Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарманың бас маманы (заңгер)
Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президент Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің бұйрықтарын, облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін, тапсырмаларын, әкімдік пен мәслихаттың қаулыларын, басқарма басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді; Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiредi, Мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттарға келісу жолымен әзірлеуге қатысады; Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды; Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда мемлекеттiк органның құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттiк органның атынан түсiнiктеме дайындайды; Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді; Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді; Мүгедектігі бар азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдардың «Әлеуметтік қызметтер порталындағы» тізілімінде тіркелуіне бақылау жасайды; Әлеуметтік қорғау жүйесіне қатысты құрылатын барлық комиссия құрамында мүшелікте болады және құқықтық баға береді; Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді; Мемлекеттік сатып алу аясында түзілген келісім шарттың заңдылығына бақылау жасайды; Басқармада және Басқарманың қарамағындағы ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жасайды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізеді; Басқарманың Ережесіне өзгерістер мен толықтыру енгізу үшін облыс әкімдігінің қаулы жобасын әзірлейді; Microsoft Office бағдарламаларында, ақпараттық жүйелерде жұмыс жасайды; Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштері мен арыз-шағымдарын, ұсыныстарын қарайды және олар бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауаптарын әзірлейді; Өз өкілеттілігі шегінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңының орындалуын қамтамасыз ету, басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында құқықтық оқытуларды ұйымдастырады.
"В" Блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zh.beisenbaev@iturkistan.kz
- 20.09.2022
- «Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат (оффлайн форматында)
-
8 (72533) 5-91-81