Өңірде “Таза Қазастан” бағдарламасын іске асыру аясында экобақылау өткізілді

       Мемлекет басшысының бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдау және Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен 2024 жылғы 15 тамыз – 15 қыркүйек аралығында азаматтық қоғам өкілдерін, қоғамдық кеңестерді, экологиялық үкіметтік емес ұйымдарын, эко-волонтерлерді кеңінен тарта отырып, «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы өткізілуде.

       Аталған акция шеңберінде туризм және тарихи-мәдени объектілеріне эко-бақылау апталығы бойынша, 2024 жылдың 15 тамыз күні сағат 10:00-де Түркістан қаласы, «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне қоғамдық эко-бақылау жұмыстары жүргізілді.

       Қоғамдық эко-бақылау жұмыстарына Түркістан облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.

       Эко-бақылау барысында, қоғамдық кеңес мүшелері «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің жай күйін бақылап, тиісті ұсыныстар енгізді.

 

 

 

Дата публикации
15 августа 2024