Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің басшысы
Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Математика және статистика
- Информатика
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Қаржы
- Жобаны басқару
Функционалды міндеттер
1) Бөлім жұмысын ұйымдастыруға, реттеуді және жоспарлауды жүзеге асыруға;
2) Бөлімге жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
3) Бөлім қызметкерлерінің жұмысын жоспарлауды, бақылауды, ұйымдастыруды және талдауды жүзеге асыруға, Бөлімде өзара алмастыруды қамтамасыз етуге;
4) Бөлім жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыруға, басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеуге;
5) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға;
6) Бөлімге келіп түсетін құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, олардың орындалу сапасы мен уақтылығына талдау жүргізуге;
7) Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін белгілеу;
8) мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингілеуді уақтылы жүзеге асырылуын қадағалау;
9) Бөлімнің қызмет саласына кіретін мәселелер бойынша қызметкерлеріне орындалуға міндетті тапсырмаларды беру;
10) Басқарманың және бөлімнің жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;
11) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдап және шығыс хат-хабарларға қол қою;
12) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Басқарма басшылығының тапсырмалары бойынша материалдарды және қорытындыларды дайындау жөніндегі жұмыстарды бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды үйлестіріп, сондай-ақ оларды тиісті орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
13) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету, келісу кезінде Бөлімнің жұмысын үйлестіріп, мемлекеттік қызмет көрсету саласында бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін келісуді қамтамасыз ету;
14) Мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанын көздейтін мемлекеттік қызметтердің қағидалар және оның стандарттары жобаларын қарауды қамтамасыз етуге;
15) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында нормативтік әдістемелік қорды, ақпараттық жүйелерін құру мен дамыту үшін әдістемелік қорды, ақпараттық жүйелердің өзара ақпараттық іс-қимыл ережесін әзірлеу және дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
16) Жыл сайын уәкілетті органдар жүргізген Түркістан облысының мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиімділігін бағалау нәтижелері негізінде бағалау өлшемшарттарының көрсеткіштерін жақсарту бойынша талдау жүргізуге және шаралар әзірлеуге және оларды Басқарма басшысына талқылауға енгізуге;
17) Мемлекеттік қызметтер көрсетуді бағалау үшін ақпараттық-талдау материалдарын сапалы дайындауды және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етуге;
18) Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
19) Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауға;
20) Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орындауға міндетті.
21) Түркістан облысы әкімдігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша іс-шараларды үйлестіру және жұмыстар жүргізу және бөлім құзыреті шеңберінде жобалармен айналысу, бақылау және қадағалау;
22) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша іс-шараларға қатысу;
23) Мелекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және бағынышты ұйымдармен өзара әрекеттесу қызметін ұйымдастыру;
24) Бөлімнің құзыреті шеңберінде қызметтер, тауарлар және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру;
25) Өз құзыреті шегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізуге;
26) Қызметтік әдепті сақтауға;
27) Басқарма басшысының, басқарма басшысы орынбасарының тапсырмаларын бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орындауға;
28) Мемлекеттік қызметтердің сапалы қоғамдық бақылау бойынша жұмыстарды қадағалауға;
29) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, бөлім қызметкерлері сапалы және уақытылы орындалуын қадағалау;
30) басқарманың пайдалануындағы (иелігіндегі) өзіне тиесілі активтер үшін дербес жауапты болады;
31) еңбек шартының немесе келісімнің (жұмыстан шығарудың) қолданылу мерзімі өткеннен кейін басқарманың пайдалануындағы (иелігіндегі) өзіне тиесілі активтерін қайтарады;
32) Түркістан облысының аумағында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
33) өз құзыреті шеңберінде басқарманың ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
34) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою үшін бірінші басшыға ұсыныс енгізеді.
35) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
36) Бөлім басшысының өзге де міндеттеріне Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша өзге де міндеттер мен функциялар кіреді.
"А" блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.kadr@ontustik.gov.kz
- 30.10.2024
- «Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат
-
8 (72533) 5-91-81