Түркістан облысы әкімінің Қазығұрт ауданы тұрғындарымен 28.03.2025 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Аяқталу нысаны

Орындалуы

Білім саласы

1.       

Атбұлақ ауылындағы Атбұлақ мектебін ағымдағы жөндеу туралы

 

Қ.Әбдәлиев ауылдық округінің тұрғыны Тәшімбет Әлжан.

Атбұлақ мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

 

25.08.2025ж.

 

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары

(Б.Тәжібаев)

 

Облыстық білім басқармасы

 

Нысанды пайдалануға беру

Қ.Әбдалиев а.о. Атбұлақ е.м. орналасқан «Атбұлақ» мектебін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін  ағымдағы жылы 242,1 млн. теңге қаржы қаралып,  мердігер мекеме «NDS SERVICE» ЖШС-і тарапынан ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2025 жылғы 25 тамыз күні пайдалануға берілді.

2.       

Қызылқия ауылдық округіндегі Атажұрт мектебінің құжатын алу туралы.

 

Қызылқия ауылдық округінің тұрғыны Ташов Талғат.

Атажұрт мектебін құру туралы облыс әкімдігінің қаулысын қабылдау

 

15.04.2025ж.

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары

(Б.Тәжібаев)

 

Облыстық білім басқармасы

Облыс әкімдігінің қаулысын қабылдау

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қызылқия ауыл округіне қарасты Атажұрт елді мекенінен пайдалануға берілген «№3 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы Түркістан облысы әкімдігінің 23.04.2025ж. №82-ші қаулысы шықты.

3.       

Қазығұрт ауылы Болашақ мөлтек ауданынан мектеп салу туралы

 

Қазығұрт ауылының тұрғыны Салтаев Бақыт

Қазығұрт ауылы, Болашақ мөлтек ауданынан мектеп салу мәселесі бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізу, нәтижесімен ұсыныс енгізу

20.04.2025ж.

 

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары

(Б.Тәжібаев)

 

Облыстық білім басқармасы

 

Қазығұрт

 ауданының әкімдігі

Ұсыныс енгізу

Қазығұрт ауылы, Болашақ мөлтек ауданынан 600 орындық мектеп салу бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, аудан тарапынан облыстық құрылыс басқармасына 600 орындық мектепті жеке инвестор тарапынан салу бойынша ұсыныс енгізілген.

Қазіргі таңда «Бірлік» ЖШС-гі есебінен Болашақ мөлтек ауданынан 600 орындық мектеп құрылысы басталып, жерді тегістеу жұмыстары жүргізілуде.

Денсаулық сақтау

4.       

Сарапхана ауылдық округіндегі ауылдық емхана ғимаратын күрделі жөндеу туралы.

 

Сарапхана ауылдық округінің тұрғыны Дулатбаев Ұлықбек.

Сарапхана ауылдық округіндегі ауылдық емхана ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

 

01.07.2025ж.

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары

(Б.Тәжібаев)

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Нысанды пайдалануға беру

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 200,9 млн. теңгеге мердігер мекеме  «РАДУГА-СН» ЖШС тарапынан Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылы, «Қаратас» ауылдық емханасының күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында аяқталып, пайдалануға берілді.

 

Газ саласы

5.       

Қызылқия ауылдық округіндегі Атажұрт ауылына табиғи газ жүйесінің құрылысын жүргізу туралы

 

Қызылқия ауылдық округінің тұрғыны Ташов Талғат.

Атажұрт ауылына табиғи газ жүйесін қосу

 

5.1. Қызылқия ауыл округі Атажұрт елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жобасына түзету енгізу

 

5.2. Қызылқия ауыл округі Атажұрт елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жобасын қаржыландыру бойынша салалық басқармаға ұсыныс енгізу

01.11.2026ж.

 

 

 

 

01.06.2025ж.

 

 

 

 

30.06.2025ж.

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

(З.Жолдасов)

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық басқармасы

 

Қазығұрт

 ауданының әкімдігі

Жобаға түзету енгізу және қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізу

Жобалаушы мекеме «БС Строй Холдинг» ЖШС тарапынан қайта есептеу (корректировка) жұмыстары жүргізіліп, 16.08.2025ж. №19-0294/25 сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Сметалық құны 499,0 млн. теңгені құрады. Тиісті құжаттар облыстық салалық басқармаға ұсынылды. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары қаржы бөлінуіне байланысты жүргізілетін болады.

 

Спорт саласы

6.

Тұрбат ауыл округі, Тұрбат ауылындағы орталық стадионның жағдайы туралы

 

Тұрбат ауыл округінің тұрғыны Кадиров Нұрлан

Тұрбат ауылындағы орталық стадионның жағдайын зерделеп, жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныс енгізу.

30.04.2025ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары

(Е.Алтаев)

 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

 

Қазығұрт

 ауданының әкімдігі

Ұсыныс енгізу

Тұрбат ауылындағы орталық стадион облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Қазығұрт аудандық №4 балалар-жәсөспірімдер спорт мектебінің теңгерімінде. Бүгінгі таңда, стадионды аудан теңгеріміне алу жұмыстары жүргізілуде.  Теңгерімге алу жұмыстары аяқталған соң, ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы көздері қарастырылатын болады.

Тұрғын үй мәселесі

7.

Қазығұрт ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілетін тұрғын үй санын арттыру туралы

 

Қазығұрт ауылының тұрғыны Пазылов Нұржан

Қазығұрт ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілетін тұрғын үй санын арттыру  бойынша мүмкіндіктерді зерделеп, ұсыныс енгізу

 

20.04.2025ж.

 

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары

(З.Жолдасов)

 

Құрылыс басқармасы

 

Қазығұрт

 ауданының әкімдігі

Ұсыныс енгізу

2025 жылғы жалға берілетін тұрғын үй сатып алу жол картасына сәйкес, Қазығұрт ауданына
7 пәтер жоспарланған.

Сонымен қатар, Қазығұрт ауданындағы тұрғын үй сатып алу лимиті  7 пәтерден 48 пәтерге ұлғайтылды.

Қазіргі таңда 2 қабатты 8 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Пәтерлерді 15-ші желтоқсанда табыстау жоспарланған.

8.

Қазығұрт ауылы О.Жандосов көшесі №35 түрғын үйдің тұруға жарамдылығына тексеру жұмыстарын жүргізу туралы

Қазығұрт ауылының тұрғыны Рахманбердиев Хабидин

О.Жандосов көшесі №35 тұрғын үйдің тұруға жарамдылығы бойынша берілген қорытындының заңдылығын қарап, мәлімет ұсыну

 

Заңда белгіленген мерзімде тиісті шараларды қабылдау

Қазығұрт ауданының прокуратурасы

 

Бақылау басқармасы

 

Қазығұрт

 ауданының әкімдігі

Мәлімет ұсыну

О.Жандосов көшесі №35Б 2 қабатты 10 пәтерлі  тұрғын үйдің тұрғындарының наразылығы бойынша, Қазығұрт аудандық прокуратурасы тарапынан 11.04.202 ж. № 2-12-25-00350 санды қаулы негізінде тексеру тағайындалды. Тексеру барысында «ЮжКазИИСА» ЖШС-і мекемесімен қайта зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ғимараттың жарамдылығы және сапасыз орындалған жұмыстар бойынша кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша 30.06.2025 ж. № 3025 қорытындысы алынды.

Сонымен қатар, Түркістан облысының мемлекеттік бақылау басқармасымен 02.04.2025ж. тексеру жұмыстары жүргізіліп, орындалу бойынша хаттама түзіліп, тиісті мекемелерге тапсырмалар берілген. Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан мердігер «Султан-Б» ЖШС-інің сапасыз орындаған жұмыстарын қалпына келтіру және кемшіліктерді мерзімінде жою туралы Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 28.04.2025ж. талап арыз  жолданған. Мердігер мекеме «Султан-Б» ЖШС-імен 04.07.2025 ж. бітімгерлік келісімшарт түзіліп, 10.07.2025 ж. сот ұйғарымымен, кемшіліктерді 2025 жылдың 1 тамызына аяқтау  міндеттелген. Мердігермен талаптардың орындалмауына байланысты, сотқа  27.08.2025ж.  №978 қайта талап арыз жолданған. Бүгінгі күнге сот процессі жалғасуда, сонымен қатар, мердігер қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Дата публикации
09 октября 2025