Түркістан облысы әкімі Н.О.Көшеровтың Сауран ауданы тұрғындарымен 11.04.2025 жылғы кездесудегі ұсыныс-пікірлерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы АҚПАРАТ

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Орындалуы

Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі саласы

 

1

«Бабайқорған-Игілік» елді мекендері арасындағы автожолын орташа жөндеу туралы

 

Бабайқорған ауылының тұрғыны Тұрғанбаев Құттыбай

Бабайқорған-Игілік елді мекендері арасына 9 шқ автожолын орташа жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу;

Сараптаманың оң қорытындысын алу;

Қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. 

 

30.07.2026 ж.

 

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Сауран ауданының

әкімдігі

Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

Орындалу үстінде. Бабайқорған-Иігілік 9 шқ автожолын орташа жөндеу жұмыстарына сметалық құжат әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған (24.03.2023 ж. РЗ/Түркістан-169/2023). Жолды жөндеу жұмыстарына қажетті 649,073 млн теңге қаржыны Сауран ауданы әкімінің орынбасары атынан, Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылып (№ 40-13-01/2917 от 10.09.2024), қазіргі таңда ағымдағы жылға 50 млн.тг қаржы бөлініп, бюджеттік қаражаттың қалған бөлігі  келесі жылға  жоспарланған. Жұмыстарды орындаушы мердігер мекеме «Жайлау Агро» ЖШС болып танылған.  Қазіргі уақытта жол жөндеу жұмыстары басталды.

2

Абай елді мекеніндегі Көксарай көпірін жөндеу туралы

 

Бабайқорған ауылының тұрғыны Тұрғанбаев Құттыбай

Абай елді мекеніндегі Көксарай көпірін күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеп, сараптаманың оң қорытындысын алып, күрделі жөндеуге қажетті қаржыны қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

30.09.2026 ж.

 

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Сауран ауданының

әкімдігі

Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

Орындалу үстінде.

Абай елді мекеніндегі Көксарай көпірін күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. "Сантех-Строй Проект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуде. Құжат сараптаманың оң қорытындысын алған соң, қажетті қаржыны облыстық бюджеттен сұрайтын боламыз.

Коммуналдық сала

 

3

Аудан орталығына табиғи газбен қамту мәселесі

 

Қосмезгіл ауылының тұрғыны Манашев Бекжігіт

Аудан орталығын табиғи газ жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жобалық сметалық құжаттама әзірлеу; Сараптаманың оң қорытындысын алып, қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастыру;

Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

30.10.2026 ж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Сауран ауданының әкімдігі

Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

Орындалу үстінде.

Сауран ауданы бойынша төмендегінше жобалар әзірленді:

1. Аша елді мекеніне жеткізуші және ішкі газ құбырларын салу, жоба құны – 3 283 624 млн.тг.

2. Шорнақ елді мекенінде ішкі газ құбырларын салу, жоба құны - 1 129 916 млн.тг

3. Қосмезгіл елді мекенінде ішкі газ құбырларын салу, жоба құны – 1 599 045 млн.тг

Аталған жобаларға сметалық жоба жасалынып, сараптаның оң қортындысы алынған (30.01.2024ж №19-0033/24, 28.12.2022ж №AZA-0028/22, 28.12.2022ж №AZA-0027/22).

Қазіргі таңда облыстық бюджет есебінен әр жобаға 100,0 млн.тг қаралып (барлығы 300,0 млн.тг) конкурс құжаттары әзірленуде.

Қазіргі таңда, техникалық қадағалаушы және авторлық қадағалаушы мекемелермен келісім шарт түзілген.

Бүгінгі күнде, үш елді мекен бойынша мердігер мекеме “Jana KZ qurylys” ЖШС-гі анықталып, құрылыс жұмыстары басталған. Сонымен қатар, бүгінгі таңда 3 елді мекенде ішкі жүйенің 2 шақырым құбыры жүргізіліп, құрылыс жұмыстары жалғасуда.

https://www.facebook.com/share/p/1EWFey49P4/?mibextid=wwXIfr

 

4

Ескі Иқан ауылдық округіндегі 15 000 бас мал бордақылау және мал сою алаңына электр желілерімен қамтамасыз ету туралы

 

Ескі Иқан ауылының тұрғыны Юлдашев Мамирхан

Ескі Иқан ауылдық округіндегі 15 000 бас мал бордақылау және мал сою алаңына электр желілерімен қамтамасыз ету мақсатында электр қуатын пайдалануға «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нен техникалық шарт алу;

Электр қуатымен қамтамасыз етуге жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу; Жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарау;

Электр желілерін тарту жұмыстарын жүргізу.

30.11.2025 ж

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Сауран ауданының

әкімдігі

 

Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

Орындалу үстінде.

Қазіргі таңда, Ескі Иқан ауылдық округіндегі 15 000 бас мал бордақылау және мал сою алаңына техникалық шарт алуға «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің 03.03.2025 жылы №Т0017/1 хатымен кері қайтарылған.

Қазіргі таңда, электр желілерін жүргізуге және трансформатор орнатуға 23,6 млн. теңгеге сметалық құжаттама әзірленіп, салалық басқармаға қаржы бөлуге ұсынылған.

Сонымен қатар, техникалық шарт алуға «КЕGOC» АҚ-на мекемесіне өтінім жолданған (20.05.2025 жылғы №40-13-18/160 хаты).

Сондай-ақ, әзірленген сметалық құжаттмаға сәйкес, аудан тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

Білім саласы

 

5

«Құмтүйін» және «Әйтеке би» мектептерінің тозығы жеткен, жаңа мектеп салу туралы

 

Құмтүйін ауылының тұрғыны

Айтуғанов Ирисбай

«Құмтүйін», «Әйтеке би» атындағы жалпы білім беретін мектептерге 300 орындық мектеп салу үшін жер телімін анықтап, арнайы жер бөлу.

Түркістан облысы құрылыс басқармасы тарапынан жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу;

Жобаға сараптаманың оң қорытындысын алу;

Мектеп құрылысына қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастыру;

Мектеп ғимарытының құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу;

Нысанды пайдалануға беру.

30.10.2026 ж.

Білім беру басқармасы

 

Құрылыс басқармасы

 

Сауран ауданының

әкімдігі

 

Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу

 

Орындалу үстінде.

Құмтүйін ауылындағы Құмтүйін мектебінде қазіргі таңда 381 оқушы білім алуда. Бұл мектеп ығайластырылған ғимаратта орналасқан, асхана, акт зал, пән кабинеттері қаралмаған. Сондықтанда, Түркістан облысының                                  2026-2028 жылдары салынатын мектептедің қатарына енгізіліп,                       300 орындық мектеп құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Қазіргі таңда, мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сонымен қатар, мектепке               6 гектар жер бөлініп, құжаттары толық аяқталған. Мектеп салу 2026 жылға жоспарланған.

Ал, Майдантал ауылындағы Әйтеке би атындағы жалпы білім беретін мектепте                     620 оқушы білім алады. Әйтеке би атындағы мектеп                     2024 жылы желтоқсан айында апатты жағдай бойынша ғылыми сараптамадан өтіп, апатты жағдайда деп танылып, қорытынды алынды.

Бұл мектепте  Түркістан облысының 2026-2028 жылдары салынатын мектептедің қатарына енгізіліп, 300 орындық мектеп құрылысын құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Қазіргі таңда, мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Мектеп құрылысы үшін                       2 гектар жер бөлініп, құжаттары толық аяқталған.

Мектеп салу 2026 жылға жоспарланған.

6

«Ә.Сығай» атындағы жалпы білім беретін мектебіне акт зал салу туралы

 

Шаға ауылдық округінің тұрғыны Абдукаримов Алишер

«Ә.Сығай» атындағы жалпы білім беретін мектебі 2021 жылы 300 орынға арналып салынған. Мектеп ғимараты проект бойынша спорт зал, акт зал біріктіріліп берілген. Ал, спорт зал мен акт залдың құрал жабыдықтары қаралғандықтан, мектепке акт зал салу қажеттігі жоқ екендігі жөнінде түсіндіру.

 

Анықтама үшін:

Сауран ауданында осы мектептің проектсімен салынған 3 мектеп бар (Ә.Сығай, №1, №2).

 

01.05.2025 ж.

Білім беру басқармасы

 

Сауран ауданының

әкімдігі

 

Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу

 

Орындалды.

Сауран ауданының білім бөлімі «Ә.Сығай» атындағы жалпы білім беретін мектебі 2021 жылы 300 орынға арналып салынған. Мектеп ғимаратының жобасы бойынша спорт зал, акт зал біріктіріліп қарастырылған. Спорт зал мен акт залдың құрал жабдықтары толық қаралған.

Алайда, аталмыш мектепке акт залын салып беруге ықпал жасауын сұрап, аудан әкімі М.Таңғатаровқа сұраныс хат (28.04.2025 жылғы №41-13/1023) жолданғаны жөнінде Шаға ауылдық округінің тұрғыны Абдукаримов Алишерге түсіндірілді (02.05.2025 жылғы №41-13/1069 санды хаты).

Тұрғын үй саласы

 

7

Шаға ауылдық округіне тұрмысы төмен отбасыларға арнап, тұрғын үй салу туралы

 

Шаға ауылдық округінің тұрғыны Абдукаримов Алишер

Сауран ауданының  орталығы Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекенінен 2025 жылға  24 пәтерлі 2 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы  басталған. Аудан орталығынан салынған көп қабатты тұрғын үй кезекте тұрған    отбасыларға берілетіндігі жөнінде түсіндіру.

01.05.2025  ж.

Сауран ауданының

әкімдігі

 

Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

Орындалды.

Бүгінгі күнде, аудан орталығы Шорнақ ауылынан 24 пәтерлі 2 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Салынған көп қабатты тұрғын үйлер кезекте тұрған отбасыларға берілетін болады.

Дегенмен, аудан ортылығынан тұрғын үйлердің көптеп салынып жатқандығына қарамастан, 2026 жылы Шаға ауылдық округі аумағындағы тұрмысы төмен отбасыларға арнап, «Түркістан Халықаралық әуежайы» тас жолы бойынан 1 қабатты 4 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып жатқандығы жөнінде Шаға ауылдық округінің тұрғыны Абдукаримов Алишерге түсіндірілді (02.05.2025 жылғы №41-13-01/1318 санды хаты).

Денсаулықты сақтау саласы

 

8

Аудан орталығына 500 орындық емхана құрылысын салу туралы

 

Шорнақ ауылының тумасы Жакеев Шүкірхан

500 орындық емхана салу үшін жер телімін анықтап, арнайы жер бөлу;

Сенімгерлік басқаруға беру жобасын әзірлеп, конкурс жариялау;

Жоба барысында әлеуетті инвесторға өз есебінен аудандық емхана құрылысын салу бойынша міндеттеме беру;

Мемлекеттік әріптес ТО денсаулық сақтау басқармасы, әлеуетті инвестор есебінен салынған емхана құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылған соң, аудан тұрғындарын бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымына тіркей отырып,  емханаға қарасты медициналық нысандарды сенімгерлік басқаруға беріп,  әлеуетті инвесторға емхана ғимаратын  18 ай ішінде жүргізу міндетін ұсыну.

30.10.2026 ж.

Денсаулық сақтау басқармасы

 

Сауран ауданының

әкімдігі

Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу

Орындалу үстінде.

Сауран ауданы Шорнақ ауылынан ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана салу жұмыстары бойынша  Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылынан емхана құрылысын жүргізу үшін 8.795 гектар жер бөлініп, құжаттары толық аяқталған. Қазіргі таңда, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы тарапынан  «Сауран аудандық емханасы»  ШЖҚ МКК-нің  жаңа ғимаратын салу және сенімгерлік басқаруға беру жобасы әзірленіп, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан экoномикалық оң қорытынды алынды. Қазіргі таңда конкурс құжаттамалары әзірленуде.

Өзге де мәселелер

 

9

Құмтүйін елді мекенінде көбейіп кеткен жыртқыш шибөрілердің көзін жою туралы

 

Құмтиын ауылының тұрғыны Айтуғанов Ирисбай

ҚР «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағы                             61) тармақшасына сәйкес, Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Орман шаруашылығы инспекциясы және Сауран ауданы әкімдігімен аң атуға рұқсат алған адамдарды тарта отырып, шибөрі аңының санын реттеу жұмыстарын жүргізу.

 

27.06.2025 ж.

Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

Сауран ауданының

әкімдігі

Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

Орындалды.

Түркістан облысы әкімі Н.Көшеровтың ағымдағы жылдың 11-сәуір күні

Сауран ауданы халқымен кездесуінде аудан тұрғындары Құмтүйін ауылының маңында «шибөрі» жыртқышының шамадан тыс көбейіп кетіп, үй жануарларына жиі

шабуыл жасап жатқандығын және аталған мәселені шешіп беруді сұранған.

2025 жылға Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар

дүниесі инспекциясымен 358 қасқырға және 2469 дана шибөрі аңын атуға рұқсат берілген болатын.

Ауыл тұрғындарының талабына сәйкес,                            26-27.04.2025 жылы Құмтүйін ауылында облыстағы шибөрі аңын атуға рұқсат алған                           23 аңшылар жиналып, санын реттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Құмтүйін ауылының маңынан 30-дан астам шибөрі аңы атылды.

Құмтүйін ауылының тұрғыны Айтуғанов Ирисбай іс-шара барысына белсене қатысып, атқарылған жұмыстар бойынша ризашылығын білдірді.

https://www.facebook.com/share/v/1NwggQfXE7/?mibextid=WC7FNe

 

 

10

Кезінде Түркістан мен Кентау қаласына қараған жерлерді Сауран ауданына  ауыстырып, мемлекеттік акт алу үшін төленетін қаржыны мемлекет есебінен төлену мәселесін қарау туралы

 

Үшқайық ауылдық округінің тұрғыны Карабалаева Бибимария

Түркістан, Кентау қалаларында рәсімделген сәйкестендіру актілерін Сауран ауданына қайта рәсімдеу үшін төленетін қаржыны мемлекет есебінен төлеу мүмкіндігі жоқ екендігін түсіндіру.

 

01.05.2025 ж.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ

Түркістан облысы бойынша филиалының жер кадастр бөлімі

 

 

Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу

 

Орындалды.

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру мемлекеттік қызметін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жеке немесе заңды тұлғаларға көрсетеді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жығы 1 қазандағы №301 бұйрығымен  "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілген. Аталған Қағиданың 2-қосымшасының  8-тармағында мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінде көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжаты көрсетілген.

Жоғарыдағының негізінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан обылысы бойынша филиалының Сауран аудандық тіркеу және жер кадастры бөліміне келіп түскен мемлекеттік қызметтер ақылы түрде қызмет көрсетілетіндігі жөнінде Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ ауылы, Бабайқорған көшесі, №25 үй тұрғыны

Карабалаева Бибимария Алдашовнаға түсіндірілді (13.05.2025 жылғы №03-1329-04-31/17 санды хаты).

Дата публикации
06 октября 2025