Шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау
жөніндегі ашық тендер негізінде конкурстар ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның
2023 жылғы 10 қарашадағы №5 ХАТТАМАСЫ
Комиссия құрамы:
А.Джумабаев - Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, комиссия төрағасы;
Е.Бухарбаев - Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық тасымалды дамыту бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;
М.Кулимов - Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық тасымалды дамыту бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі;
Е.Өміртай - Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қаржыландыру бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі;
М.Шарипов - Түркістан станциясы басшысының міндетін атқарушы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Б.Шаймаханов - Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық тасымалды дамыту бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы.
Күн тәртібі:
Конкурсқа қойылған
Шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар «Түркістан-Бадам» (№1 лот) және «Түркістан-Сарыағаш» (№2 лот) теміржол бағыттары бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурстар ұйымдастыру және өткізу үшін 2023 жылдың 25 мамырында өткізілген конкурстық комиссия отырысын жалғастыру.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 20 (Басқармалар Үйі), 3 қабат мекенжайында, 2023 жылғы 25 мамырда сағат 14:30-да жүргізілді.
Конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жоқ.
Тасымалдаушылардан конкурстық құжаттамаға түсінік беру туралы өтініш түскен жоқ.
Конкурсқа қатысуға өтінім тапсырған тасымалдаушы:
|
№ |
Тасымалдаушының атауы |
Тасымалдаушының мекенжайы |
Тендерлік өтінімді тапсырған күні және уақыты |
|
1 |
«Жолаушылар тасымалыАҚ |
Астана қаласы, Қонаев көшесі ,6 тел. 8 (7172) 600-268 |
24.05.2023 ж. 10:30 |
Тендер өткізуге сарапшы мамандар қажет етілмеді.
Қорытындысы бойынша шешім қабылданды:
25.05.2023 жылы конкурс қайта өткізіліп, тендерге алдыңғы конкурсқа қатысқан тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ өтінім тапсырған. Бұл ретте, конкурсқа қатысушы бұрын осы маршруттарға қызмет көрсеткен тасымалдаушы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығымен бекітілген «Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларының» (бұдан әрі – Қағида) 22 тармағы, 3) тармақшасына сәйкес, «Тендерге мәлімделген лоттар бойынша меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы, мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде пайдаланылатын тасымалдаушының вагондарын теміржол жолаушылар паркімен қамтамасыз ету бойынша ұсыныс:
шарттық міндеттемелерді орындамауына, оның ішінде жолаушылар вагондары паркін жаңартуға байланысты осы әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша субсидиялау туралы шартпен бұзған тасымалдаушы үшін және оның еншілес ұйымдарына жолаушылар вагондарының пайдалану мерзімі 3 жылдан аспайтын осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша» деп көрсетілген.
Алайда, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен ұйымдастырылған конкурстарға (18.05.2023 ж., 25.05.2023 ж.) «Жолаушылар тасымалы» АҚ шығарылған жылы 3 жылдан асатын вагондарды ұсынуда және қазіргі уақытта елімізде 2021-2023 жылғы жалпы (общий) вагондар жоқ екенін хабарлаған.
Бұл ретте, Қағиданың 56 тармағына сәйкес, «Егер, тасымалдаушылардың болмауына байланысты қайтадан өткізілген тендердің нәтижелері бойынша жеңімпаз айқындалмаған болса және шартты заңнамаға сәйкес мерзімінен бұрын бұзған болса, онда бұрын аталған маршрутта қызмет көрсеткен қызметкерлерді (жолсеріктер және поезд бастықтары) жұмысқа орналастырып, тиісті жылға бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шектерінде Ұлттық жолаушыларды тасымалдаушымен шарт жасасуға рұқсат етіледі» делінген.
Осыған орай, 25.05.2023 жылы конкурстық комиссия мүшелері Қағиданың 39 тармағын негізге ала отырып, аталған мәселені тереңірек зерттеп, заңға сәйкес шешім қабылдау мақсатында, ҚР Көлік министрлігіне және «Вагонсервис» АҚ-на тиісті сұраныс хат жолдау қажеттігі туралы шешім қабылдады.
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Қағиданың 56 тармағын негізге ала отырып, Ұлттық жолаушыларды тасымалдаушымен шарт жасасу бойынша «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-на (29.05.2023 ж. №30-06-16/938), елімізде 3 жылдан аспайтын (2021-2023 жылғы) жалпы (общий) вагондардың бар немесе жоқтығы туралы сұраныс хат «Вагонсервис» АҚ-на жолданған (29.05.2023 ж. №30-06-09/937).
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның жауап хатына сәйкес, Қағиданың 56 тармағын негізге ала отырып, Ұлттық жолаушыларды тасымалдаушы ретінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен шарт жасасуға болатынын хабарлаған (02.06.2023 ж. №ЦЛТБ-17-19/5329).
«Вагонсервис» АҚ-ның мәліметіне сәйкес, «Вагонсервис» АҚ-ның балансында жалпы вагондар жоқ екенін хабарлаған (08.06.2023 ж. №ЦЛВС/1870-15).
Осы орайда, аталған мәселе бойынша Түркістан облысының әкімдігі тарапынан ҚР Көлік министрлігіне 2 рет (29.05.2023 ж. №30/5864, 25.09.2023 ж. №30/10440), Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан ҚР Көлік министрлігінің Көлік комитетіне 3 рет сұраныс хаттар жолданған (29.05.2023 ж. №30-06-14/939, 12.07.2023 ж. №30-06-14/1208, 18.08.2023 ж. №30-06-14/1461).
Алайда аталған мекемелер тарапынан тиісті жауап ұсынылмады.
Осыған орай, ҚР Көлік министрлігіне «e-Өтініш» бағдарламасы арқылы сұраныс хат жолданып, тиісті жауап алынды. Аталған министрліктің жауабына сәйкес:
- Қағиданың 56 тармағына сәйкес, үшінші рет конкурс ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылмағанын;
- Егер қайтадан өткізілген тендерге «Жолаушылар тасымалы» АҚ жіберілген болса, Қағиданың 56 тармағының 2-абзацына сәйкес комиссия онымен шарт жасау туралы шешім қабылдайтынын;
- Егер өткізілген тендерге Ұлттық жолаушыларды тасымалдаушы атынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ жіберілмеген жағдайда Ұлттық жолаушыларды тасымалдаушымен шарт жасау Қағиданың талаптарына қайшы келетінін хабарлады (20.10.2023 ж.).
Қорытындылай келе, конкурстық комиссия мүшелері Қағиданың 56 тармағын негізге ала отырып, Ұлттық жолаушыларды тасымалдаушы болып табылатын «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен шарт жасау туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, комиссия мүшелері Қағиданың 15 және 16-қосымшаларында көрсетілген бағалау шкалаларына сәйкес, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның құжаттарын қарап, бағалады:
Тендерлік комиссияның ашық тендер қорытындысын дауысқа салу арқылы қабылдаған ШЕШІМІ: «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның конкурстық құжаттары Қағиданың 21-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келгендіктен, сонымен қатар Қағиданың 22-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тендерлік өтініммен бірге уақытылы тапсырғанын және Қағиданың 56-тармағына және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның жауап хатына сәйкес, Ұлттық жолаушыларды тасымалдаушы ретінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ болып табылады. Сол себепті Түркістан облысындағы әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Сарыағаш» темір жол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен он (10) жылға шарт жасау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсынылсын.
Комиссия төрағасы: _______________ А. Джумабаев
Комиссия төрағасының
орынбасары: _______________ Е. Бухарбаев
Комиссия мүшелері: _______________ М. Кулимов
_______________ Е. Өміртай
_______________ М. Шарипов
Комиссия хатшысы: _______________ Б. Шаймаханов