Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы (кадр)

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243701

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Психология
  • Экономика
  • Әлемдік экономика
  • Жобаны басқару

Функционалды міндеттер

  1. Басқармада еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
  2. Басқарманың кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізуді қамтамасыз ету;
  3. Бағалау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;
  4. Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметінен босату рәсімдері заңдылығының сақталуын қамтамасыз ету;
  5.        Кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету;
  6. Басқарманың кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау;
  7. Басқармада тәлімгерлікті ұйымдастыру;
  8. Басқарманың кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау,  біліктілігінарттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;
  9. Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру;
  10. Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізуді, еңбек кітапшаларына тиісті жазбалар енгізуді, қызмет тізімін толтыруды, бағалауды, аттестаттауды және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асыру;
  11. Уәкілетті органның бекіткен нысандары бойынша мемлекеттік қызметшілер туралы сандық және сапалық құрамы, кадр тұрақтылығы, кадр ауысушылдығы туралы есептерді, бос лауазымдар туралы ақпараттарды, айлық, тоқсандық есептер мен мәліметтерді және өзге де қажетті ақпараттарды мерзімінде ұсыну;
  12. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;
  13. Басқарма қызметкерлерінің жыл сайынғы еңбек демалысының кестесін құру, жыл сайынғы табыс салығы туралы мәліметті салық органдарына мезгілінде тапсыруын, іссапарлар және жеке құрам жөнінде бұйрықтарының уақтылы ресімделуін ұйымдастыру; 
  14. Қалалық әскери комиссариатқа есеп ұсыну;
  15. Мемлекеттік органдардың интранет порталындағы (МОИП) басқарма мәліметтерін тұрақты өзектендіруді қамтамасыз ету;
  16. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, грамота, алғыс хаттармен марапаттауға үміткерлер бойынша ұсыныстарды және тиісті құжаттарды әзірлеу және ұсыну кіреді.

17. ДК, Word, Excel, SkyDocs, «Е-өтініш», «Е-қызмет», «Документолог» жұмыс істеу және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді меңгеру.

 

"В" Блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.09.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.09.2024 – 27.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 МБ

Сұхбаттасу күні

03.10.2024

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72533) 5-91-81