Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс аумағында орналасқан су айдындарында қайғылы оқиғаларды болдырмау және олардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Мұзда болған кезде тыйым салынады:
1) «Мұз үстімен өтуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде мұзға шығуға;
2) Қараңғыда, нашар көрінген кезде және мұз қату және мұз еру кезінде мұзға шығуға;
3) мұздың жұқа және қатпаған жерлеріне шығуға (мұздың қалыңдығы бір адам үшін кемінде 10 сантиметр, ал жеңіл көлік үшін кемінде 25 сантиметр болуы керек);
4) мұз үстінде құтқару кеудешелерінсіз болу;
5) мұздағы ойықтарға, жарықтарға, ойықтарға жақындау;
6) мұзды аяқпен теуіп тексеруге;
7) алкогольді ішімдіктерді мұзда ішу немесе мас күйде мұзға шығуға;
8) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;
9) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтармен жиналуға (топ болып, мұздан өтетін болсаңыздар, мұзға аса қатты салмақ түсірмеу үшін 5-6 метрдей болатын бір-біріңіздің арақашықтықтарыңызды сақтап жүріңіздер);
10) от жағуға;
11) 20 сантиметрден аз қашықтықта екі тесікті, ал басқа жұп тесіктерден 2 метрден аз қашықтықта екі тесікті тесу;
12) балаларға ересектердің қарауынсыз мұзда ойнауға рұқсат бермеңіз;
Мұздың қалыңдығы 25 сантиметрден кем болған кезде мұз астында балық аулауға жеке құтқару құралдары (ысқырық, құтқару шильці, құтқару кеудешесі, диаметрі 11 миллиметрден кем емес, ұзындығы 12 метрден кем емес арқан, ұзындығы 2 метрден кем емес таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон) болған кезде жол беріледі.
Шағын көлемді кемелерде болған кезінде:
1) Қайықтың жарамдылығын тексеру, оны құтқару жилеті, құтқару шеңбері мен белдіктермен жабдықтау керек;
2) Балық немесе аң аулау орнын мұқият тексеріп, қарап алу қажет;
3) Мас күйінде немесе есірткіге масайған күйде балық немесе аң аулауға қатаң тыйым салынады;
4) жеке құтқару құралдарынсыз серуендеуге тыйым салынады;
5) 7 жасқа дейінгі балаларды серуендетуге тыйым салынады;
6) кемені белгіленген нормадан артық тиеуге тыйым салынады;
7) Өзімен бірге міндетті түрде медициналық қобдиша, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің орналасқан орны туралы хабарлағыш құралдарының болуы тиіс;
8) Қайықта шелектің немесе ондағы суды сыртқа шығару үшін ыңғайлы басқа да ыдыстардың болуы тиіс;
9) Балық немесе аң аулауға керекті құрал-жабдықтарды қайықтың немесе кеме бортының бойына, ал қалған бұйымдарды (киім, қолсөмке, шабадан) қайықтың отырғышының астына, тұмсығына немесе артқы бөлігіне жинақы орналастырыңыз.
Су айдындарында тыйым салынады:
1) су айдындарының жабдықталмаған учаскелерінде және «Суға түсуге тыйым салынады» белгілері белгіленген жерлерде шомылуға;
2) жүзудің шекарасын белгілейтін қалқыбелгілерден кейін жүзуге;
3) шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақындау;
4) суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жағажайлардан, табиғи құралымдардан (жартастардан, құздан, қойтастардан, жақтаулардан, қоршаулардан және басқа да заттардан), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге;
5) жалған дабыл айқайларын беру;
6) өз бетінше су айдындарында қауіпсіздік белгілерін жоюға (алып тастауға), бүлдіруге немесе орнатуға;
7) суға кіруге және алкогольді және есірткіге мас күйде шомылуға;
8) тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
9) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
10) су айдындарындағы қауіпсіздік белгілеріне, қалқыбелгілерге шығуға;
11) балаларға ересектерсіз суға кіруге жол берілмейді;
12) балаларды қараусыз қалдыруға;
13) су объектілеріндегі жаппай демалу орындарының жұмыс уақытынан тыс және (немесе) түнгі уақытта суға кіруіне жол берілмейді.
Ескертпе: Су айдындарында, сондай-ақ балық аулау кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 412 - бабы бойынша жеке тұлғаларға 7 АЕК (27 524 теңге) айыппұл салынады.
Қосымша: Түркістан облысы аумағында су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер (коммуналды жағажай орындары).
«Түркістан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 89 қаулысына сәйкес облыс аумағында шомылуға, туризм мен спортқа арналған 27 орын белгіленген. Атап айтқанда:
|
№ р/с |
Су нысанының атауы |
Халықтың көпшілік демалатын орны |
Елді-мекендер |
|
1 |
Арыс өзені |
Өзен жағасы |
Арыс қаласы, Отырар ауданы |
|
2 |
Көксарай шипажайы |
Жаға-жай (пляж) және емдік сауықтыру |
Арыс қаласы, Шөгірлі елді мекені |
|
3 |
Сырдария өзені |
Жабайы суға шомылу орны |
Арыс қаласы, Шардара, Келес, Отырар аудандары |
|
4 |
Шардара су қоймасы |
"Күміс жағажайы" демалыс аймағы |
Шардара су қоймасының жағалауы |
|
5 |
Шардара су қоймасы |
"Алтын жағажай" демалыс аймағы |
Шардара су қоймасының жағалауы |
|
6 |
Шардара су қоймасы |
Демалыс аймағы |
Шардара су қоймасының жағалауы |
|
7 |
Қасқасу өзені |
"Көктөбе" демалыс орны лагер бар |
Төлеби ауданы, Қасқасу елді мекені |
|
8 |
Біркөлік тау өзені |
"Маяк" демалыс орны |
Төлеби ауданы, Біркөлік ауылы |
|
9 |
Біркөлік тау өзені |
"Нұрлы аймақ" демалыс орны |
Төлеби ауданы, Біркөлік ауылы |
|
10 |
Біркөлік тау өзені |
"Бастау" демалыс орны |
Төлеби ауданы, Біркөлік ауылы |
|
11 |
Біркөлік тау өзені |
"Жақсы көрем" демалыс орны |
Төлеби ауданы, Біркөлік ауылы |
|
12 |
Ақмешіт тау өзені |
"Жерұйық" демалыс орны |
Төлеби ауданы, Біркөлік ауылы |
|
13 |
Ақмешіт тау өзені |
"Шипа бұлақ" демалыс орны |
Төлеби ауданы, Біркөлік ауылы |
|
14 |
Сайрамсу өзені |
"EcoV и IIage" "Kaskasu" демалыс орны |
Төлеби ауданы, жоғарғы Қасқасу ауылы |
|
15 |
Машат өзені |
"ДиА" демалыс орны |
Түлкібас ауданы, Машат шатқалы |
|
16 |
Машат өзені |
"Ақ шатыр" демалыс орны |
Түлкібас ауданы, Машат шатқалы |
|
17 |
Машат өзені |
"Бес-Арыс" демалыс орны |
Түлкібас ауданы, Машат шатқалы |
|
18 |
Машат өзені |
"Машат" демалыс орны |
Түлкібас ауданы, Машат шатқалы |
|
19 |
Боралдай өзені |
Өзен жағасы |
Бәйдібек ауданы |
|
20 |
Қошқар ата өзені |
Өзен жағасы |
Бәйдібек ауданы |
|
21 |
Қосқорған су қоймасы |
Су қоймасының жағасы |
Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, Құсшыата елді мекені |
|
22 |
Кеңсай-Қосқорған 2 су қоймасы |
Су қоймасының жағасы |
Сауран ауданы, Ораңғай ауылдық округі, Қосқорған елді мекені |
|
23 |
Түркістан туристік-рекреациялық орталығындағы жасанды көл (Шаға) |
Көл жағасы |
Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Ынтымақ ауылы |
|
24 |
Түркістан қаласындағы ескек есу каналы |
Ескек есу каналының жағасы |
Түркістан қаласы |
|
25 |
"Жетікөл" көлдер жүйесі |
Көл жағасы |
Отырар ауданы, Қарғалы ауылдық округі, Отырар ауылы |
|
26 |
Әкімшілік іскерлік орталықтағы қалалық саябақтағы "жасанды көл" |
Көл жағасы |
Түркістан қаласы |
|
27 |
Бірінші Президент саябағындағы "Жасанды су қоймасы" |
Жасанды су қоймасының жағасы |
Түркістан қаласы |
Ескертпе: Аталған коммуналдық жағажайлар ҚР ІІМ-нің 2015 жылғы
19 қаңтардағы № 34 «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жабдықталған және жазғы шомылу маусымында (1 маусым – 31 тамыз аралығы) жұмыс жасайды.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті