Түркістан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

D-О-1 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

688752

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Жобаны басқару

Функционалды міндеттер

1) облыс әкімдігімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалардың ұтымды және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.

4) тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ұсынған тапсырманы қарастыру;

5) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеу және бекіту;

6) конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

7) конкурстық не аукциондық комиссияның құрамын айқындау және бекіту;

8) заңнамада белгіленген тәртіппен сараптау комиссиясын құру немесе сарапшыны айқындау;

9) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;

10) конкурстық құжаттаманың және аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру;

11) тапсырыс берушіге мәліметтері мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жіберу;

12) заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау;

13) заңнамада көзделген жағдайларда конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне есептеуді немесе әлеуетті өнім берушіге қайтаруды қамтамасыз ету;

14) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жіберу;

15) бір көзден алу тәсілімен әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жіберу;

16) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы сотқа қуынымдарды жіберу;

17) облысының аумағында дамудың негізгі бағыттары, мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізу;

18) тапсырыс беруші Басқарманың мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы деп таныған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуді жүзеге асыру;

19) Басқарма басшысы өз құзыреті шегінде Басқарма тарапынан шарттар, келісімдер жасасу;

20) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Премьер-Министр Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының тиісті құрылымдарымен ұйымдық және ақпараттық байланыстарды қамтамасыз ету;

21) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне жататын  басқа да мәселелер бойынша  облыс  әкімдігінің  қаулылары  және облыс әкімінің  шешімдері мен өкімдерінің  жобаларын  дайындауға қатысу;

22) өз орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық  бөлімшелері басшыларының  міндеттерін, өкілеттіктерін, Басқарма жұмысының регламентін  бекіту;

23) қолданыстағы заңнамада және Басқарма туралы ережеде айқындалған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру, сондай-ақ Басқармаға облыс әкімі және облыс  әкімдігі  жүктеген  өзге де міндеттерді атқару кіреді.

Басқарма басшысының мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту бойынша өзге де міндеттер мен функциялары кіреді.

«Е-қызмет» персоналды басқарудың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін қолдануды қамтамасыз етеді.

«Е-өтініш» Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы» жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жолданымдарына уақытылы жауап берілуін қамтамасыз етеді және қабылданатын шешімдердің заңдылығына дербес жауаптылықта болады.

Түркістан облысы әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуына жауапты.

"А" блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.03.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.03.2025 – 13.03.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 МБ

Сұхбаттасу күні

18.03.2025

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72533) 5-91-81