Түркістан облысы әкімі аппараты ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас маманы 1 бірлік:

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

D-4

Орташа лауазымдық айлықақы

116623 - 157326

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық (білім саласы)
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
  • Білім: информатика

Функционалды міндеттер

1) құжаттар, анықтамалар, есептер және басқа да Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдауға қажетті ақпараттарға орнатылған тәртіптер бойынша аудан және қала әкімдіктерінен, облыстық басқармалардан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден сұраныс жасау, қабылдау;

2) жергілікті атқарушы органдармен ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жүргізген жұмыстарды мониторингілеу;

3) жергілікті атқарушы және өзге мемлекеттік органдардан ақпарат жинау және мониторинг жасау;

4) ақпараттық жүйелердегі анықталған ахаулықтар бойынша дайындаған ұсыныстарды мониторингілеу;

5) белгіленген нормаларға сәйкес мерзімдері бұзылуы мүмкін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді (құжаттарды) алдын-ала анықталғанды мониторингілеу;

6)  анықталған мерзімдері бұзылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тиісті шаралар қабылдау жөнінде тиісті уәкілетті тұлғаға дайындалған ұсыныстарды мониторингілеу;

7) өзінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру;

8) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде және келісуде қатысу;

9) өз құзыреті шегінде ағымдағы хат-хабармен жұмыс істеу;

10) қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияның құпиялылық режимін, сонымен қатар құжаттамаларды сақтау режимін қамтамасыз ету; 

11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етілгенін мониторингілеу;

12) облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында барлық қажетті ақпараттарды орналасқаның және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша облыстық жергілікті атқарушы органдардың барлық интернет-ресурстарына мониторинг жүргізу;

          13) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын бақылауда  ұстау;

          14) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қараған өтініштерін мониторингілеу;

15) өз құзыреті шегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  жүргізуге;

16) қызметтік әдепті сақтауға;

17) АҚ ТҚ талаптарының орындалуын бақылауды;

18) АҚ құжаттық ресімделуін бақылауды;

19) АҚ қамтамасыз ету бөлігінде активтердің басқарылуын бақылауды;

20) БҚ пайдаланудың заңдылығын бақылауды;

21) АКТ саласындағы тәуекелдердің басқарылуын бақылауды;

22) АҚ оқиғаларының тіркелуін бақылауды;

23) АҚ ішкі аудитін жүргізуді;

24) АҚ сыртқы аудитінің ұйымдастырылуын бақылауды;

25) АКТ пайдаланатын бизнес-процестер үздіксіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды;

26) персоналды басқару кезінде АҚ талаптарының сақталуын бақылауды;

27) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі АҚ-сының жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.

28) Облыс әкімінің блогына «Ашық диалог» платформасына келіп түскен сұрақтарды мазмұнына сәйкес облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктеріне жолдап, сапалы жауаптарын орналастыруды қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.07.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.07.2020 – 13.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

17.07.2020

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, 160023, Түркістан қалысы, Әкімшілік-іскерлік орталығы

Анықтама алу үшін байланыс

87751291747