ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Алтын дән» арнайы балабақшасы»КММ

Қызмет саласы: Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу

2012 жылы 1 ақпан «Балапан» бағдарламасы аясында ШҚО білім басқармасы  Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Алтын дән» арнайы балабақшасы»КММ құрылған.

Балабақшаның басты мақсаты: Балалардың білім алуына жағымды жағдай жасай отырып, тіл мүкістігі мен көз көруін және де психикалық таным қабілеттерін дамыта түзетуге арналған жаңа заманауи технологияларды қолданып  бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.

Балабақшаның басты міндеті:Әр баланың жеке көзқарасын ескере отырып, оның білім алуына қолайлы жағдай жасау.

Мекемеде оқу – тәрбие үрдісі қазақ тілінде жүргізіледі. Балабақшада ерекше білім беруге қажеттілігі бар сөйлеу тілінің бұзылыстары, психикалық дамуында тежелісі бар, көз көруі нашар балаларға білім мен тәрбие беруге арналған  тоғыз топ жұмыс жасайды.

Балабақшаның материалдық – техникалық базасына сәйкес көз түзету аппараттары, тәрбиеленушілердің денсаулықтарын сақтау және нығайту мақсатында «Тұзды бөлме», ӘБЕО орталығының жабдықтарымен «Сенсорлық бөлме», «Жұмсақ бөлме» кабинеттері қамтамасыз етілген.

Ұйымдастырылған іс әрекет көз көруі нашар, сөйлеу тілінің  бұзылыстары бар, психикалық дамуының тежелу сатысы бойынша Қазақстан Республикасының  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  жалпыға бірдей білім беру  үлгілік бағдарламасына  сүйене отырып ұйымдастырылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға беру стандартын, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңын басшылыққа ала отырып,оқыту және тәрбие жұмыстарын жақсартуда балабақшада материалдық база құрылған.

«Алтын дән» балабақшасы қазіргі таңда өз ортасында беделге ие. Осы жылдар ішінде 500 ге жуық  бүлдіршінді білім мен тәрбие мен сусындатып мектепке даярлап шығарды. Қазіргі уақытта түлектерінің  алды ЖОО мен колледждерінің студентері  мен қала мектептерінде жоғары сынып оқушылары.

Осы жылдар ішінде ұстаздары мен бүлдіршіндері қалалық, облыстық, республикалық,  халықаралық  деңгейдегі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Атап айтса, қалалық шығармашылық фестиваль  «Балауса», облыстық  зияткерлік олимпиада «Балапан», «Үркер» халықаралық зияткерлік  марафоны,  «Күншуақ» халықаралық шығармашылық фестивальдерінің бас жүлделері мен жүлделі орындарын алған.

Мектепке дейінгі мекемеде 36 педагог жұмыс істейді. Ұжым педагогтарының  барлығында арнайы жоғары білімі бар ,бірнеше педагогтар қызметтерін  үзбей жоғары білім игеруде.Біршама педагогтардың біліктілік санаттары бар: үшінші санатты басшының орынбасары,педагог-зерттеуші,педагог-сарапшы, педагог-модератор біліктілік санаттары бар.