Түркістан облысы әкімі Н.Көшеровтің Түркістан қаласы тұрғындарымен 19.02.2026 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

Аяқталу нысаны

Орындалу барысы

Мәдениет және туризм саласы

1.       

Қаламыздың символы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қоршап ақылы қылып тастаған. Бұл мәселе неге бұлай болды? Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде бұл мәселе қызу талқыланып жатыр, Бұл уақытша дүние ме әлде ақылы болып қалады ма?

 

Түркістан қаласының тұрғыны Н.Саулебаев

Қаламыздың басты тарихи-мәдени нысандарының бірі – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бойынша жүргізіліп жатқан өзгерістерге байланысты тұрғындарға түсіндірме жұмысын жүргізу.

15.03.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі №772-12қ қаулысымен мемлекеттік қорғауға жататын объектілер тізбесіне енгізілді.

Аталған, тізімге енгізілген объектілер «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы №1151 қаулысына сәйкес мемлекеттік қорғауға жататын нысандар аумағы арнайы қоршаумен қамтылуы қажет. Сондай-ақ, кесененің қауіпсіздігін Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметі қамтамасыз ету талап етілген.

Осыған байланысты, ҚР Үкіметінің жоғарыда аталған қаулысы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағы қоршалды. Аумаққа кіру тәртібі халықаралық және ұлттық музей-қорық стандарттарына сәйкес жаңартылып 2026 жылдың 15 ақпанынан бастап, арнайы қойылған турникеттер арқылы жүзеге асырылуда.

Орталықтандырылған бақылау кесенеге келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мәдени мұраны сақтау үшін жасалған шаралар болып табылады.

(Ақпарат үшін: Кіру ақысы – ересектерге 1000 теңге, студенттер мен зейнеткерлерге 500 теңге, мектеп жасындағы балаларға 300 теңге, ТМД мемлекеттерінің азаматтарына 1500 теңге, өзге де шетел азаматтарына
2000 теңгені құрайды. Жұмыс режимі түскі үзіліссіз, аптаның барлық күндерінде сағат 09:00-ден – 18:00-ге дейін жұмыс жасайды. Кесене-Республикалық маңызы бар тарихи – мәдени ескерткіш, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты музей қорық болып табылады немесе мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын арқылы жүзеге асырылады)

2.       

Туризм саласында 2017 жылғы көрсеткішпен жүрміз. Мен туроператормын. Туристер баратын жаңа нысандармен жұмысты күшейту қажет. Туризм саласын дамытуды қолға алуды сұраймын.

 

Түркістан қаласының тұрғыны Т.Сыздықов

Туризм саласын дамыту мақсатында туристер баратын жаңа нысандарды анықтап, оларды туристік маршруттарға енгізу жұмыстарын күшейту қажет. Түркістан қаласын халықаралық туристік орталыққа айналдыру бойынша жұмысы жүргізу.

 

15.03.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып қайта құрылды.

Бұл ретте, 2018–2025 жылдар аралығында облысымызда туризм саласының негізгі көрсеткіштері бойынша оң серпін қалыптасты.

Атап айтқанда, Түркістан облысына 2025 жылдың қорытындысымен орналастыру орындарында демалғандар саны 500 мың адамға жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда (2018 ж. – 152,1 мың адам) салыстырғанда
3 есе артқан.

Қазіргі таңда, қала аумағында 56 тарихи ескерткіш орналасқан. Оның ішінде, халықаралық маңызы бар – 1 нысан, республикалық маңызы бар – 19 нысан, жергілікті маңызы бар – 5 нысан, алдын ала тізімдегі – 31 нысан.

Түркістан қаласы рухани, тарихи және мәдени туризмнің орталығы ретінде қалыптасу сатысында қала аумағында ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізілімдеріне енгізілген Қ.А.Ясауи кесенесі (мәдени мұра нысаны) орналасқан.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында «Керуен Сарай» көпфункционалды туристік кешені іске қосылды. Инвестиция сомасы – 88,5 млрд. теңге.

Сондай-ақ, 121 нөмірлік қоры бар 5* жұлдызды «Rixos Turkistan» қонақ үйінің құрылысы аяқталды. Инвестиция сомасы – 10,3 млрд. теңге.

Жыл сайын өңірімізге 500 мыңнан астам турист, 1 млн.-нан астам біркүндік келушілер келеді. Келушілер саны бойынша өңір ТОП-2 кіреді (Алматы облысы).

2025 жылы Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында жеке инвестиция есебінен «Қолөнер орталығы» жобасы іске қосылды.

Сондай-ақ, елімізде баламасы жоқ «Есу каналы» пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны 29,7 млрд теңге, аумағы 99,7 гектар, сыйымдылығы – 1 000 орынды құрайды.

Ұлттық спорт түрлеріне шетелдік туристердің қызығушылығы артып келеді.

Ағымдағы жылы ұлттық ойындарымызды және туризмді дамыту мақсатында 99,3 гектар аумаққа «Ипподром» нысаны салынып, пайдалануға беріледі. (Жоба құны – 10 млрд.теңге).

Бұдан бөлек, Қ.А.Ясауи кесенесі маңындағы «Күлтөбе» ескі қалашығын бюджет есебінен аббаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан қаласы мәдени-рухани орталығы аумағында «Yassy hall appartaments» қонақ үй кешені құрылысы жүргізілуде. Инвестиция көлемі – 3 млрд. теңге.

Жоғарыда аталған жобалар мен бастамалар Түркістан қаласын халықаралық туристік орталыққа айналдыруға бағытталған.

Архитектура саласы

3.       

Үйіміздің құжатын рәсімдеу үшін сәулет бөліміне барсақ «Қызыл сызықта» екендігі айтылуда. Қызыл сызық мәселесі қашан шешіледі? 

 

Түркістан қаласының тұрғыны Ж.Мұхтарова

Тұрғынның өтініші бойынша, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілгеннен кейін «қызыл сызыққа» қатысты мәселелерді шешу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

01.05.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Түркістан қаласының қолданыстағы бас жоспары 2020 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №793 қаулысымен бекітілген.

      Аталған мәселе бойынша жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 2024 жылдан бастап бас жоспарға түзетулер енгізу жұмыстары басталды. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары толық аяқталып, 2025 жылдың 20 қарашасында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. 

Бас жоспар ҚР Үкіметімен бекіту үшін тиісті министрліктерге келісуге жолданды. Тиісті құжат ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілгеннен кейін «қызыл сызыққа» қатысты мәселелерді шешу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

4.       

Тұрғын үйлердің меншік құқығын тану бойынша. Тұрғындардың үйінің құжаттарында 3 метр сызық сақталмағандығы, СЭС-тің талаптары, Өрт сөндіру талаптары сақталмады деп азаматтардың өтініштері қанағаттандырылмай тұрғындар құжаттсыз қалуда. Тұрғындардың құжаттарын заңдастыру мәселесі қалай шешіледі.  

 

Түркістан қаласының тұрғыны Р.Әділхан

Тұрғын үйлердің құжаттарында 3 метр сызық мәселесін және тұрғындардың құжаттарын зандастыру мәселесін заң аясында түсіндіру.

15.04.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес мәселені қарау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Қазақстан Республикасының жер және қала құрылысы заңнамасына сәйкес, жер учаскесіне меншік құқығын тану кезінде құрылыс нысанының қолданыстағы құрылыс, санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі міндетті түрде ескеріледі.

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң

21-бап – Қала құрылысы регламенттері

Құрылыс салу бекітілген қала құрылысы құжаттамасына және регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.

60-бап – Құрылыс салу тәртібі

Объектілердің құрылысы жобалау құжаттамасына және құрылыс нормаларына сәйкес жүргізілуі тиіс.

68-бап – Пайдалануға қабылдау

Объектіні пайдалануға беру оның құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкестігі расталғаннан кейін жүзеге асырылады.

3 метрлік арақашықтық талабы – құрылыс нормалары (ҚР ҚН, ҚНжЕ, СП) және елді мекендердің бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары негізінде белгіленеді (қызыл сызықтар, учаске шекарасы).

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

95-бап – Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Объектілерді жобалау, салу және пайдалану санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

96-бап – Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды

Объектінің санитариялық талаптарға сәйкестігі міндетті.

Өрт қауіпсіздігі талаптары

Азаматтық қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы

61-бап – Өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптар

Объектілерді жобалау, салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі нормалары сақталуға тиіс.

64-бап – Өртке қарсы талаптарды сақтау міндеті

Жеке және заңды тұлғалар өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға міндетті.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар тұрғын үй құрылысы үшін міндетті және олар 2022 жылғы № ҚР ДСМ-52 бұйрықпен бекітілген қағидаларда көрсетілген. Бұл құжат тұрғын үйді жобалау, инсоляция, санитариялық-қорғау нормаларын нақты белгілейді.

Егер құрылыс барысында жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда, сәулет бөлімі жер учаскесіне меншік құқығын тану туралы оң қорытынды беруге құқылы емес.

ҚР ЕЖ (Қазақстан Республикасының Ережелер Жинағы) –
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қолданылатын міндетті немесе міндеттілік дәрежесі белгіленген нормативтік-техникалық құжат.

Қазақстан Республикасының «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салу» «ҚР ЕЖ 3.01-101-2013» ережелер жинағының 4.3.6 тармағына сәйкес.

4.3.6 Учаскенің алаңынан арақашықтық тұрғын үйдің қабырғасына дейін 3 м кем емес, шаруашылық құрылыстарына дейін 1 м кем емес болуға тиіс.

Жер саласы

5.       

20 жылдан бері келе жатқан Түркістан қаласының өзекті мәселесі меншік иесін тану, Тұрғын үйлерге меншік құқығын беру кезінде 3 метр ара қашықтық деген талап бар. Не себепті?  Шымкент қаласында 2 метр. Алайда, Бекзат секторындағы жер телімдерін заңдастыру мәселесі шешімін таппай келе жатыр. Азаматтардың қолында түбірі жоқ шешімдер бар.

Осы мәселенің шешімі бар ма? 

 

Түркістан қаласының тұрғыны Б.Садыкова

Түрғынның көтерген мәселесі бойынша тұрғын үйлерге меншік құқығын беружәне түбірі жоқ шешімдерге қатысты мәселені заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.  

Сотқа қатысты мәселе болғандықтан, нақты мерзім белгілеу мүмкін емес.

Түркістан қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес мәселені қарау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Қазақстан Республикасының «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салу» ҚР ЕЖ (Қазақстан Республикасының Ережелер Жинағы) –
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қолданылатын міндетті немесе міндеттілік дәрежесі белгіленген нормативтік-техникалық құжат.

«ҚР ЕЖ 3.01.-101-2013» ережелер жинағының 4.3.6 тармағына сәйкес.

4.3.6 Учаскесінің алаңынан арақашықтық тұрғын үйдің қабырғасына дейін 3 метр кем емес, шаруашылық құрылыстарына дейін 1 метр кем емес болуға тиіс. ҚР жеке тұрғын үй құрылысы кезінде көршілес жер учаскесінің шекарасынан кемінде 3 метр арақашықтық сақтау талабы құрылыс нормаларымен белгіленген. ҚР Жер кодексінің 52-бабының 1-тармағына сәйкес, осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа, үйге (құрылысқа, ғимаратқа) меншік құқығы көрсетілген үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскесiне заңнамада белгiленген тәртiппен меншiк құқығын бiлдiредi. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк заңды тұлғалардың үйге (құрылысқа, ғимаратқа) шаруашылық жүргiзу құқығы немесе жедел басқару құқығы көрсетілген объектілер орналасқан жер учаскесiне белгіленген тәртіппен тұрақты жер пайдалану құқығын бiлдiредi.

Көрсетілген құқықтар бiр-бiрiнен ажыратылмайды.

Өз бетiмен салынған құрылысына ҚР Азаматтық кодексінің 244-бабына сәйкес, сотпен меншік құқығын таныған жағдайда, тұрғын үйінің астындағы жер учаскесіне Әкімдіктен тиісті құқық алуына мүмкіншілігі бар.

Сондықтан, өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тануға байланысты, тек сот органдарына  жүгіну қажет.

Коммуналдық шаруашылық саласы

6.       

2023-2024 жылдары тендер ойнатылып, көше атаулары латын әріптерімен жазылған. Әкімнің өкімінде кириллицамен  жазылсын делінген. Тұрғын үйлердің реттік нөмірлері дұрыс қойылмаған. Ешқандай картасыз реттік нөмірлер қойылған. Сәулет және қала құрылысы және коммуналдық бөліміне бірнеше рет айтылған. Бірақ нәтижесі жоқ.

Түркістан қаласының тұрғыны Р. Әділхан

Көше атауларын ресми құжаттарға сәйкестендіру мақсатында кириллица әрпінде жазу тәртібі сақталып, кейінгі орнатылған тақтайшалар кириллицамен рәсімделді.

Тұрғын үйлердің реттік нөмірлеріне қатысты мәселе қосымша зерделеніп тиісті бөлімдермен бірлесіп, ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі.

30.03.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес мәселені қарау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Сабырханов көшесіндегі атау тақтайшалары 2024 жылы орнатылған. Аталған көшедегі негізгі түсініспеушілік көшеге қарасты тұйықтардың көп болуына байланысты туындап отыр. Тұйық көшелердің орналасу ерекшеліктері мен бұрыннан қалыптасқан нөмірлеу тәртібі бірқатар қолайсыздықтар туғызған.

Алайда, кейіннен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан берілген ескертулерге сәйкес, көше атауларын ресми құжаттарға сәйкестендіру мақсатында кириллица әрпінде жазу тәртібі сақталып, кейінгі орнатылған тақтайшалар кириллицамен рәсімделді.

Тұрғын үйлердің реттік нөмірлеріне қатысты мәселе қосымша зерделенетін болады. Қазіргі таңда, тиісті бөлімдермен бірлесіп, ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі.

7.       

Сауран секторы Көктем тұрғын алқабында электр  жарығы жиі өшеді. Көшемізден бөлек басқада аумақтардада жаңбыр жауса, жел тұрса жарық сөніп қала береді. Қашан қаламыздағы ескі тозығы жеткен  электр желілері жаңартылады?

 

Түркістан қаласының тұрғыны А.Манжиев

Көктем тұрғын алқабында ескі тозығы жеткен электр желілерін жаңарту жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.

30.05.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

 

Сауран секторы, Көктем көшесін электр желісімен қамтамасыз ету «Бірлік тұрғын үй массиві (2-кезек) және жобадан тыс қалған жеті нысанды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысы» жобасы аясында қарастырылған. Қазіргі таңда, Көктем көшесінде электр бағаналары орнатылып, СИП-кабель тарту жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, қосылу жұмыстары жүргізіледі.  

8.       

Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданы, яғни Коммунизм аумағы Нұротау көшесінде кәріз желісі жүргізілген. Кәріз жүйесі толық аяқталмайынша желіге қосылу мүмкіндігі болмауда.

Қашан толық аяқталып, пайдалануға беріледі?

 

Түркістан қаласының тұрғыны Б.Алтаева

Тұрғынның өтінішіне сәйкес, Нұротау көшесінде жүргізілген кәріз жүйесін желіге қосу жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру

15.12.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

 

Түркістан қаласының Отырар секторын сарқынды су желісімен қамтамасыз ету мақсатында «Отырар тұрғын үй аумағының кварталішілік сарқынды су жүйесінің құрылысы            2 кезең» (абоненттік желі) және «Отырар тұрғын үй аумағының кварталішілік сарқынды су жүйесінің құрылысы 3 кезең» жобалары жүзеге асырылуда.  

Аталған жобалар 2026 жылға өтпелі болып табылады. Жоба аясында кәріздік насос станциясын (КНС) орнату жұмыстары қарастырылған.

Жоспарланған жұмыстар толық көлемде аяқталғаннан кейін, Отырар секторы аумағында сарқынды су желісі толықтай пайдалануға беріледі.

9.       

Бекзат мөлтек ауданындағы ескірген, тозығы жеткен ауыз су желілерін қайта жаңарту жұмыстары қашан басталады?

 

Түркістан қаласының тұрғыны Р.Сарсенбаева

Бекзат мөлтек ауданындағы ауыз су желілерін жаңартау жұмыстары бойынша тұрғынға түсіндірме жұмысын жүргізу.

15.12.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес мәселені қарау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Бекзат мөлтек ауданында ескірген ауыз су желісі бұрынғы «Темір-Жол-Су Арыс» ЖШС теңгерімінде болған. 2025 жылдың наурыз айында ауыз су желісі қала әкімідігінің теңгеріміне өткізілді. Ескірген ауыз су желісін жаңарту мақсатында «Түркістан қаласы, Бекзат мөлтек ауданы, тұрғын аумағының кварталішілік сарқынды су жүйесінің құрылысы 2 кезең» жұмыс жобасы бойынша 13.10.2025 ж. № ЭО-0124/25 санды сараптама қорытындысы алынып, салалық басқармаға қаржыландыруға ұсынылды. Бюджет мүмкіншілігіне орай, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары басталатындығын хабарлаймыз.

10.   

«Түркістан жарық тазалық» ЖШС-не тіркелгенбіз, 5 жыл бойы жұмысшылардың зейнетақы қорына және МӘМС қорына ақша аударылмаған. Осыған жауап берсеңіздер?

 

Түркістан қаласының тұрғыны З.Қилыбаева

«Түркістан жарық тазалық» ЖШС – не тіркелген тұрғынның өтінішіне сәйкес, зйнетақы қоры мен МӘМС қорына ақша аударымы бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізу

01.06.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізу

ҚР-ның қолданыстағы еңбек және әлеуметтік қорғау заңнамасына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлер үшін: міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін уақытылы аударылуын қамтамасыз ету қажеттілігі бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желісіне Түркістан қаласының әкімдігінен 23.02.2026 жылғы №40-03-01/992 хаты жолданғанын хабарлаймыз.

 

 

 

Жол саласы

11.   

Шавгар мөлтек ауданында асфальт жолдары салынбаған. Тупик көшелерде асфальт, тас жол жоқ. Жаңбыр жауса батпақ көшеміз, мүмкіндігі шектеулі азаматтар арбасымен жүре алмайды, аяқжол салу мәселесін қарастыруды сұраймын.

Түркістан қаласының тұрғыны Р.Әділхан

Шавгар мөлтек ауданына қарасты көшелерге аяқжол салу жұмыстарын жүргізіп, қолданысқа беру.

15.12.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

2026–2027 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің тарапынан Шауғар секторына қарасты көшелерге сарқынды су желісінің қазба жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Жоспарға сәйкес, Сабырханов көшесінің №4 тұйығына қазба жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар толық аяқталғаннан кейін орташа жөндеу (асфальт төсеу және аяқжол салу) жұмыстарының жоспарына енгізіледі.

Қазіргі таңда аталған көшеге аяқжол салу бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану болып табылады, себебі алдағы уақытта жүргізілетін магистралды және абоненттік қазба жұмыстары барысында жаңадан салынған аяқжол қайта бұзылады.

12.   

Қоғамдық көлікте жолақысы 70 және 100 теңге екі түрлі баға. Қолма қол төлеуде 100 теңге, электронды 70 теңге, осы жағын түсіндірсеңіз?

 

Түркістан қаласының тұрғыны Р.Әділхан

Тұрғынның өтініші бойынша қоғамдық көліктің жолақысы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу.

10.04.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Қоғамдық көлікте сараланған тарифті (қолма-қол ақшамен және электронды картамен төлеу құнының айырмашылығы) енгізу — бұл жай ғана бағаны өзгерту емес, көлік саласын түбегейлі реформалаудың құралы. Бұл шешім саладағы негізгі үрдістерге сүйене отырып қабылданды, атап айтқанда:

1. Қаржылық ашықтық және көлеңкелі экономикамен күрес.

Сараланған тарифтің басты мақсаты — жолаушыларды қолма-қол ақшадан бас тартып, электронды төлемге (карта, QR, SMS) көшуге ынталандыру.

Бақылау: Қолма-қол ақша адами факторларға байланысты тиісті деңгейде жиналмауы мүмкін, ал электронды төлем тікелей автопарктің есепшотына түседі.

Салық: Бұл жүйе көлік компанияларының нақты табысын көруге және салықтың толық төленуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2. Нақты есеп: Электронды жүйе арқылы мемлекет күніне қанша адамның мінгенін, қаншасы жеңілдікпен және тегін жүргенін нақты көреді.

3. ⁠Маршруттық желіні оңтайландыру.

Электронды төлемдер — бұл үлкен деректер қоры.

Жолаушылар ағыны: Қай уақытта және қай бағытта адам көп екенін анықтауға болады. Бұл автобустардың кестесін түзетуге, қажет болса қосымша автобустар шығаруға көмектеседі.

Жоспарлау: Жаңа шағын аудандарға маршруттар жүргізу үшін сұранысты алдын ала болжауға мүмкіндік береді.

4. Қауіпсіздік және сервисті жақсарту.

Жүргізушінің назары: Жүргізуші ақша жинап, қайтарым (сдача) санауға алаңдамауы керек. Оның басты міндеті — жол қауіпсіздігі.

Паркті жаңарту: Табыс ашық болғанда, автопарктер банктерден несие алып, жаңа, заманауи автобустар сатып алуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, сараланған тариф Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Петропавл, Орал, Балқаш, Кентау, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Екібастұз, Талдықорған, Семей, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Тараз, Риддер, Қызылорда қалаларында да енгізіліп, тәжірибеде қолданылуда.

Түркістан қаласында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы Заңының 20-бабына сәйкес, алтын алқа, күміс алқа, батыр ана, бірінші, екінші дәрежелі ана даңқымен наградталған көп балалы аналар, сондай-ақ, бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамдық көлікте тегін тасымалдануда. Ал, 7-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары тариф құнынан 50% жеңілдікпен тасымалдануда.

13.   

Өзіңізге белгілі қала аумағы үлкейіп, халық саны көбеюде автобустар лық толы, міну қиын. Үлкен автобустар қашан келеді? Биыл бұл мәселе шешіледі ме?

 

Түркістан қаласының тұрғыны А.Қансейтова

Халық санының көбейуіне байланысты, сыйымдылығы жоғары автобустарды қолданысқа беру.   

20.09.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

Ағымдағы жылы тасымалдаушылар тарапынан жаңа 88 дана, сыймдылығы жоғары автобустарды қолданысқа енгізу жоспарланған. Осы жоспар іске асқан жағдайда, қалаішілік бағыттардың тиімділігі артып, қозғалыс кестелері реттестіріледі. Нәтижесінде, қоғамдық тасымалдағы қарбалас сәттерде (час пик) тұрғындардың ыңғайлы әрі қауіпсіз қозғалысы қамтамасыз етілетін болады.

23 дана автобус-I тоқсанда, 55 дана автобус –III тоқсанда.

14.   

Түркістан қаласы Төлегенов көшесі мен оған жақын асфальт басылмаған көшелерге асфальт қашан салынады?

 

Түркістан қаласының тұрғыны З.Ходжаева

Жоспарға сәйкес Төлегенов көшесіне асфальт салу жұмыстарын жүргізу.

30.06.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

2026 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің тарапынан Төлегенов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. 

Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың II-тоқсанында асфальт төсеу жұмыстары іске асырылатын болады.

15.   

Түркістан қаласындағы мал базарына барар жолдың асфальт мәселесі жақын арада шешіледі ме?

 

Түркістан қаласының тұрғыны Х.Маханбетов

Аталған мал базарға баратын жолға асфальт салу жұмыстарын жүргізу.

 

 

30.09.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

Түркістан қаласы тұрғындары мал базарға бару мақсатында Бірлік секторына қарасты Наурызым және Атабай тас жолы арқылы қатынайды.

Аталған көшелерге ағымдағы жылдың III-тоқсанында жол жөндеу жұмыстары іске асырылатын болады.

 

Тұрғын үй саласы

16.   

70 жастағы  ақсақалдың тұрғын үйі жоқ. Мемлекетке еңбегі сіңген азамат. Қала әкімдігіне барған екен мәселесі шешілмеген. Тұрғын үй мәселесі.

 

Түркістан қаласының тұрғыны Б.Ерланұлы

 Зейнеткер ретінде тіркелген 70 жастағы ақсақалдың тұрғын үй мәселесі бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу.

Кезек ретілігімен беріледі

Түркістан қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес түсіндірме жұмысын жүргізу

Түркістан қаласының тұрғыны Абилов Марат ЖСН: 560615300702 12.06.2023 жылы зейнеткер ретінде тұрғын үй кезегіне тіркелген. 

 Қазіргі уақытта ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы 74-бабы                4-тармағында, «Осы Заңның 10, 8 бабы  1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімді тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі қабылдайды» делінген. Осыған орай, тұрғын үй кезек ретілігімен беріледі.

17.   

Түркістан қаласы жалғызбасты аналар атынан келіп тұрмын.                    3 балам бар. 2021 жылы тұрғын үй кезегіне тұрғанмын. Кезегіміз толықтай «Отбасы банкке» өтті ма?

 

Түркістан қаласының тұрғыны Ж.Абентаева

 Тұрғын үй кезегіне толық емес отбасы ретінде тіркелген тұрғынның өтінішіне бойынша заң аясында түсіндірме жұмысын жүргізу.   

Кезек ретілігімен беріледі

Түркістан қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес түсіндірме жұмысын жүргізу

Түркістан қаласының тұрғыны Абентаева Жулдыз ЖСН: 900304401947 13.07.2021 жылы толық емес отбасы ретінде тұрғын үй кезегіне тіркелген.

 Қазіргі уақытта ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы 74-бабы                4-тармағында, «Осы Заңның 10, 8 бабы  1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімді тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі қабылдайды» делінген. Осыған орай, тұрғын үй кезек ретілігімен беріледі.

Білім саласы

18.   

№11 Ж.Жабаев мектебінің директоры М.Алтыбаеваның  іс әрекетіне қатысты, директор ата-аналардың үстінен құқық қорғау органдарына шағымданған. Полиция қызметкерлері телефонындағы видеоларды өшіріп тастаған. Ұлағатты ұстаз бола тұра ата-аналардың үстінен арыз жазуға бола ма? 

 

Түркістан қаласының тұрғыны Г.Сәттенова

 Аталған №11 Ж.Жабаев мектебінің директорының іс әрекетіне қатысты ата-аналардың арызы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шешу.

19.03.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

 

Түркістан облыстық білім басқармасы

Заңға сәйкес мәселені қарау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы білім беретін мектебінде оқушы санының аздығына байланысты бір 2-сыныптың оқушылары басқа сыныптарға таратылып, сынып комплектісі қысқартылған. Осыған орай ата-аналар мен мектеп директоры арасында жұмыс кабинетінде түсініспеушілік орын алып, мектеп директоры полиция қызметкерлерін шақырған.

Қос тараптан арыз қабылданған. Арыздар негізінде іс негізінен қаралып, тиісті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы Түркістан қалалық сотына жолданған. Қазіргі таңда іс соттың қарауында.

19.   

Жаңадан пайдалануға берілген «Жібек жолы» көпқабатты тұрғын үй кешені  тұрғындарының балалары қай мектептерге барып оқиды?

 

Түркістан қаласының тұрғыны Г.Әлімбекова

Аталған «Жібек жолы» көпқабатты тұрғын үй кешеніне жақын орналасқан мектептер бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу.  

19.03.2026 ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес түсіндірме жұмысын жүргізу

«Жібек жолы» көпқабатты тұрғын үй кешеніне №32 жалпы білім беретін мектеп, «Білім-инновация» лицей-интернаты және Ж.Ташенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейі жақын орналасқан.

Сонымен қатар, «Береке-Болашақ», «Мың бала», «Edu light», «Nomad school» жекеменшік мектептері де аталған тұрғын үй кешеніне жақын аумақта орналасқан.

20.   

Жаңа қаладағы мектептер мен балабақшалар  үйлерден алыс орналасқан. Жеке меншік бала бақшалар төлемақысы қымбат.

 

Түркістан қаласының тұрғыны Э.Бекболатова

Жаңа қала аумағында орналасқан мектептер мен балабақшалардың орналасқан жерлері мен балабақша төлемақысы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу.

19.03.2026 ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес түсіндірме жұмысын жүргізу

Жаңа қала аумағында 4 мектеп және 8 балабақша жұмыс жасайды. Білім мекемелері тұрғын үйлердің арасында орналасқан.

Балабақшалардың төлемақысы Түркістан облысы мәслихатының ұсынысы және облыс әкімінің қаулысымен 2025 жылы 13000 (он үш мың) теңге болып бекітілген. Дегенмен, жеке балабақшалардың меншік иелері ата-аналармен келісім негізінде өздігінше бағаларды өзгертуде.

Құрылыс саласы

21.   

2022 жылы жаңа қаладан пәтер алғанмын. Өзіңізге белгілі, көпқабатты үйлердің сапасына қатысты көптеген кемшіліктер орын алуда. Кейбір мердігерлер жұмыстарын орындаудан жалтарып жүргендер де бар. Осы мәселе бойынша не айта аласыз?

 

Түркістан қаласының тұрғыны Ф.Кәрібаева

Тұрғынның өтінішіне сәйкес заң аясында мердігер мекеме тарапынан тұрғын үй құрылысындағы ақауларды қалпына келтіру.

15.06.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

Құрылыс саласындағы заңнамаға сәйкес 5 жылдық кепілдік – іргетасқа, қабырғаларға, шатырға, каркасқа, фасадқа, яғни конструкцияны құрайтын элементтерге беріледі. Қалған күнделікті қолданыстағы құрал-жабдықтарға (расходный материал) өндіруші зауыттың берген кепілдігі жүреді.

Дегенмен, біз, 5 жылдық кепілдік мерзім бойынша Мердігерге барлық жабдықтарды қалпына келтіруін талап етеміз. Орындамаса, сотқа беру арқылы міндеттейміз. Сонымен қатар, құзырлы бақылау органдары (ГАСК) арқылы заң шеңберінде тиісті шара қабылдаймыз.

22.   

Тұрғын үйлердің сапасы туралы қала әкіміне жеке қабылдауға кірдік, журналистар де көрді. Осы мәселені бақылауға алсаңыз екен. Сапаны қадағалаушылар қатарына қоғам белсенділерінің арасынан комиссия мүшелігіне енгізілсе екен. 

Түркістан қаласының тұрғыны Г.Әлімбекова

Тұрғынның өтініші бойынша анықталған «Жібек жолы» ТК кемшіліктерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

15.03.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес түсіндірме жұмысын жүргізу

Қазақстан Респуликасының заңдарына сәйкес Қоғам белсенділерін сапаны қадағалаушылар қатарына қосу бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

«Жібек жолы» ТК кемшіліктерді қайта қалпына келтіру жұмыстарына қадағалаушы қаратына қосатын боламыз.

Жұмыспен қамту саласы

23.   

Қаңтар айының басында жұмыссыздыққа тіркелгенмін, әлі күнге дейін жұмысқа қабылданған жоқпын. Жеке қабылдауыңызда болдым. Мәселе әлі шешілген жоқ.

 

Түркістан қаласының тұрғыны А.Юсупова

Тұрғынның өтініші бойынша жұмыссыздық мәселесін шешу жолын қарастырып, қоғамдық жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс атқару.   

 

 

 

 

 

15.04.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес түсіндірме жұмысын жүргізу

Еңбек нарығы ақпараттық жүйесі ағымдағы жылдың наурыз айында ашылатынына орай, аталған азаматты «Түркістан қаласы әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығына» қоғамдық жұмыс орнына жолданады.

Полиция саласы

24.   

«Азиз» базарында сауда жасаймын, төсек жабдықтарын сатамын. Онкологиямен ауырамын. Полиция мені қуып, жұмыс жасатпайды. Ал өзге өзбек ұлтының өкілдері арбамен 4 жерде нан сатады, оларға тиіспейді. Осыны анықтап берсеңіз? Сауда саттық мәселесі.

 

Түркістан қаласының тұрғыны А.Жылысбаева

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ-ның, ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша, мәнісі бар профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

15.04.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

 

Қалалық полиция басқармасы

Заңға сәйкес түсіндірме жұмысын жүргізу

2026 жылдың 2 айында, Түркістан қаласы аумағында ретсіз сауданың (жабайы сауда) алдын алу бағытында, 325 (2025ж 97) құқық бұзушылық анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде, «Азиз» базарының учаскелік инспекторларымен базар аумағында 101 құқық бұзушылық анықталып жауапкершілікке тартылған. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін, базар аумағында саудагерлермен түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп, заң бұзушылықтарға жол бермеу бағытында жұмыстар жүргізілген.

 

25.   

Жеке қабылдауға жазылғаным үшін кеше кешке екі машинамен полиция қызметкерлері келіп, маған қысым жасады. Басқа азаматтарға да қысым жасалған.

 

Түркістан қаласының тұрғыны Б.Садықова

ҚР ӘҚБтК-нің 488 бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу яғни бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға немесе өткізуге кедергі жасау жауапкершілікке тартылытыны жайында, түсіндірме профилактикалық жұмыстарын жүргізу.

15.04.2026ж

Түркістан қаласының әкімдігі

 

Қалалық полиция басқармасы

Заңға сәйкес түсіндірме жұмысын жүргізу

18.02.2026 жылы «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы «Меншік иесі клиенттер» тобынан (группасынан) белгісіз азаматшаның аудиожазба таралған.

Аудиожазба белгісіз азаматша «қызметкерлер, жиналамыз, көкейдегі сұрақтарды шешеміз» деген мәлімдеме жасаған.  

Аталған аудиожазба иесі 14.11.1973 ж.т Садыкова Барно Султанмуратовна екені анықталып.  

Түркістан қалалық Полиция басқармасы тарапынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз мақсатында, азаматаша Б.Садыковадан аудиожазбада не туралы және не мақсатта топқа жолдағанын сұрастыру үшін. Тұрғылықты мекен-жайына әкімшілік аумаққа жауапты Түркістан қалалық Полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Е.Арыстанов, учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Е.Әмірхан және КПБ-нің жедел уәкілі полиция капитаны Ә.Сейілхан тарапынан профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Азаматша Б.Садыковаға ҚР ӘҚБтК-нің 488 бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу яғни бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға немесе өткізуге кедергі жасау жауапкершілікке тартылытыны жайында ескертіліп жүргізілген.  

Яғни, УПИ қызметкерлері тарапынан, Заң бұзушылықтар орын алмаған.

 

Дата публикации
13 марта 2026