3D МОДЕЛЬДЕУ, БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША «SKILLS FOR GEEKS» ҚАЛАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер
    • Осы Ереже 3D модельдеу, бағдарламалау және спорттық робототехника бойынша оқушыларға арналған «Skills for geeks» мектептер арасындағы қалалық чемпионатты ұйымдастыру және өткізу шартын анықтайды (бұдан әрі - Чемпионат).
    • Чемпионат «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Nur Otan» партиясының «Балаларға арналған тегін ІТ - сыныптар» бастамашыл жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізіледі.

 

  1. Чемпионатты өткізу мақсаттары мен міндеттері

2.1. Чемпионат келесі мақсатта өткізіледі:

2.1.1. Қаланың  мектеп оқушыларының шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және оларды белсенді етуге жағдай жасау.

2.1.2. Дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау, олардың әрі қарай дамуына жағдай жасау;

2.1.3. Оқушылардың нақты кәсіби жағдайларда және техникалық құрылғылармен жұмыста міндеттерді тәжірибелік шешу дағдысын дамыту;

2.1.4. Жоғары технологиялы өндіріс, инновция және инженерлік әзірлемелер саласына оқушылардың қызығушылығын арттыру.

2.2 Чемпионат міндеттері:

2.2.1. Инновациялық технология саласы бойынша дарынды балалар мен жастарды анықтау және оларды қолдау, өндірістегі білім мен ғылым интеграциясы;

2.2.2. Үш өлшемді компьютерлік модельдеу және бағдарламалау технологияларын игеру және оларды қолдану бойынша оқушылармен жұмысты белсенділендіру;

2.2.3. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, олардың кәсіби ойлауын дамыту және оқушылардың атқаратын жұмысына жауапкершілігін арттыру; 

2.2.4. Оқу үдерісіне білім берудің жаңа технологияларын енгізу.

2.2.5. Қолданыстағы оқу бағдарламаларын түзету және жаңа оқу бағдарламаларын енгізу, мемлекет экономикасы үшін кәсіби инженерлер мен кәсіпкерлер кадрлар резервін құру, талантты жастарды - заманауи салалар үшін болашақ инженерлік - техникалық кадрларын анықтау, оқыту, іріктеу және әрі қарай қолдау;

2.2.6.  IT - біліктілікті дамыту және дәріптеу (3D модельдеу, бағдарламалау, спорттық робототехника).

 

  1. Облыстық онлайн чемпионатты өткізу тәртібі

3.1.Чемпионат 2 кезеңнен тұрады:

3.1.1. Бірінші кезең - қалалық, 2022 жылдың 23, 24 ақпанында өткізіледі.

Қалалық кезеңге IT - сынып оқушылары, облыстық чемпионаттың мектеп аралық айналымының 10+ (5 - 7 сыныптар) және 14+ (8 - 11 сыныптар) жас санаттары бойынша жеңімпаздары қатысады. Тапсырманы команда орындайды. Бір командаға қатысушылар саны - 2 адам, бір жас санаты.

2022 жылғы 23 ақпан - «SMART EDUCATION - OSKEMEN 2022» ІТ - форумының ашылуы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 48 қосымша білім беру мектеп - орталығы» КММ базасында спорттық робототехника бойынша чемпионатты өткізу (10.00 -13.00 - жас санаты 10+ (5 - 7 сыныптар), 14.00 - 17.00 - жас санаты 14+ (8 - 11 сыныптар)).

2022 жылғы 24 ақпан - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 48 қосымша білім беру мектеп -орталығы» КММ базасында 3D модельдеу, бағдарламалау бойынша чемпионат өткізу.

2022 жылғы 25 ақпан - «SMART EDUCATION – OSKEMEN 2022» ІТ - форумының жабылуы, жеңімпаздарды марапаттау, оқушылардың ІТ - жобаларының көрмесі.

3.1.2. Екінші кезең - облыстық, 2022 жылғы наурыз айынада өткізіледі.

Облыстық кезеңге IT - сынып оқушылары, облыстық чемпионаттың қалалық айналымының 10+ (5 - 7 сыныптар) және 14+ (8 - 11 сыныптар) жас санаттары бойынша жеңімпаздары қатысады. Тапсырманы команда орындайды. Бір командаға қатысушылар саны - 2 адам, бір жас санаты.

3.1.3. Қатысушылар берілген өтінімдер негізінде тіркеледі.

3.1.4. Команда жетекшілері өздерімен өзінің және қатысушылардың келесі құжаттарының түпнұсқасы мен көшірмесін әкелуі тиіс: паспорт/туу туралы куәлік, эпид.айналасы туралы анықтама.

3.1.5. Құжаттар тізімі облыстың санитариялық - эпидемиологилық  ахуалына байланысты өзгеруі мүмкін.

 

  1. Тапсырманы орындау тәртібі және тапсырманы орындаудың жалпы талаптары

4.1. Тапсырма командамен орындалады

4.2. Команда ұсынылған тапсырмамен, сондай-ақ ұсынылған бағалау критерийлерімен және жұмысты бағалау ережелерімен мұқият танысуы керек.

4.3. Әр командада флэш - жинақтауыш (флэшка) болуы керек.

4.4. Конкурстық жұмыстарды орындау электрондық форматта жүзеге асырылады.

4.5. IT - біліктілік бойынша тапсырмаларды орындауға 4 астрономиялық сағат бөлінеді.

 

4.6. Спорттық робототехника чемпионаты келесі аталымдар бойынша өткізіледі:

 

10+ санатында:

  • «Сызық бойымен жарыс»
  • «Кегельринг»

14+ санатында:

  • «Кегельринг - квадро»
  • «Танк биатлоны»

4.6.1. «Сызық бойымен жарыс» сайысына дайындалу және тапсырмаларын орындау тәртібі (10+ санаты):

Роботтардың «Сызық бойымен жарыс» сайысына қатысуы үшін қатысушылар берілген траектория бойынша старттан мәреге дейін жүре алатын автономды роботты дайындауы қажет. Қашықтықты өтудің уақыты 2 минутан артық емес. Сайысты өткізу кезінде робот қара сызықпен жылжып аз уақытта барынша көп ұпай жинауы керек.

Роботқа қойлатын талаптар:

Робот LEGO Mindstorms EV3 конструкторлық платформасының негізінде жиналған автономды болуы тиіс. Конструкцияның барлық элементі, оның ішінде қуат беру жүйесі роботтың өзінде орналасуы керек.  Басқа жинақтардың қосалқы бөлшектерін қолдануға тыйым салынады. Роботтың максималды жалпақтығы  25 см. Максималды ұзындығы - 25 см. Биіктігі - 25 см. Роботтың салмағы 1 кг-дан аспауы керек.

 

 

Полигон

  1. Робот жүруі тиіс белгіленген арақашықтығы бар полигонның көлемі - 2400 мм х 3800 мм.
  2. Полигонның түсі - ақ, күңгірт.
  3. Қашықтықты анықтайтын сызықтың түсі күңгірт қара.
  4. Сызықтың ені - 50 мм.
  5. Сызық қисықтығының минималды радиусы - 300 мм.

4.6.2. «Кегельринг» аталымы бойынша дайындалу және тапсырмаларын орындау тәртібі (10+ санаты):

«Кегельринг» роботтар сайысына қатысу үшін команда ринг шеңберінен кегельдерді шығарып тастай алатын автономды роботты дайындауы қажет. Рингті кегельдерден тазартуға ең көбі 2 минут беріледі. Сайыс барысында робот аз уақытта кегельдерді ринг аймағын қоршап тұрған кара сызықтан асырып шығарып тастауы керек.

Ринг

Рингтің түсі - ақ күңгірт; рингтің диаметрі - 1 м (ақ шеңбер); шектеу сызығының түсі - қара күңгірт; шектеу сызығының ені - 50 мм.

Роботқа қойылатын талаптар:

LEGO Mindstorms EV3 конструкциялық платформасы негізінде құрастырылған автономды робот. Басқа жиынтықтардан қосымша бөлшектерді пайдалануға тыйым салынады. Барлық құрылымдық элементтер, соның ішінде қуат жүйесі, роботтың өзінде болуы керек. Робот құрылымында полигонның бетін зақымдауы мүмкін компоненттерді қолдануға болмайды. Полигонның жабынын бүлдірген робот жарыстан шығарылады. Робот кегельді тек корпусымен итеруі керек. Роботта кегельдерді (механикалық, пневматикалық, діріл, акустикалық және т.б.) итеруге арналған арнайы құралдар болмауы тиіс. Кегельдерді жинау үшін робот корпусына жабысқақ құрылғыларды пайдалануға тыйым салынады. Роботтың максималды ені – 25 см, максималды ұзындығы – 25 см, биіктігі – 25 см, роботтың салмағы 1 кг-дан аспайды.

4.6.3. «Кегельринг-квадро» номинациясы бойынша дайындалу және тапсырмаларын орындау тәртібі (14+ санаты):

«Кегельринг» роботтар сайысына қатысу үшін қатысушылар ринг шеңберінен ақ немесе қара түсті кегельдерді шығарып тастай алатын автономды роботты дайындауы қажет. Рингті кегельдерден тазартуға кемінде 2 минут беріледі. Сайыс барысында робот аз уақытта кегельдерді ринг аймағын қоршап тұрған кара сызықтан асырып шығарып тастауы керек.

Ринг

Рингтің түсі - ақ күңгірт;

рингтің диаметрі - 1 м (ақ шеңбер);

шектеу сызығының түсі - қара күңгірт; шектеу сызығының ені - 50 мм.

Роботқа қойылатын талаптар:

LEGO Mindstorms EV3 конструкциялық платформасы негізінде құрастырылған автономды робот. Басқа жиынтықтардан қосымша бөлшектерді пайдалануға тыйым салынады. Барлық құрылымдық элементтер, соның ішінде қуат жүйесі, роботтың өзінде болуы керек. Робот құрылымында полигонның бетін бүлдіруі мүмкін компоненттерді қолдануға болмайды. Полигонның жабынын бүлдіретін робот жарыстан шығарылады. Робот кегельді тек корпусымен итеруі керек. Роботта кегельдерді (механикалық, пневматикалық, діріл, акустикалық және т.б.) итеруге арналған арнайы құралдар болмауы тиіс. Кегльдерді жинау үшін робот корпусына жабысқақ құрылғыларды пайдалануға тыйым салынады. Роботтың максималды ені - 25 см, максималды ұзындығы - 25 см, биіктігі - 25 см, роботтың салмағы 1 кг-дан аспайды

4.6.4. «Танк биатлоны» аталымы бойынша дайындалу және тапсырмаларын орындау тәртібі (14+ санаты):

 «Танк биатлоны» роботтар жарысына команда старттан финишке дейін, берілген траекториямен жүріп өтуге және бақылау аймақтарында тапсырманы орындай алатын - бағаналарды жылжытпай нысаналарды ең аз уақыт ішінде қағуға қабілетті автономды роботты дайындауы қажет.

Роботқа қойылатын талаптар

Робот автономды болуы тиіс. Роботтың моделі танк пішінді болуы керек. Роботтың максималды жалпақтығы  25 см. Максималды ұзындығы - 25 см. Биіктігі - 25 см. Роботтың салмағы 1 кг-дан аспауы керек. Жарыс кезінде роботтың салмағы мен көлемі өзгермеуі керек.

Жарыста LEGO конструкторлық платформасының негізінде сайысқа қатысушылардың өздері жинаған роботтарды қолдану рұқсат етіледі. Конструкцияның барлық элементі, оның ішінде қуат беру жүйесі роботтың өзінде орналасуы керек. Робот конструкциясында полигон бетін бүлдіретін қандай да бір жасақтаушылар қолданылмауы керек. Төрешілердің пікірінше ринг беткейін әдейі былғаған роботтар бүкіл жарыс уақытына дисквалификацияланады.

Полигон

  1. Полигонның көлемі - 2500 мм х 1500 мм.
  2. Полигонның түсі - ақ.
  3. Сызықтың түсі - қара.
  4. Сызықтың ені - 25 мм.
  5. Полигон аймақтары:

5.1. Старт-мәре аймағы қызыл түспен белгіленген - 300 мм х 300 мм.

5.2. Бақылау аймақтары сары түспен белгіленген - 300 мм х 400 мм.

5.3. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 белгілер - тіректерді орнату үшін қолданылады.

5.4. 8 - аймақ - маневр жасау учаскесі.

5.5. A1, А2, А3, А4; B1, В2, В3, В4, В5, В6, В7; C1, С2, С3 аймақтары нысаналарды орнату үшін пайдаланылады.

5.6. 9 - аймақ - тарақ.

5.7. 10 - аймақ - брод.

5.8. 11 - аймақ - үзік сызық.

5.9. 12 - аймақ - туннель.

4.7 «Робототехника» біліктілігі бойынша чемпионат екі айналымнан  тұрады:

Бірінші айналым - үй тапсырмасы. Роботты құрастыру және басқару. Бағдарламалау.

Екінші кезең - спорттық робототехника бойынша тапсырмаларды орындау (тақырыптық аталымдар бойынша):

Құрама командаға әр жас тобында 2 оқушыдан қатыса алады (аталымның әр түріне 1 қатысушыдан).

Өткізу тәртібі: әр құрама аймақ мектептерінің бірінің базасында чемпионатқа қатысады. Алаң мен барлық керек - жарақтар (кегель, туннель, нысана және т.б.) жарысқа қатысушылар роботтарды дайындау және баптау үшін алдын ала дайындалуы тиіс.

  1. Құрылымдық тыйымдар:

5.1. роботтың дөңгелектері мен корпусына жабысқақ құрылғыларды пайдалануға тыйым салынады;

5.2. роботтың ашық беттерінде майлағыштарды қолдануға тыйым салынады;

5.3. роботқа тұрақтылықты арттыратын құрылғыларды пайдалануға тыйым салынады, мысалы, вакуумдық орта құру;

5.4. қарсылас роботтың инфрақызыл және басқа сенсорларына, сондай-ақ электрондық жабдыққа кедергі жасауға тыйым салынады;

5.5. қарсылас роботқа заттарды лақтыратын құрылғыларды пайдалануға тыйым салынады;

5.6. қарсылас роботқа қарсы қару ретінде сұйық, ұнтақ және газ заттарын қолдануға тыйым салынады;

5.7. жанғыш заттарды қолдануға тыйым салынады.

Жоғарыда аталған тыйымдарды бұзатын роботтарды жарыстан тәуелсіз сарапшылар (төрешілер) шығарып тастайды. Бұзушылық хаттамасы рәсімделеді.

 

  1. Қатысушыларға қойылатын талап

6.1. Қалалық чемпионаттарына 10+ (5 - 7 сыныптар) және 14+ (8 - 11 сыныптар) жас санаттары бойынша оқушылар қатысады.

6.2. Спорттық робототехника бойынша қатысушылар саны - әр жас тобы үшін 2 оқушы (аталымның әр түріне 1 қатысушыдан).

        6.3. «3D - модельдеу» және «Бағдарламалау» бойынша қатысушылар саны - әр жас тобы үшін 2 оқушы.

6.4. Әр командада жетекші болу керек. Команданы жарысқа дайындайтын педагог, тәлімгер немесе жаттықтырушы жетекші болады. Бір адам бір уақытта бірнеше команданың жетекшісі бола алады.

6.5. Бір команданың барлық мүшелері конкурс талаптарына сай бір жас санатына жатуы және әр біліктілік бойынша бір үлгідегі киім формасын киюі керек (бағдарламалау - қызыл футболка мен кепке, 3D модельдеу - сары футболка мен кепка, робототехника - көк футболка мен кепке, қара (қою көк) шалбар немесе джинса шалбар).

6.6. Чемпионат өткізген кезде қатысушыларда мәлімделген құралдар мен аспаптар, ноутбуктар мен бағдарламалар болуы тиіс.

6.7. Қатысушылар ұйымдастырушы комитеті жариялаған тәртіпте ғана Чемпионатқа қатысуы, қазылар алқасының, төрешілер алқасы мен Ұйымдастырушы комитетінің талаптарын орындауы және тәртіп сақтаулары керек.

6.8. Қатысушылар Чемпионат өткізілетін орынға Чемпионаттың басталуынан 30 минут бұрын келуі, СЭС санитариялық нормалары мен талаптарын (маска, қашықтық) сақтауы қажет.

 

  1. Чемпионатты өткізу шарттары

7.1. Қаланың әр мектебінен құрылған командалар өтінімді нысан бойынша (үлгі қоса беріледі) 2022 жылғы 14 ақпанға дейін kapchikova@goroo.ukg.kz электрондық мекен - жайға жібереді.

7.2. Чемпионаттың қорытындысы барлық байқаулық іс - шаралар аяқталғаннан кейін шығарылады.

7.3. Жеңімпаздарды хабарландыру және марапаттау 2022 жылғы 25 ақпанда ІТ -форум аяқталғаннан кейін «№ 48 қосымша білім беру мектеп - орталығы» КММ базасында өтеді.

7.4. Чемпионаттың нәтижелері мен толық ақпарат Өскемен қаласының білім бөлімінің сайтында, білім бөлімінің әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

 

  1. Чемпионат қатысушыларын бағалау

8.1. «3D - модельдеу» және «Бағдарламалау» бағыттары бойынша қатысушыларды бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:

Критерийлер атауы

Түсініктемелер

1-10

   балл

10 тапсырма үшін максималды

балл

3D-модельдеу

Орындалған презентация, модельді қорғау

1-10

100

Модель кескінінің фотореаликтілік деңгейі

1-10

Нысанды модельдеудің дәлдігі

1-10

Түрлі түсті шешімдер

1-10

Модель құрудағы шығармашылық тәсіл

1-10

Бөлшектер мен құрастырудың пішінін анықтауда өрескел қателіктердің болмауы

1-10

Модификаторларды қолдану

1-10

Элементті орындау сапасы

1-10

Модельдің функционалдылығы

1-10

3D модельдің толықтығы

1-10

Критерийлер атауы

Түсініктемелер

0-20

   балл

5 тапсырмаға

макс балл

Бағдарламалау:

Scratch

10+

Сахна фонын пайдалану

0-20

100

Спрайттармен жұмыс

0-20

Тапсырманы рәсімдеу

0-20

Кодтың өзіндік ерекшелігі

0-20

Бағдарламаның дұрыс жұмыс істеуі

0-20

Бағдарламалау:

Pascal, Lazarus, Delphi,  С++, Python, Arduino

14+

Дұрыс орындалған тапсырмалардың саны

0-20

100

Орындалған тапсырмалардың толықтығы

0-20

Тапсырмада графикалық көріністің болуы

0-20

Тапсырма орындалуының мәтіндік көрінісі

0-20

Кодтың өзіндік ерекшелігі

 

0-20

  1. Чемпионатты қорытындылау тәртібі

9.1. Чемпионаттың жеңімпаздары әр бағыт бойынша анықталады. Ұйымдастыру комитеті мен сарапшылар кеңесінің жобаларды дайындау және қорғау кезінде жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыларды марапаттау үшін Чемпионатқа қосымша аталымдар енгізуге құқылы.

9.2. Құрама команданың командалық есебіне жарыстың барлық бағыттары бойынша үздік деп танылған нәтижелері есептеледі (робототехника, 3D - модельдеу, бағдарламалау). Құрама командалардың ұпай саны тең болған жағдайда, үздік нәтиежелердің саны ескеріледі.

9.3. Жеңімпаздар дипломдармен келесі бағыттар бойынша марапатталады:

10+ жас санаты бойынша:

- 3D - модельдеу - I, II, III орын

- бағдарламалау - I, II, III орын

14+ жас санаты бойынша:

- 3D-модельдеу - I, II, III орын

- бағдарламалау - I, II, III орын

9.4. Спорттық робототехника бойынша Чемпионаттың жеңімпаз командалары дипломдармен марапатталады:

-«10+» жас санаты бойынша:

«Сызық бойымен жарыс» - I, II, III орын

«Кегельринг» - I, II, III орын

-«14+» жас санаты бойынша:

«Кегельринг - квадро» - I, II, III орын

«Танк биатлоны» - I, II, III орын.

 

3D МОДЕЛЬДЕУ, БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША «SKILLS FOR GEEKS» ҚАЛАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
01 февраля 2022