Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің құрамын қалыптастыру туралы хабарландыру
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 1 балалар музыка мектебі» КМҚК, «Жұлдыз» балалар өнер мектебі» КМҚК, «Жігер» Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі» МКҚК, «Оқушылар шығармашылығы сарайы» КМҚК, «Жас техниктер станциясы» КМҚК, «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» КМҚК қосымша білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды қабылдауды жариялайды.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
Қамқоршылық кеңестің құрамына "білім туралы"Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 мамырдағы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кірмейді.
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Қамқоршылық кеңесінің өкілеттігі
Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ білім беру мекемелерінің есебіне түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;;
2) білім беру ұйымының Жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына орналастыру мәселелері бойынша шараларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
5) білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлуге қатысады және оны мақсатты жұмсау туралы шешім қабылдайды;
6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған білім беру ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
8) орта білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға үміткерлермен әңгімелесу қорытындылары бойынша хаттамалық шешім қабылдайды және шығарады;
9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін сапалы көрсету туралы, қайырымдылық көмекті пайдалану туралы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына орналастыру жөнінде қабылданатын шаралар туралы есептерін тыңдайды;
10) білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
11) білім беру ұйымының қызметімен, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге берілген жағдайлармен танысады, білім беру ұйымы психологының қатысуымен олармен әңгімелесу өткізеді;
Білім беру ұйымының қызметкерлері (құрылымдық бөлімшелері) Қамқоршылық Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат беруге көмек көрсетеді.
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.
Ұсыныстарды қабылдау 2022 жылғы 26 қаңтардан 07 ақпанға дейін Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов көшесі, 10 А, телефон: 25-07-73 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.