Түркістан облысы әкімі Н. Көшеровтің Мақтаарал ауданы тұрғындарымен 13.03.2025 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Орындалуы

Автомобиль жолдары саласы

1.

Мақтаарал ауданы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар «Ташкент-Термез» бағытындағы
М-39 автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталған болатын. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары  қашан аяқталады?

Бірлік ауылдық округі тұрғыны А.Еркинов

 

Республикалық маңызы бар «Ташкент-Термез» бағытындағы М-39 автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарының мерзімінде сапалы орындалуын қамтамасыз етсін. 

01.11.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары (З.Жолдасов)

 

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ-нің Түркістан облыстық филиалы

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

 

Орындалу үстінде.

Мақтаарал ауданы аумағынан өтетін республикалық маңызы бар «Ташкент-Термез» бағытындағы М-39 автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарының мерзімінде (01.11.2025ж) сапалы орындалуын қамтамасыз етсін тапсырманың орындалмау қауіпі бар.

Себебі, мердігер тарапынан («Максдорстройсервис-21» ЖШС)  жұмыс кестесіне сәйкес, мерзімінде тиісті жұмыстар атқарылмауына байланысты келісім шарт бұзылып, сот процессі болып өткен.

Қазіргі таңда сот процесі аяқталып, «ҚазАтоЖол» ҰК АҚ Түркістан облыстық филиалы мен мердігер «Максдорстройсервис-21» ЖШС арасында 15.08.2025 жылы қосымша келісім шарт түзілген.

Ескертпе үшін: "Тапсырыс беруші мен мердігер мекеме арасындағы туындаған сот дауына байланысты нысанның құрылыс жұмыстары 2026 жылға өтпелі болып отыр.

Анықтама үшін: 2024 жылы жоспарға сәйкес жолдың ортасындағы бордюрларды алу жұмыстары жүргізілген. Басқа жұмыстар атқарылмаған. Ұзындығы – 24,1 км, ені – 20 м. Келісім шарт құны - 3,0 млрд.теңге.

Мердігер - «Максдорстройсервис-21» ЖШС, Техникалық қадағалаушы - «ARTERIA» ЖШС.

 

    Құрылыс саласы

2.

Ауданымызда бүгінгі күнге дейін ойын сауық және демалыс орындары жоқ. Аудан орталығындағы 2022 жылдан бері құрылысы созбалаңға салынған орталық саябақты реконструкциялау жұмыстары қашан аяқталады? Сізден өтініш соны тездетіп шешіп берсеңіз.   

 

Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Ердешев

Орталық саябақты реконструкциялау жұмыстарын мерзімінде  және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін. 

30.08.2025 ж.

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

 

Орындалды.

Ағымдағы жылы саябақтың құрылыс жұмыстарына 386,4 млн. теңге қаржы бөлініп, биыл қазан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Анықтама үшін:

Нысанның сметалық құны: 633,0 млн.тг.,

Конкурстық құны: 596,4 млн.тг.

Тапсырыс беруші: «Мақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-сі.

2022 ж. ОБ - 10,0 млн.тг;

2023 ж. - қаржы қаралмаған;

2024 ж. ОБ - 200,0 млн. тг. бөлінді.

2025 ж. ОБ есебінен 386,4 млн.тг қалдық соммасы толығымен қаралған.

 

Білім саласы

3.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі аумағынан салынуы жоспарланған жайлы мектептің қажеттілігі жоқ. Себебі жанындағы мектепің балдары барлығы сол мектепке ауысып кетіп, ауылдағы қалған мектептер оқушысыз бос қалады.

Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі тұрғыны Қ.Жораев

Мектептің қажеттілігі бойынша зерделеу жұмыстары қайта жүргізіліп, нәтижесі бойынша ұсыныс енгізсін.

 

 

 

 

 

10.04.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары (Б.Тәжібаев)

 

Облыстық білім басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

 

 

 

Ұсыныс енгізу

Орындалды.

Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы ауылында 2108 халық мекендейді (оның ішінде 0-5 жас аралығында-301, 6-17 жас аралығында - 569 бала).

Аталған елді мекенде, 1974 жылы жобалық қуаттылығы 536 орынға арналып салынған «Ы.Алтынсарин  атындағы №26 жалпы білім беретін мектебі»  жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда  379 оқушы білім алуда (2 ауысымда 1000 оқушы білім алуға мүмкіндігі бар). Аталған елді мекеннен бүгінгі таңда оқушы орын тапшылығы болмауына байланысты «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасымен жоспарланған 300 орындық мектеп құрылысын салуға қажеттілік жоқ екендігі туралы облыс әкімі орынбасары Б.Тәжібаевтың атынан облыс әкіміне қызметтік хат енгізілген (02.05.2025 ж., №25-347-Қ/Х)

4.

Қазіргі таңда, ата-аналар өз балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында балаларын бірнеше үйірмеге жазып жатады.

Ауданда «Оқушылар сарайы» аса қажет. Себебі, әр үйірмеге бала өз қабілетін дамытуға және мектепте алған білімін жетілдіруге, болашақта мамандық таңдауда адаспауға көмектеседі.

Сондықтан біздің ауданға «Оқушылар сарайы» ғимаратын салуға ықпал жасауыңызды сұраймын.

Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы С.Оңғаров

«Оқушылар сарайы» ғимаратының құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізсін.

 

01.10.2026.

 

Қаржы бөлінуіне қарай

 

 

Облыс әкімінің орынбасары (Б.Тәжібаев)

 

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық білім басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

 

Орындалу үстінде.

Мырзакент кентінде орналасқан «С.Рахымов атындағы №4 мектеп» аумағынан типтік үлгідегі 300 орындық «Оқушылар сарайы» ғимаратының құрылысы үшін жер телімі (0,57 га) бөлінді. ЖСҚ әзірленді, конкурстық құны: 2,0 млрд. тг. құрады.

2025 жылы құрылыс жұмыстарын бастау үшін облыстық бюджет есебінен 200,0 млн. теңге бөлініп, мердігер мекеме  "Vek-Stroy-Com" ЖШС анықталды. Қазіргі таңда Шұңқырды жасау (котлован) -100%, Іргетасқа жастық салу (падушка)-100%, Іргетас  (Фундамент) -100%,  1-ші қабаттың колонна-100%, 1-ші қабаттың ригель-100%, Құймалы жабынды плитасы-100%, қыш қалау жұмыстар-15% құрайды. Нысанды 2026 жылдың соңында пайдалануға беруді жоспарлануда.

 

Мәдениет саласы

5.

2024 жылдан бері құрылысы жалғасып келе жатқан Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы елді мекеніндегі және Достық ауылдық округі, Қалшораев елді мекеніндегі мәдениет үйлерінің құрылысы қашан аяқталады, биыл ел игілігіне беріледі ма, жоқ па?

 

Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі тұрғыны Қ.Жораев

 

 

 

 

Мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес сапалы әрі мерзімінде аяқтасын.

01.10.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары (Е.Алтаев)

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық мәдениет басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

 Нысанды пайдалануға беру

 

Орындалды.

1.      «Мақтаарал ауданы, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы елді мекенінен мәдениет үйі және кітапхана құрылысы»

     Тапсырыс беруші мекеме: «Мақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ;

 Конкурстық құны 794 002,7 мың теңге.

"Ауыл-Ел Бесігі" бағдарламасы аясында 2024 жылға 202 000,0 мың теңге, 2025 жылы 592 002,0 мың теңге,   қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

     2. «Мақтаарал ауданы, Достық ауылдық округі, Ж.Қалшораев елді мекенінен мәдениет үйі және кітапхана құрылысы»

 

Тапсырыс беруші мекеме: «Мақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ;

Конкурстық құны 743 563,8 мың теңге.

"Ауыл-Ел Бесігі" бағдарламасы аясында 2024 жылға 200 000,0 мың теңге қаржы қаралып маусым айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталған. 2025 жылға қалған 543 563,8  мың теңге қаржысы толық қаралып, ағымдағы жылдың 17-ші қыркүйек айында нысанның ашылу рәсімі салтанатты түрде өткізілді.

Ауыз су мәселесі

6.

Жаңа жол а/о қарасты Ақжол, Арайлы елді мекендері,  Мақтарал а/о Игілік елді мекені және Мырзакент кентіндегі Мәдіходжаев көшесіндегі ауыз су құбырларының әбден тозығы жеткен. Жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі? және аталған жобаға қаржысын тездетіп бөліп беруге ықпал жасасаңыз.

Мырзакент кенті тұрғыны Е.Қазыбеков

6. Тозығы жеткен ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізсін.

6.1. Құрылысын жүргізу үшін республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

6.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

 

2025-2026 ж.ж.

 

 

01.05.2025 ж.

 

 

 

 

2025-2026 ж.ж.

 

Қаржы бөлінуіне қарай

 

Облыс әкімінің орынбасары (З.Жолдасов)

 

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

 

Орындалу үстінде.

Ақжол, Игілік, Арайлы елді мекендері мен Мырзакент кентіндегі Т.Мәдіходжаев көшесіндегі ауыз су жинау ғимаратының жүйелерін қайта құру жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындылары 2023-2024 жылдары алынған.

 Атап айтқанда Ақжол, Игілік е.м. 2023 жылдың желтоқсан айында, Арайлы е.м. 2024 жылдың наурыз айында, Мырзакент кентіндегі Мадиходжаев көшесіндегі ауыз су жинау имаратына 2023 жылдың қараша айында.

 2024 жылы облыстық бюджеттен 4 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Бұл қаржыға мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігер ұйымдар анықталды.

-       Ақжол және Игілік елді мекендеріне мердігер «Содбис-Строй» ЖШС, конкурстық құны 1 125,45 млн теңге,

 

-       Арайлы елді мекені мен Мырзакент кентіндегі Т.Мәдіходжаев көшесіне мердігер «САҚ-Құрылыс» ЖШС, конкурстық құны 1 730,4 млн теңге.

 2025 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау мақсатында жалпы сомасы 2 851,4 млн теңге көлеміндегі қаржыны қарастыру үшін салалық басқармаға бюджеттік өтінім жолданды, қаржы қаралмады. Осыған орай, аудандық бюджеттен 2025 жылға 275,0 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді.

- Игілік елді мекеніне – 137,5 млн теңге;

- Ақжол елді мекеніне – 137,5 млн теңге.

Қазіргі таңда осы қаражат есебінен құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қалған қажетті 2 576,8 млн теңге қаржы облыстық бюджеттен қаралған жағдайда нысыанның құрылыс мантаж жұмыстаны 2026 жылы толық аяқталатын болады.

Спорт саласы

7.

Құрметті Нұралхан Оралбайұлы! Ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында әр ауылдық округтердің орталықтарынан спорт кешендері салынып берілсе дұрыс болар еді.

Атакент кенті тұрғыны Е.Мамасарипов

Спорт кешендерін салу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу.

Тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары (Е.Алтаев)

 

Дене шынықтыру және спорт басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Түсіндіру

Орындалды

Аудан аумағында 2 кент (Мырзакент, Атакент) және 2 ауылдық округтердің орталықтарында (Достық, Өркениет елді мекендері) спорт кешендері жұмыс жасауда.

Бүгінгі таңда, Нұрлыбаев ауылдық округінің орталығы Ынталы елді мекенінде 150 орынға арналған типтік үлгідегі мәдениет үйі, кітапхана және кіші спорт залы бар нысаны ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға тапсырылады деп жоспарлап отырмыз.

Анықтама үшін:

5 ауылдық окуругтерінің орталық елді мекендерінен (Достық, Еңбекші, Иіржар, Бірлік, Жамбыл) спорт кешенін салу үшін ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған.

Қалған А.Қалыбеков, Жаңажол ауылдық округтері орталығынан спорт кешендерін салу үшін жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

Дата публикации
06 октября 2025