|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы лар |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
|
Автомобиль жолдары мәселесі |
|
|||||
|
1. |
Қожатоғай ауылындағы Исабек қожа мен Жаңа көшелерінің жолдарына асфальт салу мәселесі.
Қожатоғай елді мекенінің тұрғыны Әженов Айнабек |
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасына енгізілген Қожатоғай елді мекенінің Исабек қожа мен Жаңа көшелерін орташа жөндеу және Елекеев, Есқожа, Майлықожа көшелеріне аяқжол салу жұмыстарын мерзімінде жүргізу. |
30.09.2025 ж.
|
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру
|
ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ Облыстық бюджеттен қаржы қаралып, Қожатоғай елді мекенінің 5 көшесіне орташа жөндеу жоспарланып, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, «Жоғарғы Санат Құрылыс» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Жоба құны - 130,0 млн теңге. Қазіргі таңда мердігер мекеме орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде. |
|
Электр жарығымен қамтамасыз ету мәселесі |
|
|||||
|
2. |
Қаладағы Отырар, Самал, Көктем тұрғын аудандарындағы үйлердің электр жарығын ретке келтіру мәселесі.
Арыс қаласының тұрғыны Кенжебек Батыр |
Арыс қаласындағы Отырар, Самал, Көктем тұрғын аудандары мен Байырқұм, Жиделі және Аққала елді мекендерінің электр жарығы желілері мен электр трансформаторларын жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
30.09.2025 ж.
|
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ Жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер анықталды. «Бірлік дос құрылыс» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Жоба құны 49,9 млн теңге. Қазіргі таңда мердігер мекеме жұмыс жүргізуде. |
|
Табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі |
|
|||||
|
3. |
Байырқұм, Жиделі, Көкжиде елді мекендері тұрғындарына табиғи газ беру мәселесі.
Байырқұм елді мекенінің тұрғыны Сақ Жасан |
Байырқұм, Жиделі және Көкжиде елді мекендерін табиғи газбен толық қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу. |
01.10.2025 ж. |
Арыс қаласының әкімдігі |
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
ОРЫНДАЛҒАН Байырқұм мен Көкжиде, Жиделі елді мекендері ағымдағы жылдың тамыз айында табиғи газға толық қосылды. |
|
4. |
Арыс қаласы орталығындағы тұрғын үйлерді табиғи газға қосу мәселесі.
Арыс қаласының тұрғындары Рысбаев Жақсылық, Мырзахметов Лесбек, Мухамедова Хадиша, Қазбекова Патима, Ағманов Серікбай. |
Арыс қаласы орталығындағы тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау. |
01.10.2025 ж. |
Арыс қаласының әкімдігі
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
|
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
ОРЫНДАЛҒАН ГРП-4 жоғары қысымды жеткізуші газ өткізгіш арқылы Арыс қаласының орталығындағы тұрғын үйлер шілде айына табиғи газбен қамтылған.
|
|
Жарықтандыру мәселесі |
|
|||||
|
5. |
Дермене ауылындағы Әдіходжаев, Думан көшелеріне жарық жүргізу мәселесі.
Дермене елді мекенінің тұрғыны Дүкенбаев Серік |
Дермене елді мекенінің Әдіходжаев, Думан көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жүргізу. |
31.07.2025 ж.
|
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
ОРЫНДАЛҒАН Мердігер ЖК «Қаржауов» Дермене елді мекенінің Б.Әдіходжаев көшесі мен Думан көшесін жарықтандыру жұмыстарын жүргізуді аяқтады.
|
|
Су тасқыны мәселесі |
|
|||||
|
6. |
Қожатоғай мен Байтоғай елді мекендерінің арасындағы жолға жауын мен еріген қар суының ағуына арналған құбыр орнату мәселесі.
Қожатоғай елді мекенінің тұрғыны Маженов Лесхан |
Қожатоғай ауылдық округінің Қожатоғай мен Байтоғай елді мекендерінің арасындағы аудандық маңызы бар жолға орнатылған құбырдың ағын су өткізу қабілетін үлкейту (2х4 метр тюбинг орнату) бойынша жұмыс жүргізу. |
30.06.2025 ж. |
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
ОРЫНДАЛҒАН Жергілікті бюджет есебінен аталған нысанның сарқынды суларды өткізу қабілетін арттыруға қаражат көзделген. Жобаның құны-13,0 млн теңге. Мердігер-жеңімпаз" J-BARS " ЖШС Қожатоғай ауылдық округінің Қожатоғай және Байтоғай елді мекендері арасындағы жолда орнатылған құбыр ағынының өткізу қабілетін арттыру жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. |
|
Денсаулық сақтау мәселесі |
||||||
|
7. |
Қаладан оңалту орталығын ашу мәселесі.
Арыс қаласының тұрғыны Тұрғанбаева Сәулекүл |
Арыс қаласындағы орталық аурухана ғимаратынан оңалту орталығын ашу жұмыстарын жүргізу. |
31.08.2025 ж.
|
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
ОРЫНДАЛҒАН Арыс аудандық орталық аурухана ғимаратынан 10 төсектік оңалту орталығын ашу үшін бөлімшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мамандар оқытылып, дайындалды. Медициналық құралдармен жабдықталды. |
|
8. |
Қаладан жаңа емхана салу мәселесі.
Арыс қаласының тұрғыны Рысбаев Жақсылық |
Арыс қаласынан жаңа емхана құрылысын салу бойынша жұмыс жүргізу.
|
30.10.2027 ж.
|
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ Арыс қаласындағы емхана ғимараттарының тозуына, емхана қуаттылығы мен ғимараттың уақыт талабына сай келмеуіне байланысты ауысымына 500 науқас қабылдайтын заманауи жаңа емхана салу тиімді деп жоспарланған. Қала аумағынан 2,5 га жер бөлініп, жобалау-сметалық құжаттамасы (ары қарай –ЖСҚ) 2021 жылы дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Жоба құны 3,2 млрд теңгені құрады. Тапсырыс беруші «Түркістан облысы құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қаржы бөлу туралы өтінім берілген. Алайда, ЖСҚ мерзімінің уақыты аяқталған (28.07.2024 ж). Сол себепті ЖСҚ-сын жаңартып, құрылысына қаржы бөлуге ықпал жасау бойынша Арыс аудандық орталық аурухана тарапынан облыстық денсаулық сақтау басқармасына 09.04.2025 ж. №775 және 25.04.2025 ж. №835 ұсыныс хаттар жолданды. ДСМ 2026-2028 жылдар аралығындағы бағдарламалық жобаға емхана құрылысы тізімге енгізілген. |
|
Абаттандыру мәселесі |
|
|||||
|
9. |
Абдразақов көшесінде орналасқан №45, 47, 49 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшалары орнату мәселесі.
Арыс қаласының тұрғыны Сәрсенбай Айнұр |
Арыс қаласындағы Абдразақов көшесінде орналасқан №45, 47, 49 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу.
|
01.09.2025 ж.
|
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
ОРЫНДАЛМАҒАН Арыс қаласы, Абдразақов көшесінде орналасқан №45, 47, 49 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшаларын орнату жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Құны – 45,0 млн теңге. |
|
10. |
Ардагер көшесіндегі №106 көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбетін жөндеп, ретке келтіру мәселесі.
Арыс қаласының тұрғыны Намиәлиева Гүлнұр |
Ардагер көшесіндегі №104, 105, 106 көпқабатты тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
01.10.2025 ж. |
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
ОРЫНДАЛМАҒАН Арыс қаласы, Ардагер көшесінде орналасқан №104, 105, 106 көпқабатты тұрғын үйлердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Құны – 42,0 млн теңге. |
|
Өзге мәселелер |
|
|||||
|
11. |
Арыс қаласының Е.Ахметов көшесі мен М.Мақатаев көшесі арасындағы теміржол өткеліне автокөліктерге арналған аспалы көпір салу мәселесі.
Арыс қаласының тұрғыны Еркеев Жаңабай |
Арыс қаласындағы Е.Ахметов көшесі мен М.Мақатаев көшесі арасындағы теміржол өткеліне аспалы көпір салу тиімділігіне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу.
|
19.09.2025 ж. |
Арыс қаласының әкімдігі
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
|
Ұсыныс енгізу. |
ОРЫНДАЛҒАН Арыс қаласының «Оңтүстік» тұрғын ауданында (3215 км пк 7) темір жол өткелі орналасқан. Бұл өткел Арыс қаласынан Шардара, Сарыағаш аудандарына шығатын жалғыз жол болуда. (бірінші көпір 1904 жылы, екінші көпір |
|
12.
13. |
1. Жергілікті ардагерлердің қаладағы шипажайда ем алу мәселесі.
2. Beeline байланысы мен интернет жылдамдығын ретке келтіру мәселесі.
Жиделі елді мекенінің тұрғыны Беков Сабырхан |
1. Арыс қаласы ардагерлерінің қаладағы шипажайда ем алу мүмкіндігін қарастыру. |
29.03.2025 ж. |
Арыс қаласының әкімдігі |
Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
ОРЫНДАЛҒАН Жиделі елді мекенінің тұрғыны С.Бековке Абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар электронды цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып әлеуметтік қызметтер порталында ұсынылған Қазақстан Республикасының кез-келген аумағынан санаторий-курорттық ұйымды және бару мерзімін таңдап, шипажайға жолдана алатыны туралы 18.04.2025 жылы №40-01-01/1239 жауап хат жолданып, аталған бағдарламаға сәйкес, жергілікті Арыс-шипажайына тек мүгедектігі бар адамдар ғана жолдана алатыны туралы түсіндірілген. Соғыс ардагерлері мен еңбек ардагерлеріне және зейнеткерлерге «Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының тарапынан басқармаға қарасты «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» шипажайларына Арыс қаласына жылына 320 жолдама берілген. Жергілікті бюджеттен мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес конкурс жарияланып, нәтижесінде «Денсаулық» шипажайы жеңімпаз атанған. Сол себепті зейнеткер ретінде «Денсаулық» шипажайына бару мүмкіндігі бар екендігі туралы С.Бековке қосымша 19.06.2025 ж. №40-01-01/1890 хатпен хабарланды.
|
|
2. Жиделі елді мекеніндегі ұялы байланыс арнасы мен интернет жүйесіне тиісті операторлармен бірлесіп зерделеу жүргізіп, интернет жылдамдығын ретке келтіру. |
19.04.2025 ж. |
Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ұсыну |
ОРЫНДАЛҒАН Жиделі елді мекеніндегі ұялы байланыс арнасы мен интернет желісіне «Картел» ЖШС қызметкерлері ағымдағы жылдың 5 сәуірі күні зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде анықталған кемшіліктер ретке келтіріліп, қазіргі таңда байланыс арнасы мен интернет желісі қалыпты жағдайда жұмыс атқаруда. |
||
|
14. |
Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін бөлу мәселесі.
Арыс қаласының тұрғыны Ағманов Серікбай. |
Арыс қаласындағы тұрғын үй құрылысына жер учаскесін бөлу мәселесі бойынша заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
29.03.2025 ж. |
Арыс қаласының әкімдігі |
Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
ОРЫНДАЛҒАН С.Ағманов 07.08.2018 жылғы №ЖТА-541 санды өтінішпен тіркелген. Қазіргі таңда 1899 - кезекте тұр. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және басқа да құқықтық нормативтік актілерге сәйкес инфрақұрылым бойынша жұмыстар жүргізілген жағдайда, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін пайдалануға беруге болатындығы түсіндірілді. |