Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы № 70 бұйрығы негізінде Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Оңтүстік жолдары» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының бос лауазым орнына конкурс жариялайды.

Конкурс өткізу мерзімін Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы осы хабарландыру жарияланғаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен соң белгілейді.

Конкурс өткізілетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала ы/а, 32 көше, 20 ғимарат (басқармалар үйі 3-қабаты).   

Мекеменің мекен-жайы: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала ы/а,  32 көше, 20 ғимарат.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары:  Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (құрылыс, автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру); бизнес, басқару және құқық (экономика, құқықтану), сонымен қатар осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұйымдарында басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес қызмет атқарған болуы тиіс.

Кәсіби біліктілігі мен дағдысы: Коммуналдық меншіктегі облыс көлеміндегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, жыл бойына көлік құралдарының үздіксіз, қауіпсіз, ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету және ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізу. Қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын болжай, жоспарлай білу, ұйымдастыру, бақылау.

Білуі керек: ҚР Конституция, ҚР  әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, ҚР Еңбек кодексі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, «Автомобиль жолдары туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», Заңдары және ҚР автомобиль жолдары саласының жұмысын реттейтін заңдық, нормативтік-құқықтық актілер, психология негіздері мен кадрлар менеджменті негіздерінде үйлестіру және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мекеменің қаржылық-құқықтық  қызметтерінің мәселелерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныстың ережелері мен нормаларын білу.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын қажетті құжаттардың тізімі:

  • Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші;
  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты мекен-жайымен байланысты телефондарын көрсетіп);
  • Белгіленген тәртіппен куәландырылған білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат 075/е үлгісі;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • Үміткерлердің кәсіби деңгейі мен жеке қасиеттеріне қатысты өзге де құжаттар, оның ішінде біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, шет тілдерін меңгеру деңгейін айқындайтын кәсіби емтихан нәтижелері туралы сертификаттардың көшірмелері.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала ы/а,  32 көше, 20 ғимарат (басқармалар үйі 3-қабаты).  

Анықтама телефоны: 8(72533) 5-98-66.

Дата публикации
20 июня 2023