Шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау
жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу туралы
интернет-ресурстер арқылы хабарландыру
«Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2023 жылғы 18 мамырда шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурсқа 2014 жылы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 21-тармағымен анықталған біліктілік талаптарына жауап беретін әлеуетті қатысушылар жіберіледі.
Тасымалдаушы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттар тізімін тендерді ұйымдастырушының мекенжайына бекітілген конвертте тапсырады.
Ұйымдастырушының мекенжайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 20 (Басқармалар Үйі), 3 қабат.
Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 17 мамыр 18:30-ға дейін.
Тендерлік өтінімдермен пакеттерді ашу 2023 жылғы 18 мамыр сағат 14:30-де Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 20 (Басқармалар Үйі), 3 қабат мекенжайы бойынша өткізіледі.
Тендерлік құжаттар пакеті gov.kz сайтында орналастырылған.
Кепілдік қаржылық өтінімді аудару үшін тендерді ұйымдастырушының реквезиттері:
«Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
БСН 160240022495
БСК KKMFKZ2A
ЖСК KZ42070102KSN5801000
Кбе 12 Код ГУ 2683502
ҚР Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті
Анықтама үшін телефондар: 8 (725-33) 5-93-87.