|
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
||||||
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Жою механизмі |
Мерзімі |
Уәкілетті мемлекеттік органның ұйғарымы
*Егер ұсынымдар өзге мемлекеттік органдарға жолданған болса |
Орындалды/ орындалмады |
|
|
1 |
Коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және табиғатты қорғау бөлімінің функционалдық қызметіне жататын «Ауыл - ел бесігі» жобасының іске асырылуын қарап, келесі тәуекел аныкталды: «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында іске асыру жоспарланған жобаларға 3 жылға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі бекітілген. Бекітілген жалпы сипаттағы трансферттер көлеміне сәйкес, аудан, қала әкімдіктері 3 жылда тіректі жене спутникті елді мекендерде іске асырылатын жобалардың тізбесін бекітіп, облыстык бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне бюджеттік өтінімдерімен қоса негідеуші құжаттарын қоса ұсынулары қажет. Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бюджетті қалыптастыру немесе нақтылау барысында аудан, қала әкімдіктері тарапынан ұсынылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес, жобаларды қарап, іріктеп баскармаға усынады. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстарын ескере отырып, 3 жылға арналған бюджет қалыптастырылып, бекітіледі. Жоғарыдағы көрсетілгендерге сәйкес, бюджетті қалыптастыру немесе нақтылау барысында облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен тікелей қарым-қатынас жасау сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне алып келуі мумкін.
|
Сұраныс хат жолдау |
18.09.2024 ж. |
Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, мемлекеттік қызметкердің цифрлық жұмыс орны (МҚЦЖО) құжаттарды жүктеу көлемін 60 МБ-қа дейін (қазір 30 МБ-тан аспайды) сонымен қатар, МҚЦЖО поштасында кіріс және шығыс хаттардың көптігіне байланысты, хат қабылдау және жөнелту көлемін арттыруды сұрайды.
|
Орындалды.
№ 18/1193 от 18.09.2024
|
|
|
2 |
Қазакстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау кағидалары» және Қазакстан Республикасы Ұлттық экономика министрінін 2015 жылы 25 қарашадағы №725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрықтарына сәйкес, экономикалық қорытынды алу ушін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан бюджеттік инвестициялық жобалардың құжаттамалары қолма-қол ұсынылады.
|
Сұраныс хат жолдау |
18.09.2024 ж. |
Ұлттық экономика министрлігі 2024 жылдың 17 мамырдағы №30-1-17/2383-И санды хатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің2024 жылғы 22 ақпандағы № 5 бұйрығына сәйкес мемлекеттік инвестициялық жобалар, ТЭН, ҚЭН және МЖӘ жобаларын «Мемлекеттік жоспарлау» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – МЖАЖ) «Мемлекеттік инвестициялық жобасы» модулі арқылы қабылданатыны туралы баяндалды, осыған орай облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне 5 маусымында техникалық оқу жүргізілетіні туралы №18/804 санды хатымен жолданды. Техникалық оқу сабағына салалық басқармалар тарапынан жауапты мамандар қатысты. |
Орындалды.
Исх. № 30-1-17/2383-И от 17.05.2024, Вход № Д-3888 от 17.05.2024
№ 18/804 от 04.06.2024
Орындалды |
|
|
3 |
Бюджетті қалыптастыру немесе нақтылау барысында облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен тікелей қарым-қатынас жасау сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі мүмкін. |
Сұраныс хат жолдау |
18.09.2024 ж. |
Бюджетті тиімді жоспарлау үшін мемлекеттік сатып алу порталындағы тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің каталогы (әрі қарай - ТЖҚК) бойынша республика көлемінде медианды бағаны бекітіп беру бойынша ұсыныс жолданды. Бұл өз кезегінде аталған өзгеріс қабылданған жағдайда, нақты тауардың немесе қызметтің бағасын анықтауға және сапалы жоспарлауға мүмкіндік береді. |
Орындалды.
№ 18/1207 от 24.09.2024 |
|