Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасының бас маман-бухгалтері

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарма басшысының және басшының орынбасарларының тапсырмаларын, бұйрықтарын уақтылы және сапалы орындайды; өзіне келіп түскен хаттар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы сапалы жауап береді; бухгалтерлік есеп бойынша іс-қағаздарын жүргізеді; салық және қаржы органдарына есептер тапсырады; басқарманың мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізеді; бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі, облыстық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сатып алу бойынша ұйымдастырушы және тапсырыс берушісі бола отырып, келісімшарттарды түзеді және олардың орындалуын бақылайды; басқарманың бюджеттік бағдарламасын дайындау және бекітуге ұсыну, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету, орындалуына мониторинг жүргізеді; Басқарманың бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттік нақтылауға өтінімдер дайындайды және Веб порталға орналастырады; Басқарманың нақтыланған бюджеттік бағдарламаларын бекітуге ұсынады; бюджеттік бағдарламалардың қаржысының игерілуі мен тікелей және түпкілікті нәтижерлерінің орындалуы бойынша бөлімдерден ақпарат жинақтап, есеп тапсырады; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің  2016 жылғы  30 қараша №629 бұйрығымен бекітілген  «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығына» және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің  2016 жылғы 2 желтоқсандағы №630 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларына» сәйкес бюджеттiк есептiлiктi ұсынады; «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес облыстық тексеру комиссиясына мәліметтер ұсынады;

Басқарманың коммуналдық меншіктегі ЖШС, АҚ мекемелері бойынша:

- коммуналдық меншіктегі ЖШС,АҚ бюджетке аударған дивиденттер туралы мәлімет;

- квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын толықтыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы және ҚЭН іс-шараларының бюджеттік тиімділігі туралы мәліметтерді;

- квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттен бөлінген  қаржының,  бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша орындалуы туралы ақпарат;

- коммуналдық меншіктегі ЖШС, АҚ дебиторлық, кредиторлық қарыздары туралы мәліметтерді жинақтайды.

- ДК, Word, Excel, «Е-қызмет», 1С, SKYDOCS, Қазынашылық клиент жұмыс істей білуі қажет.

 

"В" Блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.04.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.04.2022 – 12.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.04.2022

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72533) 5-91-81

файлдардың шекті мөлшері 15 Мб. аспауы қажет