Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және талдау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

D-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Қаржы
  • Жобаны басқару
  • Медицина

Функционалды міндеттер

  1. Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президент Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Салалық министрліктердің қаулыларын, бұйрықтарын және хаттамалық тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындалуын  қамтамасыз ету;
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыс әкімі арасында индикаторларға қол жеткізу туралы түзілген Меморандум бойынша индикаторлардың орындалуын бақылау және мәлімет жолдау;
  3. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының орындалуын жүргізу;
  4. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж азаматтарға бағыныстағы мекемелерге, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдарға жолдамалар дайындау, жолдау, оларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген түрлерінің қолданыстағы Стандарттарға сәйкес көрсетілуіне мониторинг жұмыстарын жүргізу;
  5. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған қызмет алушылардың есебінін жүргізу, қозғалысына талдау жасау;
  6. Бағыныстағы мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша ұсыныстарды енгізу;
  7. Бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерде құрылыс, күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуін және сумен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз етуді үйлестіру;
  8. Облыстың экономикалық дамуы туралы индикаторлық жоспардың орындалуын үйлестіру және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасының орындалуы туралы есепті жинақтап, ұсыну;
  9. Басқарманың ақпараттық-аналитикалық материалдар жиынтығын әзірленуін, әлеуметтік салаға қатысты рейтингіні жүргізу жұмыстарын үйлестіру;
  10. Бөлімнің және басқарманың жұмыстары туралы ақпараттар, мәліметтер, анықтамалар дайындауға қатысу;
  11. Республикалық, облыстық, аудандық, қалалық семинарларды және басқарма басшысының қатысуымен өтетін мәжілістерді ұйымдастыру мен хаттамаларын рәсімдеу;
  12. Басқарманың қатысуымен өткізілетін мәжілістер, кеңестердің ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу, компьютерлік бағдарламамен слайдтарды презентацияға дайындау және көрсету жұмыстарын қамтамасыз ету.
  13. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық жобалары туралы Түркістан облысы бойынша ақпараттық-түсі жол картасының орындалуын үйлестіру;
  14. Облыс әкімдігі мен басқарманың интернет желісіндегі ақпараттық сайтқа атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтерді уақытылы және сапалы түрде орналастыру;
  15. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың арыздары мен хаттарын қарау және бөлім мамандарының мерзімінде орындалуын бақылау;
  16. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама талаптарын сақтау;
  17. Microsoft Office бағдарламаларында, ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу 3.18. Ұдайы өзінің кәсіптік деңгейін көтеру;
  18. Өз өкілеттілігі шегінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңының орындалуын қамтамасыз ету,
  19. Ішкі еңбек тәртібін сақтауы.

"А" блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.09.2025 – 04.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 мб

Сұхбаттасу күні

09.09.2025

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72533) 5-91-81