ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК

«Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК балаларға қосымша білім беру мекемесі ретінде 2013 жылғы маусымнан бастап жаңа мәртебеде іске қосылды және өз қызметін негізгі құжаттарға: «Білім туралы Заңға», ҚР қосымша білім беруді жаңғырту тұжырымдамасына, 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, білім беру бағдарламасына, «Оқушылар шығармашылығы сарайы»  КМҚК даму бағдарламасымен, мекеме Жарғысымен, әлеуметтік тапсырыспен және т. б. сәйкес  жүзеге асыруда.

«Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК - бұл оқу жылы көлемінде және демалыс кезінде қала балаларына өз шығармашылық қабілеттерін дамытып, ой-өрісін кеңейтіп, қарым-қатынас жасауды үйренетін көп салалы мекеме. Даму бағдарламасына сәйкес ОШС ұжымы білім алушылар контингентін сақтау, толықтыру және шығармашылық әлеуетті дамыту бойынша әлеуметтік тапсырысты орындады. Мекемеде 4 қабат пен 41 мамандандырылған кабинеттер, киім бөлмесі, спорт зал және 200 орындық көрермен залы бар.Сарайда 47 педагог қызмет атқарады. Сарайға 2640 бала барады, аталмыш мекемеде ата-аналармен бірлесе атқарылатын  білім беру процесі білім алушылардың дене, психологиялық және адамгершілік денсаулығын сақтауға негізделеді.

Сарайда оқу және тәрбие алу қызығушылығы бойынша бір жастағы және әртүрлі жастағы балалар үшін теін және ақылы түрде беріледі.

2017 жылдан басиап Сарай ЮНЕСКО Клубтарының Шығыс Қазақстан Облысы бойынша Аймақтық өкілі болып табылады, облыстық ЮНЕСКО Клубтарына басшылық етеді.

Сонымен қатар Сарайда мұқтаж отбасыларға көмек беретін Әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмыс істейді.

Сарай мақсаты: баланың жеке басын жан-жақты дамытудың, оның қабілеттерін ашудың және кәсіби өзін-өзі анықтаудың шарты ретінде тұтас білім беру кеңістігін құру.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары негізінде мынадай міндет қойылды: Шығармашылық тұлғаның жан-жақты дамуына, оның әлеуметтенуіне, өмірі мен кәсіби тұрғыда өзін-өзі дамытуына ықпал ететін әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар жасау.

Міндеттері:

  • Білім беруді оңтайландыру жағдайында жалпы және қосымша білім беруді интеграциялау;
  • Эксклюзивті және инклюзивті деңгейде балалар мен жасөспірімдердің барлық мақсатты топтарының қосымша білім беру қызметтеріне сұраныстарын барынша қамтамасыз ету және қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • Оқушылардың еңбек нарығына және күнделікті өмірге сәйкес құзыреттіліктерін меңгеруге бағытталған білім беру бағдарламаларын іске асыру;
  • Дарынды балалар мен жасөспірімдерге қолайлы жағдай жасау, әртүрлі әлеуметтік топтардағы, даму ерекшеліктері әртүрлі дарынды оқушыларға тиімді үздіксіз білім беру жүйесін құру;
  • Сарайға келуге деген ынтаны тудыратын негізгі факторлардың сапалы жаңаруы: интерьерлер және олардың тақырыптық безендірілуі, қызметкерлердің еңбек жағдайлары, аумақты ұйымдастыру.
  • Оқушылардың жеке басының шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту.
  • Балалар мен жасөспірімдерді еңбекпен қамтуды ұйымдастыруда мектеп пен мектептен тыс мекемелердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
  • Адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру.

ОШС қызметінің басым бағыттары:

  • Көркем-эстетикалық;
  • Сәндік-қолданбалы;
  • Техникалық, компьютерлік;
  • Әлеуметтік-педагогикалық;
  • Спорттық.