Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қаржыландыру бөлімінің бас маманы
Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысы
243701
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Математика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Жобаны басқару
- Халықаралық экономикалық қатынастар
Функционалды міндеттер
1) республикалық, облыстық бюджеттен жол және көлік салаларына қаржы бөлуді ұйымдастыру, бөлінген қаржылардың тиімді және сапалы жұмсалуын қамтамасыз ету;
2) облыс аумағындағы жоспарланған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және елді мекен көшелеріне қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына қаржы бөлу;
3) автомобиль жолдарының дамуына республикалық және облыстық бюджеттен бөлінетін қаржылардың бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және орындалуын ұйымдастыру;
4) автомобиль жолдарын дамыту бағдарламаларын іске асыру барысындағы ақпараттарға талдау жасау, мониторинг жүргізу және есептерді белгіленген уақыттарда тапсыру;
5) жетекшілік ететін салаға инвестицияларды тартуға ықпал ету, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын инвестициялық және инновациялық жобалардың тізбесіне ұсыныстар дайындау, ішкі инвстициялық саясатты жүзеге асыруға, сондай-ақ шетелдік инвестицияландыру процессіне қатысу;
6) бюджетті нақтылау барысында енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша бюджеттік өтінім дайындау, бюджеттік бағдарлама әзірлеу, облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасына тиісті құжаттарды ұсыну;
7) үш жылдық кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына ұсыныстар әзірлеу және бюджеттік өтінім дайындау, басқарманың бюджеттік бағдарламаларын бекітуді және оларға тиісті өзгерістерді енгізуді қамтамасыз ету, тиісті органдарға тапсыру жұмыстарын жүргізу; басқарманың бюджеттік бағдарламаларын орындалуы туралы есеп тиісті органдарға тапсыру;
8) облысының даму бағдарламасында басқармаға қатысты индикаторлардың орындалуы бойынша ақпарат әзірлеу, тиісті мекемелерге ұсынуды қамтамасыз ету;
9) «Мекеме» және «Ашық бюджет» порталдарына тиісті ақпаратты енгізу;
10) Ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын ұйымдастырады.
11) басқарма қызметкерлерін еңбек жалақысын жәнежалақысына есептелген әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік салықты уақытылы аудару; кезекті еңбек демалысы мен басқа да көрсетілетін көмек қаржыларының заңдылықтарын анықтап, бұйрық негізінде уақытылы аудару; іссапар есебі бойынша, берілген бұйрық негізінде іссапарға шыққан қызметкерлерге алдын ала төлем негізінде қаржы тағайындауды жүргізу;
12) мердігерлермен келісім-шарттың орындалуы туралы: алдынала төлем мен келісім шарттың 5%-н ұстап қалу, қаржыландыру мен авансты өтеу кестесімен жұмыстар жүргізу, мерзімі бойынша кепілдеме міндеттемелерімен жұмыс жасау, мердігерлердің 1% және 3% қаржыларын аудару, айыппұлдарды ұстау, нысандар бойынша салынған айыппұл, түзілген келісім-шартқа қосымша келісімдерді дайындап-тіркеу, облыстық бюджетке қаржыларды аудару;
13) басқарманың бас кітабымен, айналым-сальдолық ведомостімен, аналитикалық және синтетикалық есептермен жұмыс жүргізу, айды қорытындылау.
14) басқарма активтерімен жұмыс жүргізу, негізгі құралдар мен қорларды есепке алу, түгендеу жүргізу, 1С бағдарламасында рәсімдеу, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және есептен шығару.
15) басқарма қызметшілерінің мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу және жеке келісім шарт негізінде жұмыс істейтін қызметшілердің еңбек өтілін белгілеу бойынша бекітілген хаттамаға сәйкес, басқарманың мемлекеттік және келісім шарт негізінде қызмет атқаратын қызметшілердің штаттық кестесін бекіту және толықтырулар мен өзгерістер еңгізу.
16) қазынашылық, мемлекеттік кірістер департаменті, қаржы басқармасы, экономика басқармасы, статистика департаменті мен жұмыспен қамту басқармасына айлық, тоқсандық, жылдық есептіліктерін уақытылы тапсыру.
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында және басқа да нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыруға.
18) «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, жауап беру.
"В" блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.kadr@ontustik.gov.kz
- 18.11.2024
- «Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат
-
8 (72533) 5-91-81