|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
|
Ауыз су мәселесі |
||||
|
1. |
Жаңаталап елді мекені таза ауыз сумен қамтамасыз етуіңізді сұраймын? Ағыбет елді мекенінің тұрғыны Байғазиев Абылай |
Жаңаталап елді мекеніне ауыз су құрылысын сапалы жүргізіп, пайдалануға беру |
30.09.2025ж |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов
Бәйдібек ауданы әкімдігі
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы |
Жаңаталап елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, (Мердігер мекеме: «Срой Транс Сервис» ЖШС, ЖСҚ құны 159 167,0 мың теңге), бүгінгі таңға құрылыс жұмыстары 100 пайызға атқарылған. Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Жаңаталап елді мекеніндегі ауыз су құрылысы толығымен аяқталды. |
|
Жол саласы |
|||||
|
2. |
Шаян елді мекеніндегі Қадырбаев көшесінің тозығы жеткен, жөндеуді қажет етеді. Сондықтан аталған жолға жөндеу жұмыстарын жүргізіп берсеңіз? Шаян елді мекенінің тұрғыны Дүйсенбеков Тұрсынәлі |
Қадырбаев көшесіне жөндеу жұмысын сапалы жүргізіп, пайдалануға беру |
30.10.2025ж |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов
Бәйдібек ауданы әкімдігі
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
Шаян елді мекеніндегі Қадырбаев және Айналма жол көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджет есебінен 100 000,0 мың теңге бөлініген. Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, (Мердігер мекеме: «Фрагмит Евразия» ЖШС, конкурс құны 232, 004 мың теңге), бүгінгі таңға аталған көшедегі жол жиек тастары орнатылып, асфальт салу үшін тиісті жұмыстары жүргізілуде. |
|
Абаттандыру мәселесі |
|||||
|
3. |
Шаян ауылы М.Әуезов көшесінің бойында отырып демалатын орындықтар жоқ. М.Әуезов көшесіне абаттандыру жұмыстары жүргізілсе.
Шаян елді мекенінің тұрғыны Шинасилов Жолдасбек |
М.Әуезов көшесіне абаттандыру жұмыстарын жүргізу |
31.07.2025ж Мерзімі 30.10.2025 жылға дейін ұзартылған |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов
Бәйдібек ауданы әкімдігі
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы |
Шаян ауылы М.Әуезов көшесін көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында жергілікті бюджет есебінен жоба жасалып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. (Мердігер мекеме: «Фрагмит Евразия» ЖШС, конкурс құны 103 936,0 мың теңге), бүгінгі таңға құрылыс жұмыстарын бастау үшін эскиз жобасы келісілуде. |
|
Спорт саласы |
|||||
|
4. |
Ағыбет елді мекенінен жастарды спортпен шұғылдану мақсатында жабық спорт алаңшасы салынса.
Ағыбет елді мекенінің тұрғыны Жұмәділлаев Бақытжан
|
Жамбыл спорт алаңшасының құрылысын жүргізу |
10.12.2027ж |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Алтаев
Бәйдібек ауданы әкімдігі
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы |
Ағыбет елді мекенінен жастарды спортпен шұғылдану мақсатында жабық спорт алаңшасын салу бойынша алдағы кезеңде ЖСҚ-сын әзірлеп, 2027 жылға қаржыландыруға ұсынылатын болады. |