Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маман-мемлекеттік құрылыс инспекторы
Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Сәулет
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Көлік құрылысы
- Инженерлік жүйелер және желілер
Функционалды міндеттер
Бөлім басшысының заң аясында жедел нұсқауларын және тапсырмаларын орындайды; Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, өзіне жүктелген және орындауға тапсырылған тиісті құжаттарды уақтылы сапалы орындайды; Құрылыс объектілеріне, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, тексеру жүргізу арқылы сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Түркістан облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінде тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркейді; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Түркістан облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінде тексерулер нәтижесі бойынша жабу талонын тіркейді; Тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы актісі жасалады, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады; Лицензиялау, аттестаттау және ұйымдастыру инспекторлық жұмыс бөліміне есепке алу үшін тексеруді тағайындау туралы және тексеру нәтижелері туралы актілерінің тұпнұсқасын ұсынады; Әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша құқық бұзушылармен жұмыс жасайды; Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарламаларды қарайды, құжаттардың толықтығын және олардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың белгіленген талаптарына сәйкестігін анықтайды, егерде Басқарма басшысының бұйрығымен нақты лауазымды тұлғаға жүктелмеген болса; Объектілердің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарламалардың мониторингін және талдауын жүзеге асырады, егерде Басқарма басшысының бұйрығымен нақты лауазымды тұлғаға жүктелмеген болса; Объектілердің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарламаның дұрыстылығын қарауға жеке жауапкершілікте болады, егерде Басқарма басшысының бұйрығымен нақты лауазымды тұлғаға жүктелмеген болса; Пайдалануға берілетін салынып жатқан, қайта жаңартылып жатқан объектілердің жай-күйі, сапасы және дайындығы туралы басшылықты хабардар етеді, егерде Басқарма басшысының бұйрығымен нақты лауазымды тұлғаға жүктелмеген болса; Салынып жатқан (қайта жаңартылатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) және пайдалануға берілген объектілердің мониторингін жүзеге асырады; Объектілерді салу кезінде тапсырыс берушінің (меншік иесінің) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруын және жүзеге асыруын бақылауды жүзеге асырады; Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асырудың мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртібін техникалық және авторлық қадағалаудың сақталуын бақылауды жүзеге асырады; Салынып жатқан және қайта жабдықталып жатқан объектілердегі апаттар мен құлау себептерін тексеру бойынша комиссияларға қатысады; Лицензиялау, аттестаттау және ұйымдастыру инспекторлық жұмыс бөлімімен бірлесіп (келісім бойынша) Басқарманың қызметіне байланысты құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта және басқа органдарда Басқарманың мүддесін білдіреді; Басқарма құзіреті аясында заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы құқықтық, нормативтік және техникалық актілер бойынша түсініктеме береді; Кіріс хат-хабарларды, жеке және заңды тұлғалардың «E-otinish», «Documentolog» (электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі) бағдарламалары бойынша келіп түскен өтініштерін заңда белгіленген мерзімде қарайды және «Е қызмет» бағдарламасымен жұмыс жасайды; Бөлімнің атынан өз құзыреті шегінде әрекет етеді және барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда оның атынан өкілдік етеді; Іс қағаздарын және қызметтік хат алмасуларды мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді.
"А" блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.kadr@ontustik.gov.kz
- 09.09.2025
- «Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат
-
8 (72533) 5-91-81