Қосымша білім беру ұйымдары жүзеге асыратын негізгі міндеттер - жалпы білім беретін мектептермен бірге жеке тұлғаның жан - жақты дамуы, оқушылардың кәсіби өзін - өзі анықтауы, азаматтық сана - сезімді, жалпы мәдениетті, жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін барынша қолайлы жағдай жасау.
2021 - 2022 оқу жылында балаларды мектептен тыс жұмыспен қамту міндеті 100% етіп қойылды. 42095 оқушы (97%) мектептер жанындағы үйірмелер мен секцияларға тегін барады, 1341 үйірмеде 274 педагог жұмыс істейді.
Балалар дарындылығын дамытумен мектептермен бірге 6 қосымша білім беру мекемелері айналысады: ОШС, БММ, БӨМ, ЖТС, Экобиоорталық, БЖК. 850 үйірмеде 7 бағыт бойынша 15627 бала өздерінің дарындылығын дамытуда, бұл өткен 2020 - 2021 оқу жылымен салыстырғанда 25% - ға артық.