"ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы АҚ

"ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы АҚ

"ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 79 қаулысына сәйкес жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор болып табылады.
Қоғам Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халықына Жолдауы шеңберінде 24 мың шақырым жолды реконструкциялау және жол сервисімен қамтамасыз ету міндетін іске асыруға қатысты берген тапсырмасын орындау мақсатында Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында жол бойындағы сервисті дамыту және санитаралық-гигиеналық тораптарды орнату бойынша жұмыстар жүргізеді.
Қоғам әлеуетті инвесторлар үшін қызығушылық тудыратын Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында орналасқан демалыс алаңдарын анықтау бойынша жұмыс жүргізді, атап айтқанда 2021 жылғы 30 қарашада Қоғамның ресми сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде қарқындылығы тәулігіне 3500 және одан жоғары 64 демалыс алаңында санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату бойынша әлеуетті инвесторларды анықтау бойынша инвестициялық конкурс өткізу жөніндегі хабарландыру орналастырылды.
СІЛТЕМЕ: https://kz.qaj.kz/ads/ 

Оқиға күні

05 қаңтар 2022

Оқиға түрі

Конкурс