Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы су ресурстар бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

D-О-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Гидрология
  • Топырақтану және агрохимия

Функционалды міндеттер

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
  • өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызметтік мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыру;
  • басқарма басшысының бұйрықтарын, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын, тапсырмаларын орындау, бөлім қызметіне басшылық жасау;
  • лауазымдық міндеттерді сапалы және уақтылы орындау;
  • басқарма басшысы мен оның орынбасарларының, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
  • «Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су жеткізу және уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау» бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау;
  • «Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау;
  • «Ерекше авариялы су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру» бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау;

- мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізу;

- су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

- бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады,   су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолдану;

- су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын бақылау;

- судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындармен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға берудi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, түбiн тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiсу;

- тиісті аумақтарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу;

- су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

- тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асыру бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру;      

  • басқарма және бөлімнің қызметіне байланысты іссапарларға шығу;
  • мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтау;
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдеп кодексі талаптарын бұлжытпай орындау;
  • мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де  құпияны сақтау;
  • қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыру;
  • басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу, өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жағдайлары туралы басқарма басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлау;
  • сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу.

"А" Блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.04.2025 – 04.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 МБ

Сұхбаттасу күні

10.04.2025

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72533) 5-91-81