Түркістан облысы бақылау жөніндегі басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

D-О-1 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

688752

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Сәулет және құрылыс
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Сәулет
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Құрылыс
  • Жобаны басқару

Функционалды міндеттер

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы субъектілердің қызметіне бақылауды және қадағалауды жүргізу;

2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен жүргізу;

3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;

6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;

7) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 320-бабында көрсетілген шараларды іске асыруды қамтамасыз ету;

10) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы:

жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғына, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарлануына;

хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына;

лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның бар-жоғына;

орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгiне;

мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыс сапасын өзiндiк өндiрiстiк бақылаудың және қадағалаудың барлық (кiру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлерi мен нысандарын ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;

атқарушылық құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресiмделуiне;

объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;

техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын жүзеге асырады;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

12) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болу;

13) Басқармасының құзырына кіретін мәселелер бойынша  мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда Түркістан облысы әкімдігі атынан өкілеттік етуге және тиісті хат алмасуға, өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу; 

14) белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен байланысты жүзеге асыруға, олардан қызметі үшін қажетті мәліметтер мен материалдарды сұратуға және алу; 

15) Қазақстан Республикасының құрылыс заңнамасы талаптарының орындалуы бойынша белгіленген тәртіппен және құзыреті шегінде тексеруді және мемлекеттік бақылаудың басқа да нысандарын жүзеге асыру; 

16) Басқармасының құзырына кіретін мәселелерді талқылау бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

17) Түркістан облысы әкімдігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, уәкілетті жергілікті атқарушы органдардан, жұмыс берушілерден (заңды тұлғалардан), жеке тұлғалардан, сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардан талдау жұмысын қамтамасыз етеді және «Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасына» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттық сипаттағы анықтамаларды белгіленген тәртіппен сұратады және алу;

18) Басқарманың стратегиялық және операциялық жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету;

19) Басқарма жұмысының мәселелері бойынша қалалар мен аудандардың әкімдерімен, облыстың салалық Басқармаларымен және аумақтық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;

20) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  және лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдаланушылықтың алдын алу;

21) Басқармаға республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген  қаржылардың мақсатты жұмсалуын және игерілуін қамтамасыз ету;

22) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Премьер-Министр Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының тиісті құрылымдарымен ұйымдық және ақпараттық байланыстарды қамтамасыз ету;

23) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне жататын  басқа да мәселелер бойынша  облыс  әкімдігінің  қаулылары және облыс әкімінің  шешімдері мен өкімдерінің  жобаларын  дайындауға қатысу;

24) өз орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық  бөлімшелері басшыларының  міндеттерін, өкілеттіктерін, Басқарма жұмысының регламентін  бекіту;

25) қолданыстағы заңнамада және Басқарма туралы ережеде айқындалған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру, сондай-ақ Басқармаға облыс әкімі және облыс  әкімдігі  жүктеген  өзге де міндеттерді атқару кіреді.

Басқарма басшысының міндеттеріне Қазақстан Республикасының құрылыс заңнамасының орындалуы бойынша мемлекеттік саясатты дамыту бойынша өзге де міндеттер мен функциялары кіреді.

«Е-қызмет» персоналды басқарудың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін қолдануды қамтамасыз етеді.

«Е-өтініш» Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы» жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жолданымдарына уақытылы жауап берілуін қамтамасыз етеді және қабылданатын шешімдердің заңдылығына дербес жауаптылықта болады.

Түркістан облысы әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуына жауапты.

"А" блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.05.2025 – 14.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 МБ

Сұхбаттасу күні

20.05.2025

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72533) 5-91-81