ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 орта мектебі» КММ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 5 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мекеме) білім беру саласындағы функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Мекеме қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта  және кешкі сыныптарда  білім беретін оқу бағдарламаларын және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бейімділіктері мен мүдделеріне сәйкес жаратылыстану-математикалық кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

Мекеме қызметінің мақсаты: жалпы орта және кешкі сыныптарда білім берудің әрбір деңгейі бойынша ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгеру негізінде тұлғаның құзыреттілігін, жан-жақты дамуын және кәсіби бағдарлануын қалыптастыру болып табылады.