Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ардагерлер және мүгедектігі бар азаматтармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380392

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қаржы
  • Жобаны басқару

Функционалды міндеттер

1. Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президент Жарлықтарын, Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік Кодексін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің бұйрықтарын, облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін, тапсырмаларын, әкімдік пен мәслихаттың қаулыларын, басқарма басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын  уақтылы  және сапалы  орындалуын қамтамасыз ету;

  1. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, жекелеген санаттағы азаматтарға, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру, қайырымдылық акцияларын өткізуді, қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдармен, қайырымдылық қорлармен байланыста жұмыс істеуді үйлестіру;
  2. Мүгедектігі бар азаматтар әлеуметтік қызметтер мен оңалтудың техникалық құралдарымен әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тоқсан сайын жүзеге асыруды ұйымдастыру;4. халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдарды үйлестіруді және оларға іс-тәжірибелік көмек көрсету жұмыстарын үйлестіру;
  3. мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы өңірлік үйлестіру кеңесінің қызметін қамтамасыз ету;
  4. Мүгедектiгі бар азаматтарды және мүгедектігі бар балаларды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протез-ортопедиялық бұйымдармен және протездеу көмегімен және естуді протездеу, тифлоқұралдар мен сурдоқұралдар көмегімен, оңалтудың техникалық және көмекшi (орнын толтырушы) құралдарымен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен, міндетті гигеналық заттармен, санаторий-курорттық емделумен, жеке көмекшілермен ымдау тілі маманы қызметтерімен қамтамасыз етуді және әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
  5. мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөніндегі мамандарды, оның ішінде ымдау тілі мамандарын, Брайльдің бедерлі-нүктелік қарпімен оқу және жазу жөніндегі мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
  6. Аудандар мен қалаларда мүгедектiгі бар азаматтарға психологиялық қолдау көрсетуге арналған «Тең қоғам» және «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарының жұмысын үйлестіру;
  7. Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшілік және ағарту iс-шараларын үйлестіру;
  8. Мүгедектігі бар азаматтар мен мүгедектігі бар балаларға қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiру;
  9. Мүгедектігі бар азаматтарға және мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымдық обьектілеріне қолжетімділікті қалыптасу жұмыстарын үйлестіру;
  10. басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген ардагерлерге өз құзыреті шегінде ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын үйлестіру;
  11. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына әлеуметтік қолдау көрсетуді үйлестіру;
  12. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне (қатысушылары мен мүгедектерi) және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдардың ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген ардагерлер және олардың отбасылары, Еңбек ардагерлеріне, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, мүгедектігі бар азаматтар мен мүгедектігі бар балаларға қатысты мәселелер бойынша кеңестер мен түсіндірмелерберу;
  13. Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру немесе жұқтырған иммун тапшылығының синдром ауруына шалдыққандарды әлеуметтік қолдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  14. Мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуына мониторинг жасау, анықтама дайындау;
  15. Мүгедектігі бар азаматтар мен мүгедектігі бар балаларды оңалту мен сауықтыруды әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру және қажеттілікке қарай мемлекеттік сатып алуларға қатысты техникалық ерекшеліктерді дайындау және сапалылығын қамтамасыз ету;
  16. Аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мәліметтері негізінде техникалық оңалту шараларына қажеттілікті анықтап, талдау жұмыстары есебін жүргізу және оның сапалығын қамтамасыз ету;
  17. Автоматтандырылған «Е-Собес» бағдарламасы, Әлеуметтік қызметтер порталы», «Қолжетімді орта» порталына мәліметтердің енгізілуіне бақылау жасау;
  18. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 16.09.2024 жылғы№704 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»қаулысының орындалуы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында үйлестіру жұмыстарын жүргізу;
  19. Облыста мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілууін қадағалау;
  20. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілер мәлімдеген олардың сипаттамаларының мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкестігіне тоқсан сайын мониторинг жүргізу;
  21. Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен үйлестіру;
  22. Бөлім жұмыстары туралы анықтамалар дайындау, тиісті бөлімдерге берілетін мәліметтердің шынайлығына дербес жауапкершілікте болады;
  23. Бөлімнің құзырындағы мәселелер бойынша ұйымдастырылатын мәжілістерге сапалы материалдардың (баяндама, слайд, анықтама) ұсынуды ұйымдастыру, дербес жауапкершілікте болу;
  24. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
  25. Microsoft Office бағдарламаларында, «Әлеуметтік қызметтер порталы», «Қолжетімді орта порталы» мен «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс істей білуі;
  26. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың арыздары мен хаттарын қарау және бөлім мамандарының мерзімінде орындалуын бақылау;
  27. Ұдайы өзінің кәсіптік деңгейін көтеру.
  28. Бақылау функциясы: бөлім жұмысын басқару;
  29. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама талаптарын сақтау;
  30. Өз өкілеттілігі шегінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңының орындалуын қамтамасыз ету, бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында құқықтық оқытуларды ұйымдастыру;
  31. Ішкі еңбек тәртібін сақтауы.

"А" блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.03.2026 – 26.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 мб

Сұхбаттасу күні

31.03.2026

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72533) 5-91-81