Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы нақты сектор саласын бюджеттік мониторинг жасау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика

Функционалды міндеттер

1) Бөлім басшысынан келіп түскен хаттар мен берген тапсырмаларды орындайды;

2) ҚР Бюджет кодексінің 112-бабына сәйкес бюджет шығыстарының орындалуы бойынша бюджеттік мониторинг жүргізеді, 4 (төрт) облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері (облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, облыстық инвестиция және экспорт, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармалары) арқылы іске асырылатын бюджеттік бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізу жұмыстарын жүргізеді; 3) ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» No 540 бұйрығына сәйкес 4 (төрт) облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің (облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, облыстық инвестиция және экспорт, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармалары) бюджеттік бағдарламаларына талдау жасайды және жылдық сомалардың айларға бөлінуіне баға беру арқылы міндеттемелер мен төлемдер бойынша кезекті қаржы жылына облыс маслихатының шешімімен бекітілген қаржыландырудың жиынтық жоспарына және олардың қаржыландырудың жылдық жоспарына мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарының сәйкестігіне мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларына және бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына өзгертулер енгізу бойынша анықтама дайындау және оның негізділігін талдау жұмыстарын ұйымдастырады, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өздігінен өзгертулер енгізуінің негізділігін талдап, бюджеттік заңнамаға сәйкес жағдайда келісім береді және жоспардың сәйкестілігіне үнемі мониторинг жүргізеді; 4) ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы «Бюджеттік мониторинг жіргізу нұсқауын бекіту туралы» No 629 бұйрығына сәйкес 4 бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің (облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, облыстық инвестиция және экспорт, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармалары) бюджеттік бағдарламалары бойынша, оның ішінде әрбір инвестициялық жобалар бөлінісінде, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау бойынша бюджеттік мониторинг жүргізіп,бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы бағдарлама әкімшілеріне ескертпе-ақпарат дайындайды; 5) Жетекшілік ететін салалар бойынша облыс әкімдігінің қаулыларына сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму саласы объектілерінің құрылысына, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің игерілуі туралы талдамалық есепті игерілмеу себептерін көрсете отырып және күтілетін болжамды игеру бойынша, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржының игерілуі туралы және игерілмеген жағдайда игерілмеу себептерін көрсете отырып талдау есептерін және түсінік хаттарын жинақтайды; 6) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2020 жылғы 26 ақпандағы No1-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 26 ақпандағы No 201 «Мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша операциялық бағалау әдістемесін бекіту туралы» бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына сәйкес жетекшілік ететін салалар бойынша даму бағдарламалары бойынша ҚР Қаржы министрлігіне жолдау мақсатында облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен, сондай-ақ, аудан және қала әкімдіктерінен аталған бұйрыққа сәйкес мәлімет жинақтап, есепті ұсынады; 7) Жетекшілік ететін облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларға сәйкес жыл сайынғы қаржылардың игерілуіне мониториг жүргізеді; 8) Аудандық, қалалық қаржы органдарына және мекемелер мен кәсіпорындарға нақты сектор саласы бойынша қаржыландыру және шығыстардың атқарылу мәселелері бойынша әдістемелік кеңес көмегін береді, мекемелер мен кәсіпорындардың және азаматтардың хаттарын, өтініштері мен шағымдарын қарайды және оларға заңмен белгіленген уақытынан кешіктірмей, жауап дайындайды; 9) ҚР Бюджет кодексінің 212-бабына сәйкес облыс әкімдігінің бағалы қағаздарын шығаруды қамтамасыз етеді; 10) Жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелерді қабылдау және тіркеу бойынша жұмыстарды жүргізеді; 11) Мекемелер мен кәсіпорындардың және жеке заңды тұлғалардың хаттары мен арыздарына, өтініштеріне заңмен белгіленген тәртіпте жауап дайындайды; 12) Өз құзыры шегінде, алдағы елдердің тәжірибесін ескере отырып, бюджет және басқа да заңдылықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын енгізеді; 13) Функционалдық міндеттер бойынша қызметтік құжаттардың, келісім шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді; 14) Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасында қабылданған ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтау кіреді; 15) Басқарманың бөлім бас маманының міндеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамаларымен айқындалатын өзге де міндеттер мен функциялары кіреді.

Блок "А"

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.06.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.06.2022 – 11.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.07.2022

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат (оффлайн форматында)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72533) 5-91-81

файлдардың шекті мөлшері 15 Мб. аспауы қажет