Түркістан облысы Келес ауданы әкімінің орынбасары
Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Сәулет
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұнай газ ісі
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Көлік құрылысы
- Жобаны басқару
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Функционалды міндеттер
Аудан аумағында термалды су ұңғымаларының пайдаланылуын ұйымдастыру, бюджет есебінен салынып жатқан құрылыстардың мерзімінде әрі сапалы аяқталуын бақылау, елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалау, таза ауыз сумен қамту жұмыстары, байланыс тораптарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету, электр және газ кешендерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету жалпы коммуналдық шаруашылықтың нәтижелі дамуы мен тиімді қызмет ету мәселелері, мекен жай тіркелімі ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу жұмыстарын ұйымдастыру, аудан аумағындағы елді мекендерде қызыл сызықта орналасқан заңсыз немесе заң бұзушылықпен газ, су құбырлары, электр желілері телекоммуникация торабының қорғау аумағында салынған құрылыс нысандары ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыру, аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ, ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекітуді іске асыру, жалпыға бірдей әскери міндеттілік, елді мекендердің бас жоспарлары мен оңтайландырылған жоспарларын дайындауды ұйымдастыру, орын алған жол көлік оқиғаларының карталарына топографиялық талдау жүргізе отырып, авто жолдардың авариялық-қауіпті аймақтарын анықтап, кемшіліктерді жоюға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, Абай ауылы аумағындағы көлік кептелісін жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізуді үйлестіру, көше-жол торабын жарықтандыру, бейне-бақылау камераларын орнату, тротуарлар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жасақтауды жүргізу, темір жол жүйесінің қалыпты жұмысы, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын пайдалану мен күтіп ұстау, автомобиль көлігі қозғалысын ұйымдастыру, автотұрақтар жұмысын бақылауды ұйымдастыру, облыстық тиісті салалық басқармалар, аудан аумағындағы мемлекеттік бюджет есебінен құрылыс жүргізіп жатқан мердігер және осы құрылыстың жобасын жасаушы, сапасын бақылап, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар, жылжымайтын мүлікті техникалық түгендеу жөніндегі мемлекеттік ұйымдар.
Мынадай:
1) аудан аумағында мекен жай тіркелімі, аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары мен оңтайландырылған жоспарларын дайындау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) құрылысы аяқталған нысандарды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының;
3) құрылыс салуға арналған жер учаскелерін таңдау комиссиясының;
4) жылу беру маусымына дайындықты және өткізуді ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссиясының;
Әр ай сайын аудан әкіміне комиссиялардың жұмыстары және бағдарламаның орындалу барысы бойынша мәлімет береді.
Мыналардың:
1) «Келес ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің;
2) «Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыстарына жетекшілік етеді және жұмысын үйлестіреді.
Өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің жұмыстарын үйлестіреді.
Төмендегі мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдармен байланысты жұмыстарды үйлестіреді, өзара іс-қимыл жасайды:
облыстық тиісті салалық басқармалар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Қазпочта» және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамыныңоблыстық және аудандық бөлімдері, газ, электр қуатын және ауыз суды тасымалдау мен тарқату жұмыстарымен айналысатын ұйымдар, аудан аумағындағы мемлекеттік бюджет есебінен құрылыс жүргізіп жатқан мердігер және осы құрылыстың жобасын жасаушы, сапасын бақылап, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар, автомобиль жолдарын күтіп ұстайтын ұйымдар, автомобиль тасымалымен айналысатын ұйымдар, автокөлік бақылау инспекциясы органдары мен жол полициясы органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі әскери бөлімдері, кеден бекеттері, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер, автомобиль жолдарын күтіп ұстайтын ұйымдар, автомобиль тасымалымен айналысатын ұйымдар, автокөлік бақылау инспекциясы органдары мен жол полициясы органдары.
Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарап, түскен өтініштер бойынша жұмыс жүргізу барысын бақылайды және заңда белгіленген мерзімде жауап береді.
Орындалуы жүктелген аудан әкімдігінің қаулылары, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жүзеге асырылуы бойынша аудан әкіміне әр тоқсанда қызметтік хат береді.
Жұмыс уақыты режимінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Аудан әкімі орынбасарының құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешуге жатқызылуы мүмкiн.
Гидромелиорация, Картография, Көлік, Бейорганикалық заттар технологиясы мамандықтарын қоса алғанда.
"А" блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.kadr@ontustik.gov.kz
- 30.10.2024
- «Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат
-
8 (72533) 5-91-81