Түркістан облысы әкімі Н.О.Көшеровтің Кентау тұрғындарымен 16.04.2025 жылғы кездесудегі ұсыныс-пікірлерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары (2025 жылдың 9 айы)

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Орындалуы

Жылу  мәселесі

 

1.

Кентау қаласындағы ішкі жылу жүйесін жаңарту мәселесі

 

Кентау қаласының тұрғыны Молжігітов Мұхтар

Кентау қаласындағы ішкі жылу құбырларын  ауыстыру 

30.09.2026 ж.

Кентау қаласының әкімдігі

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

Жалпы Кентау қаласындағы ішкі жылу құбырларының ұзындығы 130,8 шақырымды (тозу деңгейі 60%) құрайды.

Тозығы жеткен 81 шақырым жылу желілерін ауыстыру бойынша 3 кезеңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары әзірленген (жалпы жоба құны – 2,9 млрд. тг.). Қазіргі таңда, І және ІІ кезең бойынша 725 млн. теңге қаржы қаралып (І кезең - 75 млн.тг. ІІ кезең -650 млн.тг.), мердігер мекемемен келісім шарт (І кезең – «Сақ құрылыс» ЖШС, ІІ кезең – «BF group» ЖШС) түзілген. Ағымдағы жылдың сәуір айында ішкі жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары басталады.  Нысан 2026 жылға өтпелі. Келесі жылдың қазан айына дейін аяқталатын болады.

Абаттандыру мәселесі

 

2

1.      Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйге (Алтынсарин №7 үйі)  жүргізілген модернизация жұмыстарының сапасыздығы мәселесі

 

2.      Қожанов атындағы орталық саябаққа  көпшілікке арналған аттракциондар орнату мәселесі.

 

Кентау қаласының тұрғыны

Өтенбаева Ляззат

 

Заңға сәйкес тексеру жұмыстарын жүргізіп, тиісті шаралар қабылдау.

 

 

 

01.05.2025 ж.

Бақылау басқармасы

 

Кентау қаласының әкімдігі

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

ҚР тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Кентау қаласы, Алтынсарин көшесі №7 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден 2020 жылы өткен.

Мердігер мекеме «Ерсу Құрылыс» ЖШС-гі мен тапсырыс беруші мекеме «Құрылыс Кентау» ЖШС-гі арасында 19.05.2020 жылғы № 009  келісім-шарт жасалып, көпқабатты тұрғын үйге жобалау сметалық құжаттар бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

Келісім-шарт бойынша атқарылған күрделі жөндеу жұмыстарына мердігер мекеме 5 жыл кепілдік беріледі.

Үйдің жөндеу жұмыстары бойынша орын алған кемшіліктер мердігер мекеме «Ерсу Құрылыс» ЖШС тарапынан ретке келтірілді.

Қожанов атындағы орталық саябаққа  көпшілікке арналған аттракциондар орнату бойынша жұмыстар жүргізу.

01.09.2025 ж.

Кентау қаласының әкімдігі

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

Қожанов атындағы орталық саябақ «Жасыл қала КММ-ң меншігінде. Саябаққа  көпшілікке арналған аттракциондар орнату бойынша жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылмаған. «Жасыл қала» КММ-сі атынан екі рет инвестор тарту бойынша жұмыс жүргізілді. Алайда инвесторлардан нақты шешім болмады. Бүгінгі таңға Қожанов атындағы саябаққа инвесторлар тарапынан аттракциондар орнататын болса, Жасыл қала КММ-сі аттракциондар орындарын сенімгерлікке беруге дайын.

Тұрғын үй мәселесі

 

3.

Арендалық тұрғын үйді жекешелендіру мәселесі

 

Кентау қаласының тұрғыны Бейсенбекова Ляззат

Заңнамаға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу

30.04.2025 ж.

Кентау қаласының әкімдігі

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

Кентау қалалық тұрғын үй комуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан 23.04.2025 №40-02-03/514 санды хатпен жазбаша түсіндірме жұмыс жүргізілді.

Экология мәселесі

 

4.

Кентау қаласын экологиялық аймаққа енгізу мәселесі

 

Кентау қаласының тұрғыны Жусупов Дуйсенали

Кентау қаласын экологиялық аумаққа енгізу үшін аталған заңға өзгерістер енгізу

31.07.2025 ж.

Кентау қаласы әкімдігі

 

Облыстық  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Кентау қаласына Арал экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ статусын беру

Қазақстан Республикасының «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына енген өзгерістерге сәйкес, 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Кентау қаласы экологиялық апат аймағы болып танылды.

Автомобиль жолдары мәселесі

 

5.

1.Қарнақ ауылындағы
Әз-Жәнібек, Үйрек ата, Нұр көшелерін асфальттау мәселесі

 

 

2.Қарнақ ауылын газдандыру мәселесі

 

Қарнақ ауылының тұрғыны Өмірбеков Абдусамин

1. 2025 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында  Қарнақ ауылындағы Әз-Жәнібек, Үйрек ата, Нұр көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

30.11.2025 ж.

 

 

 

 

 

Кентау қаласының әкімдігі

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

«Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарнақ ауылында 3,5 шқ құрайтын  5 көшеге, соның ішінде  Әз-Жәнібек, Үйрек ата, Нұр көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.

Нысан қабылдау актісімен пайдалануға берілді.

2. Қарнақ ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу

30.11.2025 ж.

Кентау қаласының әкімдігі

 

 

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

 

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының ішкі орам газ құбырларының құрылыс жұмыстары 23.08.2024 жылы басталды. Жалпы газ құбырының ұзындығы 139 шқ. Сметалық құны -4,6 млрд.тг.

2024 жылы – 100,1 млн.тг қаралып, 2,3 шқ газ құбыры тартылды.

2025 жылға 1,1 млрд.тг қаралып, жұмыстар басталды. Қазіргі таңда 31 км газ құбыры жүргізілді. 

Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі келесі жылға өтпелі.

6.

                     1.Кентау-Түркістан қалалары арасындағы жолды кеңейту мәселесі

 

2. Ащысай ауылына барар жолдың қиылысына бейнекамера орнату мәселесі

 

Кентау қаласының тұрғыны

Баимбетов Бағлан

АЙЙ

1. Кентау қаласы мен Түркістан қаласын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-190 «Түркістан-Кентау» автомобиль жолын кеңейту

2027-2028 жж.

 

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

Кентау қаласы мен Түркістан қаласын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-190 «Түркістан-Кентау» автомобиль жолы болып табылады. Аталған жолға балама жол «Кентау айналма жолы» 24 шақырым автомобиль жолы реконструкциядан өткізіліп, 2023 жылы пайдалануға берілген.

Кентау қаласындағы «Қонаев» даңғылына (2,26 шақырым) реконструкциялау жұмыстарын 2025-2027 жылдары жүргізу жоспарлануда. Аталған көшенің құрылыс жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Кентау қаласы тұрғындарының басым бөлігі «Кентау айналма жолы» арқылы жүру мүмкіндігі болады. Сәйкесінше, Кентау-Түркістан бағытындағы автомобиль жолында көлік ағыны азайып, көлік кептелісі туындамайды.

Сонымен қатар 2027-2029 жылдарға аталған жолды кеңейту мәселесі жоспарға енгізілуде.

Түркістан облыстық жолауышлар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан облыстық маңызы бар КХ-190 «Түркістан-Кентау» автомобиль жолын кеңейту бойынша тиісті сметалық құжаттама әзірленуде.

2. «Кентау айналма жолы» мен КХ-56 автомобиль жолының қиылысында жылдамдықты өлшеуіш камера орнату

30.06.2025 ж.

Түркістан облысы бойынша Полиция департаменті

(келісім бойынша)

 

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

"Кентау айналма жолы" мен КХ-56 "Жамбыл облысының шекарасы-Құмкент-Шолақ-қорған - Ащысай-Құсшы ата" автомобиль жолының қиылысында көлік ағыны төмен болуына байланысты бағдаршам нысанын орнату тиімсіз болып табылады.

Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында КХ-56 облыстық маңызы бар жолмен "Кентау айналма жолы" қиылысы бойына жасанды жол кедергісі мен тиісті жол белгілері орнатылды.

7.

Қала             1. Кентау қаласындағы жолдардың сапасы және шұңқырлардың көбею мәселесі;

 

2. Жеке меншік үйлердегі жарық тарифін 110 кВт етіп бекіту мәселесі.

 

Кентау қаласының тұрғыны Кенжетаева Алия

1. Қаладағы жолдарда пайда болған шұңқырларды анықтап, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

30.08.2025 ж

Кентау қаласының әкімдігі

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

Кентау қаласы жолдарында пайда болған шұңқырлар анықталып, жыл басынан 3200 ш.м. жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта пайда болған шұңқырлар тізім әзірленіп, тұрақты түрде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.

Кентау қаласындағы қанағаттанарлық жолдар үлесі 2024 жыл қортындысымен 87,7% құрады. 2025 жылы бұл көрсеткішті 91% жеткізу жоспарлануда.

2. Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу

30.07.2025 жыл

Кентау қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу

 

«Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 20.12.2024 № 471 бұйрығына сәйкес, 110 кВт шектеу тек көпқабатты тұрғын үйлерге қатысты қолданылады.

Жер үйлер үшін бұл көлем 70 кВт болып белгіленген.

Мұндай тарифтерді бекіту және реттеу – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің құзырында.

Өтініш иесіне 24.07.2025 жылы №40-02-03/767  түсіндірме хат жолданды.

 

Табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі

 

8.

Ащысай ауылын табиғи газға қосу мәселесі

 

Ащысай ауылының тұрғыны Сабида Хамидулина

 

Ащысай ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу

2025-2026 жж.

Кентау қаласының әкімдігі

 

 

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

Ащысай ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде.

9.

Газ тарифінің мәселесі

 

Кентау қаласының тұрғыны

Алижанова Айгуль

Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу

30.07.2025 ж.

Кентау қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу

«QazaqGaz Aimaq» АҚ «Сауран газ шаруашылығы» тарапынан 23.04.2025 жылы №3308-1049 санды хатымен түсіндірме хат жолданды.

Жер мәселесі

 

10.

1. «Қаратау» мөлтек ауданында жер телімдері мәселесі

2. Шұғыла мөлтек ауданындағы кәріз жүйесі мәселесі

 

Кентау  қаласының тұрғыны Жанабаев Бахтияр

1. Басқа жерден жер телімдерін бөлу және жарамсыз жер телімдерін орналастыру

 

31.12.2025 ж.

 

Кентау қаласының әкімдігі

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

Кентау қаласы, Қаратау мөлтек ауданында тұрғын үй құрылысы үшін берілген, алайда қазіргі таңда карьер қазылуына байланысты үй салуға жарамсыз 161 дана жер телімі анықталған.

Басқа жерден жер телімдерін бөлу және жарамсыз жер телімдерін орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

2. Шұғыла мөлтек ауданындағы кәріз жүйесінің құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу

30.07.2025 ж.

 

Кентау қаласының әкімдігі

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

Кентау қаласы, Шұғыла мөлтек ауданы №6,7,8 көшелерінде 2022-2023 жылдары су, электр, газ және жол инфрақұрылым жүйелері жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген. Аталған шағын ауданда 377 дана тұрғын үйге арналған жер учаскелері бар.  

Қазіргі таңда, Шұғыла мөлтек ауданы №6,7,8 көшелерінде жеке тұрғын үй құрылыстары қарқынды жүруде. 100-ге жуық жеке тұрғын үй құрылыстары аяқталып, халық шоғырланған.

Кәріз жүйесі бойынша 2021 жылы жоба әзірленіп, 11.11.2021 жылы №AEG-0034/21 сараптама қорытындысы алынған болатын. Жоба құны 330,007 млн.тенгені құрайды. Республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы қарастыруға бірнеше бюджеттік өтінімдер жолданған болатын.

Алайда, қаржыландыру мәселесі бүгінгі таңға дейін шешімін таппаған.

2026 жылдың ІІ тоқсанында жоба қайта түзетуден өтіп, Республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім жолданатын болады.

(Облыс әкімі аппаратына №40-02-01/3344 от 31.07.2025 хат жолданды.)

11.

1. Байылдыр ауылындағы жайылым жер мәселесі.

 

 

2. Байылдыр өзеніндегі көпірді жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі.

 

Байылдыр ауылының тұрғыны Беков Сабырхан

Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу

31.07.2025 ж.

Кентау қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы                     5 мамырдағы № 158 қаулысы және Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 183 бірлескен шешiмiмен Кентау қаласына қарасты Байылдыр ауылының шекарасы 24 927,5 гектар болып бекітілді. Оның ішінде 13 113 гектар жер учаскесі жайылым жерлер болып табылады. Аталған жайылым жердің 5,0 мың гектар жер учаскесі ортақ жайылымға бекітілген.

Өтініш иесіне 30.06.2025 жылы №40-02-01/2886 түсіндірме хат жолданды.

Көпірді қайта жаңарту жұмыстарына қаржы қарастыру

 

15.10.2025 ж.

Кентау қаласының әкімдігі

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

«Кентау қаласы Байылдыр ауылы Абай көшесіндегі  Байылдыр өзенінен өтетін автомобиль көпірін реконструкциялау жұмыстары» жобасы бойынша 01.08.2025 жылы №19-0247/25 санды мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Бас жобалаушы мекеме «МПК-Проект» ЖШС. Сметалық құжаттамаға сәйкес жоба құны 224 226,5 мың теңге. Жөндеу жұмыстарын бастау мақсатында қажетті қаржы қарастыруға Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

12.

Сауран ауданынан Кентау қаласына қосылған 75 000 га жерлердің толықтай электронды ақпаратты жүйеге енгізу мәселесі

 

Кентау қаласының тұрғыны

Айгуль Аскарова

      Сауран ауданынан Кентау қаласына қосылған жерлердің электронды ақпаратты жүйеге енгізу жұмыстарын жүргізу

 

31.07.2025 ж.

Кентау қаласының әкімдігі

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

Кентау қалалық маслихатының 30.04.2025 жылғы сессиясында Сауран ауданын қосылған 75 000 га жерлердің Қарнақ, Хантағы, Байылдыр, Ащысай ауылдарына бөлінген жер көлемі бекітіліп, 75 мың гектар жер учаскесі Кентау қаласының жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне толықтай енгізілді.

Әлеуметтік сала

 

13.

Кентау қаласындағы Арнаулы кәсіптік колледжіне спорт алаңшасын салу мәселесі.

 

Кентау қаласының тұрғыны Жусупов Дуйсенали

       Кентау қаласындағы «Арнаулы кәсіптік колледжі» мекемесінің сыртқы ауласына заманауи спорт алаңын салу  үшін қаржы қарастыру

16.05.2025 ж.

Облыстық жұмыспен қамтуды  үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

 

Заңға сәйкес ұсыныс енгізу.

Бүгінгі таңда мекеменің сыртқы аулаға заманауи спорт алаңын салу (размер 35х20) үшін, жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға облыстық бюджеттен 2022 жылғы 100 мың тенге, 2023 жылға өтпелі болып 12115,8 мың тенге қаржы қарастырылып, тапсырыс беруші болып Түркістан облысының құрылыс басқармасы табылған. Бүгінгі таңда ЖСҚ дайындау жұмыстары атқарылды. «Сана Экспертиза» ЖШС-інің 2023 жылғы 21 маусымда № SanaE-0061/23 санды техникалық қорытындысы бекітілді. Осыған орай, қызмет алушылардың салауатты өмір салтын ұстану мақсатында заманауи  типтік жабық немесе ангарлық спорт алаңын салу үшін 411542,0 мың теңге қаржы қарастыру жұмыстары облыстық жұмыспен қамтуды  үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан жүргізілуде.

Мәдениет

 

14.

Сейдолла Бәйтереков әндерінің  республикалық «Әлия»  ретро-фестивалін өткізу туралы ұсыныс

 

Кентау қаласының тұрғыны Сайдуалиева Шакизат

       Кентау қаласының 70 жылдығына орай жасалған іс-шара жоспарына енгізу және өткізу

30.09.2025 ж.

Кентау  қаласының әкімдігі

 

Облыстық мәдениет басқармасы

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

Кентау қаласының 70 жылдығына орай 3 қазан күні мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған мерейтойлық шаралар барысында Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген өнер қайраткері, композитор Сейдолла Бәйтерековтың 80 жылдығына орай әндері насихатталып, орындалады. Іс-шарада эстрада жұлдыздары қатысты..

Өзге мәселелер

 

15.

Қалалық білім бөлімінің қызметкерлерін заңсыз жұмыстан шығару мәселесі.

 

Кентау қаласының тұрғыны

Ақылбеков Бауыржан

      Қалалық білім бөлімінің қызметкерлерін заңсыз жұмыстан шығару мәселесі бойынша талдау жүргізіп, заңға сәйкес жұмыстар атқару

16.05.2025 ж.

Облыстық білім басқармасы

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

1. «Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротация жасау, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 559 бұйрығын орындау мақсатында, Түркістан облысы Білім басқармасының 10.07.2023 жылғы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау  комиссиясы шешімінің 3-тармағына сәйкес,  «Алмагүл» бөбекжай-балабақшасының  меңгерушісі Г.Мамасаитова   (лауазымдық  еңбек өтілі  11 жыл болғанын ескере  және жоғарыда аталған Ереженің 21-тармағына сай,  «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысының бір білім беру ұйымында 7 (жеті) жыл жалпы өтілі бар бірінші басшылар ротациялауға жатады»  делінген талаптар бойынша  «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасына лауазымына, ал «Таңшолпан» бала-бақшасының менгерушісі А.Бимаханова «Алмагүл» балабақшасына   бірінші басшылар арасында ротациялауға өткізген.

 Ротациялануға негіз болған.

             Алайда, аталған ротациялық шешіммен келіспеген А.Бимаханова қалалық білім бөлімінің    бұйрығымен жұмыстан босатылған. Жұмыстан босату туралы Бұйрықпен келіспеген А.Бимаханова Кентау қалалық сотына «Таңшолпан» балабақшасының меңгерушілік лауазымынан заңсыз босатылғаны туралы талап арыз берген. Берген талап арыз қалалық сотының    шешімі негізінде қанағаттандырудан бас тартқан, аппеляциялық шешім қалалық сотының 27.12.2023 жылғы шешімін 13.03.2024 жылғы қауылысымен  заңды деп танып қалалық сотының шешімін өз күшінде қалдырған. Яғни, А.Бимаханованың жұмыстан заңды босатылғаны туралы қалалық сотының 27.12.2023 жылғы шешімімен расталған.

2. Ал, «Алмагүл» балабақшасының меңгерушісі болған Г.Мамасаитова Ротациялануға шығарылған Түркістан облысы Білім басқармасының 10.07.2023 жылғы №1 санды хаттамасының өзіне тиісті бөлігі заңсыз деп тану туралы қойған талабы 03.07.2024 жылғы Түркістан облысы ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен  қанағаттандырусыз қалдырған. Сәйкесінше, Г.Мамасаитованың аппеляциалық шағымында облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 26.12.2024 жылғы Қаулысымен қанағаттандырусыз қалдырылған. 

            Аталған заңды күшіндегі сот шешімдерімен келіспеген Г.Мамасаитова қалалық білім беру бөлімінің 03.01.2024 жылғы «Таңшолпан» бала бақшасына ротацияланғаны туралы бұйрығын және 15.05.2024 жылғы «Таңшолпан балабақшасынын жұмысқа келісім бермегендіктен босатылғаны туралы №130 бұйрықты Кентау қалалық сотына талап арызымен жүгініп, бүгінгі күнге сот  процессі жүргізілуде. Сол аралықта Г.Мамасаитова Түркістан облысы Еңбек инспекциясына арызданып, арыз бойынша 25.06.2024 жылы тексеру қорытындысы берілген. Тексеру қорытындысы бойынша қалалық білім  бөлімі келіспеген. Ал, Г.Мамасаитова тарапынан қалалық білім бөлімінің іс-әрекетін дауламаған.

            3. Кентау қалалық білім бөлімінің  «С.Байтереков атындағы балалар саз мектебі» МКҚК-нің 05.08.2024 жылғы  №70 бұйрығымен  мектептің баян сыныбының мүғалімі М.Алтынбек жұмыстан босатылып келісім шарты тоқтатылған. Бұйрықпен келіспеген М.Алтынбек Кентау қалалық сотына қайта жұмысқа орналастыру туралы талап қойып сот отырысы жүргізілуде.

 

16.

1. «Бақ-Нұр» спорт кешенінің ГЧП бойынша келісімшартын создыру мәселесі

 

2. «Болашақ» мөлтек ауданы,
68-кварталдағы сапасыз су құбырларының мәселесі

 

3. Ескі мал базар маңындағы жүк көліктерінің тұрақ орнын өзге аумаққа ауыстыру мәселесі

 

Кентау қаласының тұрғыны

Орынбаева Гүлмира

1. Заңға сәйкес тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу

16.05.2025 ж.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу

 

«Бақ-Нұр» спорт мектебі 2013 жылы салынған. Ғимарат ауданы 1500 ш.м (1 футбол ангары, 1 күрес залы, 2 сан.узел) Спорттың футбол, дзюдо, еркін күрес, қазақ күресі дамытылады.

2019-2024 жылдар аралығында Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасымен келісім шартқа тұрып мемлекеттік-жекешелік әріптестік  жобасы  аясында спорт мектебі жұмыс жасаған. Қазіргі таңда келісім шарттың аяқталуына байланысты спорт мектеп жұмысы тоқтап тұр. Жаңа келісім шартқа тұру мәселесі Түркістан облысы мәслихатының І жарты жылдық сессиясында қаралатын болады.

           2025 жылы платформаға тіркелу арқылы спорт секциясын жүргізуге мүмкіндік ала алатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

2.Ақауы бар су құбырларын ауыстыру жұмыстарын жүргізу

30.08.2025 ж.

Кентау  қаласының әкімдігі

 

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

Демеушілер тарапынан «Болашақ» мөлтек ауданы, 68-кварталдағы жалпы 14 көшенің сапасыз су құбырлары  толық ауыстырылды.

3. Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

16.05.2025 ж.

 

Кентау  қаласының әкімдігі

 

Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Түркістан облысы мәслихатының  2022 жылғы                           13 желтоқсандағы №19/236VII Шешімімен бекітілген Кентау қаласының бас жоспарына сәйкес ескі мал базар аумағы коммерциялық нысандар аймағына жатады.

Бүгінгі таңда, мал базарын қаланың сыртқы жағына ауыстыру жұмыстары атқарылып жатқаны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

17.

«Жұлдыз» балабақшасын күрделі жөндеуге қаржы бөлу мәселесі

 

Кентау қаласының тұрғыны Альмаханова Маржан

        «Жұлдыз» балабақшасын күрделі жөндеуге қаржы бөлу бойынша жұмыстар жасау.

30.08.2025 ж.

Облыстық білім басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Заңға сәйкес ұсыныс енгізу.

Апатты деп танылған "Жұлдыз" балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстарына 2025 жылға облыстық бюджеттен 100 млн теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу парталына конкурс жарияланды.

18.

Сауран ауданы Ораңғай ауыл округіне қарасты Бостандық елді мекенін Кентау қаласына қосу мәселесі

Кентау қаласының тұрғыны Раубаев Мамуржан

Сауран ауданы Ораңғай ауыл округіне қарасты Бостандық елді мекенін Кентау қаласына қосу мәселесін қарастыру

 

31.10.2025 ж.

Кентау қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу

2025 жылдың 5-9 наурызы аралығында Бостандық ауылын Сауран ауданынан Кентау қаласына өткізу бойынша  ауыл тұрғындары арасында тындау өткізілген. Халық арасында  жүргізілген сауалнама нәтижесінде, 1658  ауыл тұрғынының  1109-ы Кентау қаласына өтуге қарсы болып, 549-ы өтуін қолдаған.  Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі Кентау қаласына өтуге қарсылықтарын білдіріп. Көпшіліктің таңдауымен Бостандық елді мекені Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінің құрамында қалатыны  туралы шешім қабылданғаны туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Дата публикации
09 октября 2025