Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы әкімшілік жұмысы бөлімінің бас маман-бухгалтері, 1 бірлік
Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Білім: математика
Функционалды міндеттер
- Материалдық-техникалық ресурстарды және қаржыларды тиімді және мақсатты пайдалану, бюджетті құрастыру бойынша ұсыныстар жасау және есептерді әзірлеу, жұмыстардың орындалуы бойынша жылдық жоспарларды әзірлеу және олардың орындалуын бақылау. Басқарманың бухгалтерлік есеп, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бойынша есебін жүргізу, бюджеттік жіктеу кодтары облыстық, республикалық бюджеттен бөлінген қаржы мен трансферттер бойынша шығындар сметасын орындау, жоспарлау және жоспарланған қаржыны өз мақсатына жұмсау. Тоқсанға және айларға бөлінген қаржыландыру жоспарымен төмендегі деңгейдегі бюджетті қамтамасыз ету. Қаржы бақылау және салық, қаржы және экономика, қазынашылық басқармасымен өзара үйлескен жұмыс жүргізу.
- Заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес бухгалтерлік есепті шұғыл жүргізу және қаржының мақсатты жұмсалуын, мекеме меншігінің сақталуын қадағалау, бақылау.
- Қаржы департаментімен қаржы-шаруашылық сұрақтарын үйлестіру.
- Қазынашылық-клиент жүйесі бойынша құжаттарды рәсімдеу.
- Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді (басқарманың депозиттік шоты бойынша)заң талаптарына сәйкес қайтару үшін бөлім басшыларымен келісілген құжаттар негізінде басшылыққа есеп береді және қазынашылық-клиент жүйесі бойынша төлем шоттарын дайындап, басшылыққа жолдайды. Құжаттарды арнайы папкаға тіркеп отыру.
- ДК, Word, Excel, ЭҚАБЖ, «Е-қызмет» ПБЫАЖ, «1C-Қазақстандағы мемлекеттік мекемелерінің бухгалтериясы» жұмыс істей білу;
- Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 03.06.2020
- «Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, 160023, Түркістан қ., Әкімшілік-іскерлік орталығы
-
87751291747