Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы (2 бірлік)
Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
1) Құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беру, ҚР Президенті Жарлықтары, Үкімет қаулылары мен өкімдері, облыс әкімі шешімдері мен өкімдері, облыс әкімдігі қаулыларын орындау;
2) Басқарманың негізгі функционалдық қызметтері бойынша облыс әкімдігінің қаулылары мен шешімдерінің жобасын жасауға қатысу;
3) Мемлекеттік сатып алулар бойынша өткізілген конкурстарға қойылған талап-арыздар мен ұсынымдар бойынша жұмыс жасау, сот процестеріне қатысу;
4) Құқықтық маңызы бар құжаттарды дайындауға қатысу және әзірлеу;
5) Басқарманың құрылымдық бөлімдеріне құқық жұмыстары бойынша құқықтық құжаттарды дайындау мен ресімделуіне және талаптарды қайтару жауаптарын негізді дайындауда әдістемелік көмек көрсету, құқықтық сабақтар ұйымдастыру;
6) Лауазымды тұлғалар мен басқарма қызметкерлерінің қызметтеріне қарасты қолданыстағы заң актілері мен оларға енгізілген өзгерістер туралы таныстырып, хабардар ету;
7) Басқарма қызметінде заңдылықтардың сақталуын бақылау;
8) Мемлекеттік сатып алу конкурстарына жүргізілетін мониторинг жұмыстарын заң талаптарына сәйкес жүргізу;
9) Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда басқарманың құзыретiне жататын мемлекеттік сатып алуға қатысты мәселелер бойынша түсiндірме дайындау және оның дұрыстығын қамтамасыз етіп бұрыштама қою;
10) Бөлімге жоғарғы органдардан түскен хаттар мен хаттамалық тапсырмалардың, жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағым, өтініштерінің мерзімінде қаралып, оның шешілуін қамтамасыз ету;
11) Бөлімнің міндетіне жататын жұмыстарды ұйымдастыру және орындау;
12) Басшылық тарапынан өзіне міндеттелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету;
13) Облыс әкімінің (орынбасарларының) және басқарма, басшының орынбасарларының, бөлім басшысының тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағым, өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау, орындалуын ұйымдастыру;
14) Бағынысты қызметшілері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың отставкасы және жауапкершілігі институтын іске асыру бойынша іс-әрекеттер алгоритмін жүргізу, ақпарат дайындап ұсыну;
15) Мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу, ақпарат ұсыну;
16) Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес басқарма басшысының шешіміне сәйкес конкурстық (аукциондық) мүшесі болу;
Конкурстық (аукциондық) комиссия мүшесі болған жағдайда:
- біліктілік талаптарына, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімдерді конкурстық комиссияның веб-портал арқылы қарау;
- веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілер тізбесін олардың сай келмеу себептерін және жетіспейтін құжаттар туралы ақпаратты не әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келтіруге арналған мәліметтерді көрсете отырып айқындауына шешімін беру;
- веб-портал арқылы конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін және шартты жеңілдіктер мөлшерін айқындауына пікірін білдіру;
- конкурстық (аукциондық) комиссияның конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің берген өтінімдерінде тауарлар, көрсетілетін қызметтердің ең үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктер) сарапшы не сараптау комиссиясының (оларды тартқан жағдайда) пікірін ескере отырып айқындауға қатысу;
- әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы, атқарушылық құжаттар бойынша борышкерлер бөлігінде олардың жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуін нақтылау мақсатында уәкілетті органдардың интернет-ресурсіне орналастырылған ақпаратты қарау.
- Қағидамен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
- Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету;
- ДК, Word, Excel, ЭҚАБЖ, «Е-қызмет», «е-Өтініш», ПБЫАЖ жұмыс істей білуі;
- Бас маманның міндеттеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамамен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша өзге де міндеттер мен функциялары кіреді.
"А" блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.kadr@ontustik.gov.kz
- 12.11.2024
- «Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат
-
8 (72533) 5-91-81