Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының электр қуатымен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ядролық физика
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
  • Жобаны басқару

Функционалды міндеттер

1) Бөлімдегі өзіне бекітіліп берілген міндеттердің орындалуын жауапкершілікке алады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жоғары органдардың қаулысын, облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін және басқарма басшысы, басшының орынбасары және бөлім басшысы тапсырмаларының белгіленген мерзімде жүзеге асыру;

2) Облыстағы тұрғын үй-коммуналдық-шаруашылық бөлімдері мен мердігер, техникалық, авторлық қадағалаушы ұйымдармен мерзімінде келісім-шартқа тұруын, құрылысқа рұқсат алу, құрылыс жұмыстарының мерзімінде басталуы, аяқталуын қадағалайды, өндірістік жұмыс кестелерін түзуді ұйымдастырады және нысандардың құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына зерделеу жұмыстарын жүргізу;

3) Облыстың электр энергетика саласының қорытынды жұмыстары туралы анықтама, ақпарат, іс-шара құжаттарын дайындау;

4) Облыс елді мекендерін сапалы электрмен қамтамасыз ету, энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру салаларындағы іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру;

5) «Түркістан облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын» іске асыру бойынша жұмыстарын жүргізеді. Кешенді жоспарға сәйкес, 110-220 кВ-тық қосалқы станциялардың электр желілері жобаларына жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу және құрылыс жұмыстарын іске асыруды жүргізу;

6) Облыстың Мақтарал, Жетісай, Сарыағаш, Келес, Шардара аудандарына электрмен қамтамасыз ету саласына жетекшілік етіп, елді мекендерінің сапалы электр қуатымен қамтылуына мониторинг жүргізу;

7) Облыстағы елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша жоспарланған немесе әзірленіп жатқан жобалау-сметалық құжаттамалары бойынша мониторинг жүргізу;

8) Түркістан облысының энергия үнемдеу кешенді жоспарының тиісті тармақтарының орындалуына мониторинг жүргізу және орындалуы туралы туралы есеп, анықтама, мәліметтерді даярлау;

9) Белгіленген тәртіп бойынша электроэнергетика саласы кәсіпорындарынан өз міндетін атқару үшін ақпараттар алу;

10) Азаматтардың арыз-шағымдары мен кіріс хаттарға белгіленген мерзімде жауап беру;

11) Жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын, мәслихаттың, мәжілістердің хаттамалық тапсырмаларды мерзімінде орындау;

12) «Ашық үкімет» мемлекеттік порталында және басқарманың сайтында бөлімге қатысты бюджет мәселелері бойынша ақпараттар орналастыруға міндетті.

Бас маманның міндеттеріне энергетика және тұрғын үй-коммуналдық саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту бойынша өзге де міндеттер мен функциялары кіреді.

«Е-қызмет» персоналды басқарудың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін қолдануды қамтамасыз етеді.

«Е-өтініш» Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы» жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жолданымдарына уақытылы жауап берілуін қамтамасыз етеді.

Түркістан облысы әкімінің, Басқарма басшысының және жетекшілік ететін басқарма басшысының орынбасарларының хаттамалық тапсырмаларының орындалуына жауапты.

"А" блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.02.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.02.2024 – 04.03.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 МБ

Сұхбаттасу күні

07.03.2024

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72533) 5-91-81