Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары (№01-2)

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

150778 - 203162

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Ветеринария (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Гидрология
  • Метеорология
  • Биотехнология
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Геодезия және картография
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Туризм
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Кадастр
  • Бағалау
  • Қаржы
  • Білім (химия)
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Қосымша талаптар

маркшейдерлік іс,

"Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

Функционалды міндеттер

Қала әкімінің орынбасары төмендегі салалардағы мәселелерге қарайды:

1) сәулет нормаларының сақталуы мәселелерін шешеді;

2) сәулет және қала құрылысы нормаларына сәйкес қызыл сызық ішінде орналасқан нысандарды заңға сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастырады;

            3) жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру;

            4) мемлекеттік өнеркәсіптік саясатты іске асыру;

5) табиғи монополиялар қызметін реттеу;

            6) ауыл шаруашылығын дамыту;

            7) жер қатынастарын реттеу;

            8) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелерін шешеді.

9) байланыс және телекоммуникация;

10) жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар.

            Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағдарламалары, мүгедектерді оңалту бағдарламалары аясындағы жұмыстарды үйлестіреді.

Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған бағдарламалардың жүзеге асырылуын қадағалайды.

Шағын және орта бизнесті қолдауға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалардың орындалуын қадағалайды.

Туризмді дамытуға арналған қалалық бағдарламаларды жүзеге асырады.

Өзі жетекшілік етететін бағыттарға сай салаларда қабылданып отырған қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және мемлекет саясатына сәйкестігіне жеке дара жауапты болады.

Қаладағы көпқабатты үйлердің кондоминиум мәселелері жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

Сәулет және қала құрылысы бөлімінің;

Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің;

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің;

Жер қатынастары бөлімінің;

Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жұмысына жетекшілік жасайды.

мемлекеттік стандарттарға мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның;

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне суды беру жөніндегі қызметтердің құнын ішінара өтеуге арналған субсидия алушылардың тізімін анықтау үшін құрылған ведомствоаралық комиссияныың;

шаруа және фермер қожалықтарына берілетін несиелерді арзандату жөніндегі комиссия;

сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі комиссияның;

ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын көбейту питомниктері мен будандары аналық нысандарының тұқымдарын өндіруге, бірегей тұқымдарды өндірушілердің, мақта тұқымдарын өндіру шығындарын, элиталық тұқым шаруашылықтарының нақты сатып алынған суперэлиталық тұқым үшін шығындарын ішінара өтеуге арналған субсидия алушылардың тізімін анықтау үшін құрылған ведомствоаралық комиссияның;

квотадан тыс оралмандарды қабылдауды және жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі комиссияның;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға арналған  жәрдемақыны беру қызметіне жәрдемдесуші учаскелік комиссияның;

            қала әкімдігі жанынан құрылған қылмыстық жазаны және қылмыстық құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге декөмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік кеңесші органның;

          мүгедектерді әлеуметтік қорғау комиссиясының;

           әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның;

           қала әкімдігі жанындағы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссияның;

 мұқтаж отбасыларға бір реттік әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның;

          құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның;

          қала әкімдігі жанынан құрылған 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы жұмыс стажын белгілеу жөніндегі арнайы комиссиның;

           халық денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің;

           бағаларды реттеу жөніндегі штабтың;

          халыққа азық-түлік жеткізу мәселелері жөніндегі штабтың;

          өнеркәсіптік акционерлік қоғамдардың, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, инвестициялық қорлардың;

           дәрменсіз кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі комиссияның;

          жылу беру маусымын дайындауға құрылған комиссияның;

          қала мекемелерінің қысқа дайындығын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның;

          төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның;

          жер қатынастарын реттеу комиссиясының жұмыстарын үйлестіреді.

            мүгедектер мен көмекші интернаттармен;

  қалалық еңбек және соғыс ардагерлері кеңесімен;

  зейнетақы төлеу орталығымен;

  ардагерлер және кәсіподақ ұйымдарымен;

  кешендер салаларының мемлекеттік емес секторларымен;

           денсаулық сақтау мекемелерімен (барлық меншіктегі денсаулық сақтау мекемелері);

           жер кадастр бөлімімен;

           орман шаруашылығы саласындағы мекемелермен;.

          темір жол мекемелерімен;

          кеден қызметтерінің органдарымен;

 экология және биоресурстар саласындағы мекемелермен;

          жылжымайтын мүлікті тіркеу орталықтарымен;

          жол қозғалыстарын ретке келтіру жөніндегі мекемелермен;

 тұрғын үйлердің кондоминиум мәселесі жөніндегі мекемелермен;

 санитарлық эпидемиологиялық бақылау бөлімімен өзара іс-қимыл жасайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.02.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.02.2021 – 15.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

18.02.2021

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталық

Анықтама алу үшін байланыс

87751291747

файлдардың шекті мөлшері 5 Мб. аспауы қажет