|
Мәдениет және туризм басқармасы |
||||||
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органдарға жіберген жағдайда |
Орындау Мерзімі |
|
|
1 |
1. Тарихи-мәдени құндылыктарды қорғау бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетіледі: ол «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру». Аталған қызметті көрсету барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы «Мемориалдық тақталар орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілген қызметті берушінің кеңсесіне немесе «электрондық үкімет» арқылы бере алады. Алайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы басқармаға келіп құжатты өткізуді таңдаған жағдайда көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс тудыруы жағдайы орын алады. Аталған жағдай мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші мен қызмет алушы арасында сөз байласу жағдайы туындау мүмкіндігі жоғары. |
«электрондық үкімет» арқылы www.egov.kz, www.elisence.kz веб –порталдары арқылы жолдау бойынша басқарманың ресми парақшаларында көрсетілетін қызметті алушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу |
Хаттама Ресми парақшаларында көрсетілетін қызметті алушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді
|
- |
Маусым 2024 жыл |
|
|
2 |
Жоспарлау-қаржы бөлімінде 2023 жылдың қорытындысымен 766-005 бюджеттік бағдарламасы бойынша ұлғайтылған 2 719, 0 мың теңгеге, 766-007 бағдарламасы бойынша қысқартылған 10 000,0 мың теңгеге, 766-008 бағдарламасы бойынша ұлғайтылған 30 000,0 мың теңгеге жалпы 42 719,0 мың теңгеге КММ және МКҚК тарапынан басқармаға ұсынылған бюджеттік өтінімдер, түсіндірме жазбалар, хаттар және растаушы құжаттар тіркелмеген. Орын алған жағдай бойынша ұсынылуға тиісті құжаттардың толық ұсынылуы талап етілместен бюджеттік өтінімге өзгертулер мен толықтырулар жүргізілген. Аталған жағдай өз кезегінде сыб.жем.тәуекелін тудыруы мүмкін.
|
Тәртіптік шара көру бойынша тиісті жұмыстар атқару |
Бұйрық Басқарма басшысының орынбасары А.Конысбековке тәртіптік шара көру туралы 27.06.2024 жылғы №131 -ж/қ бұйрық
|
- |
Маусым 2024 жыл |
|
|
3 |
2023 жылы «Рейтинг Media» ЖШС-не келісімшартсыз жалпы 100,0 мын теңге аударылған. |
Тәртіптік шара көру бойынша тиісті жұмыстар атқару |
Бұйрық 100,0 мын теңге облыстық бюджетке төленді 26.06.2024 ж. түбіртек
|
- |
Шілде 2024 жыл |
|
|
4 |
Мәдени іс-шараларды және шығармашылық үйірмелердің жұмысын үйлестіру бөлімінде жетекшілік ететін мекемелер концерттік ұйым, театрлар өткізетін мәдени іс-шаралар, театрлық қойлымдарға шақыртылған өнер иелеріне (әнші, актер) қызмет көрсету бағасын келісім шарт жасасу барысында бағаны қолдан өсіру қаупі жоғары. Аталған жағдай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мумкін. |
Мәдениет және өнер мекеме басшыларының қатысуымен жиналыс өткізу |
Хаттама Мемеме басшыларының қатысуымен мәжіліс өткізілді 21.08.2024 жылы №06 хаттама
|
- |
Тамыз 2024 жыл |
|
|
5 |
Шығармашылық үйірмелер бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің (жеке кәсіпкер) баскармаға келіп немесе телефон арқылы баскарманың мамандарынан (оператор) түсіндірме жұмыстарын жүргізуді талап ету жағдайлары орын алуда. |
Әлеуетті өтінім берушілерге (жеке кәсіпкерлерге) тоқсанына 1 рет түсіндірме жұмыстарын жүргізу, дөңгелек үстел өткізу |
Хаттама |
- |
тамыз-қыркүйек 2024 жыл |
|
|
6 |
Өнім берушілер айлық тәбілі «ART SPORT платформасы» арқылы жолданады соған сәйкес мемлекет тарапынан қаржылық төлем жүргізіледі. Басқарма мамандарының тарапынан жолданған тәбілдің дұрыстығын тексерместен қабылдануы мүмкін. Жоғарыда анықталған жағдайлар сыбайлас жемқорлық тәуекеліне соқтыру мүмкіндігі бар. |
Оператор өтінім берушілер тарапынан жолданған тәбілдерде сабақ кестесі бойынша бақылау жұмыстарын жүргізу |
Хаттама |
- |
тамыз-қыркүйек 2024 жыл |
|
|
7 |
Кадрлық ауысуға катысты: мәдени іс-шараларды және шығармашылық үйірмелердің жұмысын үйлестіру бөлімінде 1 бос бас маман ұзақ мерзімде жыл соңына дейін конкурсқа жарияланбаған. Аталған жағдай сыбайлас жемкорлық тәуекеліне себеп болуы ыктимал. |
Түркістан облысы әкімі аппаратына бос орын бойынша конкурсқа жариялау бойынша хат жолдау |
Хат Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі «Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы №68 қаулы, Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 01 шілдедегі «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы №134 қаулыларына сәйкес мәдениет басқармасы құрылып шаттық құрылымы қайта бекітілді осыған орай, конкурсқа жариялау бойынша хат жолдау жұмыстары қыркүйек айына жоспарланды. |
- |
Шілде 2024 жыл |
|
|
8 |
«Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорнында қызметкерлердің еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы түзілместен 2024 жылға қызметкерлерге айлық жалақы төленген. Орын алған жағдай музей қызметкерлеріне айлық жалақы төлеу барысында сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне әкеліп соқтыруы ықтимал. |
Қызметкерлердің еңбек кітапшаларындағы еңбек өтіліне сәйкес хаттама түзу |
Хаттама «Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК-ны қызметкерлерінің еңбек кітапшаларындағы еңбек өтіліне сәйкес 01.08.2024 жылғы №8 хаттамасы түзілді |
- |
Тамыз 2024 жыл |
|
|
9 |
«Облыстық халық шығармашылығы ортылығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында экономист маманы қосымша 0,5 жүктемеде мемлекеттік сатып алу бойынша маманның қызметтік міндетін атқаратындығы анықталды. Мекеменің есепшісі мемлекеттік сатып алу маманының міндеттерін қоса атқарған жағдайда тікелей өзінің лауазымдық міндеттерін атқара отырып (қаржы аудару) сыбайлас жемқорлық тәуекеліне себеп болу мүмкіндігі бар. |
enbek.kz-электрондық еңбек биржасы порталына бос орын бойынша жариялау жұмыстарын жүргізу |
Сілтеме «Облыстық халық шығармашылығы ортылығы» МКҚК-ны enbek.kz-электрондық еңбек биржасы порталына мемлекеттік сатып алу бойынша маман бойынша бос орын 05.09.2024 ж жарияланды
|
|
Тамыз 2024 жыл |
|
|
10 |
«Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония» МКҚК-да (бұдан әрі - Филармония) бөлім басшылары және мамандардың лауазымдық нұсқаулықтары бекітілмегендігі анықталды. Анықталған жағдай қызметтік міндеттерін атқару барысында жұмыс беруші мен қызметкер арасында сөз байласа отырып функцоналдық міндеттерді тисті деңгейде орындамауына әкеліп соқтырады. Бұл жағдай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін. |
«Ш. Қалдаяқов атындғы облыстық филармония» МКҚК-ны қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту |
Бұйрық |
|
Қыркүйек 2024 жыл |
|
|
11 |
«Төлеби ауданының музейі» МКҚК-на музейдің күзетшілері жылына бір реттік еңбек демалысына шыққан уакытына, еңбек демалысындағы қызметкердің орнына 24 күнтізбелік күнге уакытша қызметкер қабылданған. (29.04.2022 ж №5 бұйрық). Уақытша 24 күнге қабылдаған қызметкерді enbek.kz-электрондык еңбек биржасына жарияланбастан жұмыс берушінің бұйрығымен рәсімделіп жұмысқа қабылданған. Анықталған факт сыбайлас жемкорлық тәуекеліне әкеліп соқтыруы ықтимал. |
Қолданыстағы НҚА сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізу |
Бұйрық «Төлеби ауданының музейі» МКҚК-ның директоры З. Курасбекке тәртіптік жаза қолдану туралы 26.07.2024 жылғы №24-ж/қ бұйрық Қолданыстағы НҚА сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
|
|
Қыркүйек 2024 жыл |
|
|
12 |
«Түркістан облысының мақта шаруашылығы музейі» МКҚК-на 2022 жылдың 05 қыркүйек №33-к бұйрығы негізінде Қаблан Жандос филиалдың экскурсия жүргізушісі лауазымына қабылданған. 2022 жылдың 12 қыркүйек №35-к бұйрығымен Қаблан Жандос осы филиалдың меңгерушісі қызметіне тағайындалған. Аталған жағдай сыбайлас жемкорлық тәуекеліне себеп болуы ықтимал. |
Қолданыстағы НҚА сәйкес түсіндірме жұмыстарын жұргізу |
Хаттама |
|
Қыркүйек 2024 жыл |
|