Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

1) Бөлімге қатысты мемлекеттік сатып алу конкурстарын сала бойынша нормативтік-құқықтық актілерде көзделген мерзімде мемлекеттік сатып алу «Веб-порталында» жариялануы мен өткізілуін қамтамасыз ету.

2) Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда басқарманың  құзыретiне жататын мемлекеттік сатып алуға қатысты мәселелер бойынша түсiндірме дайындау және оның дұрыстығын қамтамасыз етіп бұрыштама қою.

3) Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастырады, қабылданған шешімдердің жобасын дайындайды, оны мемлекеттік сатып алу «Веб-порталында»  орналастыру.

4) Бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мерзімінде қаралып, оның шешілуін қамтамасыз ету.

5)  Бөлімнің міндетіне жататын жұмыстарды ұйымдастыру және орындау;

6)  Басшылық тарапынан өзіне міндеттелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.

7)  Мемлекеттік  сатып  алу  конкурсына  қатысатын әлеуетті өнім жеткізушілерге қойылатын біліктілік талаптардың заң шеңберінде орындалуын бақылау.

8) Облыс әкімінің (орынбасарларының) және басқарма, бөлім басшысының  тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау, орындалуын ұйымдастыру. 

9) Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық (аукциондық) комиссия құру туралы шешім жобасын әзірлеу, жұмыстарды сатып алу бойынша құжаттарды дайындау, сатып алуды өткізу туралы электронды өтінімнің толықтығын және жобалық сметалық құжаттамамен сәйкестігін тексеру.

10) Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін «Мемлекеттік сатып алу туралы»                     ҚР Заңының талаптарына сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

11) Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес басқарма басшысының шешіміне сәйкес конкурстық (аукциондық) комиссияның хатшысы, мүшесі болу.

Конкурстық (аукциондық) комиссия хатшысы болған жағдайда:

  1. веб-порталда конкурстық құжаттаманы қалыптастыру;
  2. веб-порталда конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруды, конкурсқа қатысу өтінімдерін ашу хаттамасын, бар болған жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманы, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды веб-порталда жариялау;
  3. веб-порталда сараптау комиссиясының немесе сарапшының қорытындысын жариялау;
  4. конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін қамтамасыз ету;
  5. конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, оларды тартқан жағдайда, сараптау комиссиясына не сарапшыға әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстардың, тауардық, қызметтің техникалық ерекшеліктерін олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында ұсыну;
  6. өтінімдерді қайта қабылдаудың белгіленген мерзім өткеннен кейін, веб-порталдың көмегімен біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау рәсіміне бастама жасау;
  7. конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялау;

Қағидамен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурстық (аукциондық) комиссия мүшесі болған жағдайда:

  1. біліктілік талаптарына, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімдерді конкурстық комиссияның веб-портал арқылы қарау;
  2. веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілер тізбесін олардың сай келмеу себептерін және жетіспейтін құжаттар туралы ақпаратты не әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келтіруге арналған мәліметтерді көрсете отырып айқындауына шешімін беру;
  3. веб-портал арқылы конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін және шартты жеңілдіктер мөлшерін айқындауына пікірін білдіру;
  4. конкурстық (аукциондық) комиссияның конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің берген өтінімдерінде тауарлар, көрсетілетін қызметтердің ең үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктер) сарапшы не сараптау комиссиясының (оларды тартқан жағдайда) пікірін ескере отырып айқындауға қатысу;
  5. әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы, атқарушылық құжаттар бойынша борышкерлер бөлігінде олардың жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуін нақтылау мақсатында уәкілетті органдардың интернет-ресурсіне орналастырылған ақпаратты қарау.

Қағидамен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Өткізілген сатып алулар туралы салалар бойынша, тапсырыс берушілер және бюджеттік бағдарламалар кесіндісінде ақпаратты дайындау.
  2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында әлеуетті өнім берушілердің өтінімінде қамтылған мәліметтердің Қазақстан Республикасындағы Заңдарына және конкурстық талаптарына сәйкестігін және заңдылығының сақталуын бақылау және ұйымдастыру.
  3. Құқықтық құжаттамаларды әзірлеу процесіне қатысу.
  4. Аяқталған және өндірістегі төрелік және сот істерінің орындалу есебін жүргізу, сақталуын бақылау.
  5. Конкурсты ұйымдастыру барысында әлеуетті өнім берушілердің өтініміндегі материалдарда қамтылған мәліметтерге құқықтық баға беру.
  6. Құқықтық сипаттағы қорытындыларды беру.
  7. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді.

"А" блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 24.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.10.2024 – 05.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 МБ

Сұхбаттасу күні

12.11.2024

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72533) 5-91-81