Түркістан облысы әкімі аппараты агроөнеркәсіп кешенді және кәсіпкерлікті дамыту мониторингі бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне, 05.09.2027 жылғы дейін, негізгі жұмыскер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертіп жұмысқа шығуға құқылы)

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380392

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Экология
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Аграрлық техника және технология
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Туризм
  • Ветеринарлық медицина
  • Жобаны басқару
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

1) бөлімнің қызметіне басшылық жасайды, жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, тиісті тәртіпті қамтамасыз етеді;

2) облыстың ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу мәселелеріне қатысты және бөлім құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін облыс әкімдігіне бағыныстағы жергілікті атқарушы органдарда, мемлекеттік мекемелерде орындалуына мониторинг жүргізеді;

3) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын зерделеп, заң талаптарына сәйкес болған жағдайда оларға бұрыштама қояды;

4) бөлім қызметкерлерімен облыс әкімі аппаратының жұмыс регламентінің орындалуын және іс жүргізудің қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес жүргізілуін қадағалау;

5) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін, арыздарын қарайды;

6) бөлімнің іс жоспарларын дайындау мәселесімен айналысады, олардың орындалуына қадағалау жүргізеді;

7) облыс әкімінің, облыс әкімі аппарат басшысының, бөлімге жетекшілік ететін аппарат басшысы орынбасарының тапсырмаларының мерзімінде орындалу нәтижелеріне жауаптылықта болу;

8) бөлім басшысы бөлімдегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін  тәртіптік жауапкершілікке тарту, көтермелеу, марапаттау жөнінде Аппарат басшысына ұсыныстар енгізуге;

9) бөлім басшысы бөлімге жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалуына бақылау жасау және олардың жұмыс нәтижелігіне жеке жауаптылықта болу;

10) облыс әкімінің, аппарат басшысының қатысуымен қаралатын, бөлімнің құзыретіне кіретін салалардың проблемаларын анықтайды, олар бойынша іс шара жоспарын дайындауды үйлестіреді және орындалуын қадағалау;

11) салалық бағыттарға қатысты тапсырмалардың, іс-шаралардың, ақпараттық-анықтамалық материалдардың орындауын облыс әкімі орынбасарымен келісу;

12) облыс әкімінің, облыс әкімі аппараты басшысының, салалық бағыттары бойынша жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының салалық бағыттарға қатысты тапсырмалардың іс-шаралардың, ақпараттық-анықтамалық материалдардың сапалы, мерзімінде орындау нәтижелеріне жауаптылықта болу;

13) облыс әкімі аппаратының басшысына бөлімнің құрылымын жетілдіру, бөлімнің қызметшілерін лауазымынан босату, сондай-ақ оларды көтермелеу немесе оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар дайындау және енгізу;

14) облыс басшылығының алдында өтетін мәжілістерге қатысады және өз құзыреті шегінде қызметтік іс-қағаздарға қол қоюға;

15) бөлім мамандарының кәсіби деңгейін жетілдіру бойынша тиісті шараларды іске асыру;

16) жетекшілік ететін салалары бойынша облыс әкімінің төрағалығымен өтетін жиналыстарды ұйымдастыру, хаттамаларды рәсімдеу, орындаушыларға жөнелту, орындалуын бақылау;

17) өз құзыреті шегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізуге;

18) қызметтік әдепті сақтауға;

19) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шараларды жүзеге асыру;

20) басшылықтың тапсырмасы бойынша басқа да өкілеттілікті жүзеге асыруға міндетті.

Бөлім басшысының міндеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен айқындалатын мемлекеттік органның агроөнеркәсіп және кәсіпкерлікті дамыту мониторингілеу бойынша өзге де міндеттер мен функциялар кіреді.

қосымша "мал дәрігерлік тазалық сақтау" мамандығы.

"А" блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.09.2025 – 12.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 мб

Сұхбаттасу күні

17.09.2025

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72533) 5-91-81