Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

  1. Түркістан облысы әкімінің аппараты 2025 жылғы 11 қараша күні сағат 15:00-де Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 20 (Басқармалар Үйі), 3 қабат, 331 кабинет «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттері (маршруттар) шығарылады:

 

№12 лот

«Жетісай-Сарыағаш-Жетісай»

№13 лот

«Шәуілдір-Жетісай-Шәуілдір» ША

№14 лот

«Түркістан-Шолаққорған-Түркістан»

№15 лот

«Кентау-Шолаққорған-Кентау» ША

№16 лот

«Шаян (Бәйдібек ауданы)-Түркістан-Шаян» ША

№17 лот

«Созақ-Түркістан-Созақ, Шолаққорған арқылы»

№18 лот

«Мырзакент (Мақтаарал ауданы)-Түркістан-Мырзакент»

№19 лот

«Асықата (Жетісай ауданы)-Атакент (Мақтаарал ауданы)-Асықата» ША

№20 лот

«Манкент (Сайрам ауданы)-Жібек жолы (Сарыағаш ауданы)-Манкент» ША

№21 лот

«Қарабұлақ (Сайрам ауданы)-Ақсукент-Жібек жолы (Сарыағаш ауданы)-Ақсукент-Қарабұлақ» ША

№22 лот

«Жетісай-Түркістан-Жетісай, Арыс, Төрткөл арқылы»

№23 лот

«Түркістан-Қарнақ-Шаштөбе-Қарнақ-Түркістан»

№24 лот

«Түркістан-Шорнақ-Түркістан»

№25 лот

«Түркістан-Балтакөл-Түркістан»

№26 лот

«Шәуілдір-Арыс-Шәуілдір»

№27 лот

«Қазығұрт-Түркістан-Қазығұрт»

№28 лот

«Сарыағаш-Түркістан-Сарыағаш, Шымкент арқылы»

№29 лот

«Шәуілдір-Түркістан-Шәуілдір»

№30 лот

«Түркістан-Шаға (Сауран ауданы)-Түркістан»

№31 лот

«Түркістан-Жаңа Иқан (Сауран ауданы)-Түркістан»

 

  1. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
  2. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді мына мекенжай бойынша: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 20 (Басқармалар Үйі), 3 қабат, 331 кабинет «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де өткізеді (эл. мекенжай:
    otdel-transporta.uko@mail.ru).
  3. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 28 қазан, сағат 19:00-ге дейін.
  4. 2025 жылғы 14 қазан күні сағат 15:00-де конкурстық Комиссия, конкурсты өткізу мәселелері жөніндегі, конкурс алдындағы конференцияны мына мекенжайда: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 20 (Басқармалар Үйі), 3 қабат, 331 кабинет «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де өткізеді.

7. Анықтама алу үшін телефоны: 8 (725-33) 5-93-87.

Дата публикации
10 октября 2025