника;
  • 3D модельдеу.
  1. Байқаудың материалдарына қойылатын талаптар

5.1. Байқауға ұсынылатын жұмыстарды бір адам немесе оқушылар тобы 92-3 оқушы) орындауы мүмкін.

5.2. Алдыңғы жылы ұсынылған жұмыстарды қайта ұсынуға жол берілмейді.

5.3. Қатысушылар  сырттай турға презентацияны, ұсынылған жұмыс концепциясының сипаттамасын, бейнебаянды жіберулері керек.

5.4. Барлық жұмыстарда түсінік хат, авторлық атауы, орындау мерзімі, авторлығы (немесе авторлық мөлшері), практикалық қызметке енгізу нәтижесі немесе апробациялау нәтижесі болу керек.

5.5 Түсінік хат қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады.   Жұмыс көлемі 10 беттен көп болмауы қажет. Әр бетті нөмірлеп, азат жолды сақтау керек.  

5.6. 1) Ресімдеуге қойылатын талаптар:

- мәтін компьютерде басылуы керек (WORD, 14 шрифт, 1,5 интервал, сол жақтан қашықтық – 2 см) және мазмұны:

-  титул парағы;

-  мазмұны;

- аннотация – қазақ немесе орыс тілінде жұмыстың негізгі ережесін қысқаша баяндау (ол жұмыстың қай тілде жазылғанына байланысты);

- кіріспе – жұмыстың өзектілігі мен тақырыптың таңдалуы, оның мақсаты және міндеті, жұмысты өткізу орны көрсетіледі;

- негізгі бөлім: зерттеу материалдары мен әдістері, эксперименттік бөлім, жұмыс нәтижелері және олардың талдауы;

- қорытынды (ұсыныстар);

-пайдаланған әдебиеттер тізімі.

2) Титул парағында көрсетіледі:

- жұмыс орындалған білім беру ұйымының толық атауы;

- жұмыс тақырыбы;

- номинация;

- орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі);

- жұмыстың жетекшісі (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс орны);

- жұмыстың орындалу жылы.

5.7. Жұмыстың презентациясы Microsoft Power Point бағдарламасында орындалады. Слайдтар саны 10-ға дейін. Бейне MP4 форматында жасалады, ұзақтығы-3 минут.

5.8. Қатысушы жобаны көрмелік көрсету құралдарын қолданумен және еркін дискуссия түрінде талдау арқылы қорғай алады.

5.9. Байқау жеңімпаздарын анықтау мақсатында қазылар алқасы IT-жобаларын бағалауды іске асырады. IT-жобалар-презентациясын қорғау уақыты:  5 минут.

  1. Жұмысты бағалау критерийлері (0-10 балл):
  2. 1. Бағалаудың негізгі критерийлері:
  3. Идеяның жаңашылдығы, шығармашылығы – жұмыс тақырыбының ерекшелігіндегі, идеясының тереңдігіндегі, сонымен бірге идеяны іске асыру мен тақырыпты ашу, мәнерлі құралдардың ерекшелігіндегі жұмыс авторларының шығармашылық үлесі бағаланады.
  4. Маңыздылығы, өзектілігі, қолданылуы, қажеттілігі, жұмыстың кең көлемде қолданылу мүмкіндігі бағаланады.
  5. Дизайн және эргономика – визуалдық ресімдеу сапасы бағаланады: жұмыстың жалпы визуалды стилі, жұмысты ресімдеу элементтерінің дизайні.
  6. Функционалдық және технологиялық– технологиялық орындау идеясы, функционалдық сапасын жақсартуы бағаланады.
  7. Техникалық орындау сапасы – техникалық орындау сапасы мен күрделігі, технологиялардың негіздемесі бағаланады.
  8. Қолдану ыңғайлылығы – навигацияның сапасы мен ашықтығы, басқару құралдарының ыңғайлылығы,  кеңес пен көмектің, инсталлятордың және өзге де қажетті қосалқы механизмдердің болуы бағаланады.
  9. Қатысушының баяндау сапасы – жұмысты қорғау мен демонстрациялау сапасы, дәлел келтіруі, баяндау реті, қойылған сұрақтарға сапалы жауабы бағаланады.
  10. Сөз сөйлеу регламенті - жұмысты көрсететін және қорғайтын баяндамашының сөз сөйлеу ұзақтығы регламентте белгіленген 5 минут ішінде сақталғаны бағаланады.

 

  1. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

 

7.1. Байқау жұмысы номинациялар бойынша қалыптасқан секцияларда өткізіледі. Әр секция үшін қала мектептерінің тәжірибелі педагогтары, жоғарғы мектеп оқытушылары және басқа да қала ұйымдарының өкілдерінен қазылар алқасы  құралады.

7.2. Әр секцияда қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды (1, 2, 3 орын).

7.3. Байқау жеңімпаздары грамоталармен марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        1-қосымша

 

 

Өскемен қаласы IT-жобалар байқауына қатысуға

тапсырыс

 

№

мектеп атауы

жоба атауы

Байқау номинациясы

оқушының аты-жөні, сыныбы

жетекшінің аты-жөні

жетекшінің байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп директоры:                                                                            ТАӘ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

 

2-қосымша

 

Өскемен қаласы IT-жобалар байқауын сараптамалық бағалау ПАРАҒЫ

(IT-жобаның атауы)

_________________________________________________________

(  қатысушының аты-жөні)

 

№

р/н

Бағалау критерийлері

Балдардың  мүмкін

мағынасының интервалдары  

Баға (балл)

1

2

3

4

1.

Идеяның жаңашылдығы, шығармашылығы

0-10

 

2.

Өзектілігі, сұранысы

0-10

 

3.

Дизайн және эргономика

0-10

 

4.

 Функционалдығы мен технологиялығы

0-10

 

5.

Техникалық орындау сапасы

0-10

 

6.

Пайдалану ыңғайлылығы

0-10

 

7.

Қатысушының баяндау сапасы

0-10

 

8.

Баяндау регламенті

0-10

 

Қорытынды балл (барлығы 80 балл)

 

 

____________

(күні)

________________________

(комиссия мүшелерінің қолы)

_______________________

 

 

 

«IT- жобасы 2022» байқауының ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
01 февраля 2022