Түркістан облысының әкімі Ө. Е. Шөкеевтің Шардара ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде қаралған өзекті мәселелер

Түркістан облысының әкімі Ө. Е. Шөкеевтің Шардара ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде қаралған өзекті мәселелер

 

№

Сұрақтар

Шешу жолдары

Мерзімі

Жауапты орындаушы (ЖАО құрылымдық бөлімі)

Аяқтау нысаны

Ескерту/орындау

1.       

Біздің ауданымызда кезекте тұрған мұқтаж 1274 отбасыларды тұрғын үймен  қамтамасыз ету мәселесі қашан шешіледі екен?

(Шардара қаласының тұрғыны,

Ілесов Қыстау Інәйұлы Тел 87014601786)

 

Түркістан облысы, Шардара ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 1274 отбасының мұқтаждығын шешу мақсатында Шардара қаласының бас жоспарына сай 4-ші мөлтек ауданы қоғамдық орталықтан 13,6 га аумаққа 20 көп қабатты тұрғын үй салу үшін жер телімдері бөлініп, 2015 жылы  инженерлік инфрақұрылымдар желілерінің (авто жол, аяқ жол, су ағарлар, ауыз су және электр) құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мұқтаждығын шешу мақсатында инженерлік инфрақұрылым желілері жүргізілген аумаққа 2020 жылы жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, көп қабатты көп пәтерлі (5 қабатты 60 пәтерлі) 3 тұрғын үйдің жұмыс жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындылары алынды. Аталған жобалардың құрылысына қаржы бөлдіруге Түркістан облыстық құрылыс, стратегия және экономикалық даму басқармаларына қажетті құжаттары тапсырылып, жобаларға салалық және экономикалық қорытындылары алынып, республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға бюджеттік өтінімге ұсынылды.

Атап айтқанда 3 жобаның сметалық құндары төмендегіше:

№ 1 тұрғын үйдің сметалық құны – 675,617 млн теңге,

№ 2 тұрғын үйдің сметалық құны – 675,751 млн теңге,           

№ 3 тұрғын үйдің сметалық құны – 679,682 млн теңге. 

Аталған жобалардың жалпы соммасы 2 млрд 31,05 млн. теңгені құрайды.

2023-2024 жж.

желтоқсан

Шардара ауданы әкімдігі,

Түркістан облысының құрылыс басқармасы,

Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Республикалық және облыстық бюджет қаражаты

2.       

Ауданда елді мекендерді газдандыру жұмысы қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Оған алғысымыз шексіз. Жаушықұм ауылының тұрғындары да ауылға газ келуін асыға күтуде. Сізден ауылды газдандыруға ықпал жасауыңызды өтінеміз?

(Жаушықұм ауылының тұрғыны,

Серікбаев Оралбай Қалымбетұлы

Тел 87011926402)

Жаушықұм ауылдық округін табиғи газ көзімен қамтамасыз ету мақсатында Жобалық Сметалық Құжаттама әзірлеу үшін 2021 жылы аудандық бюджет есебінен қаржы қаралып, жобалаушы мекеме "МПК-ПРОЕКТ" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі  тарапынан жобалау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге, жобаның Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып,  Республикалық бюджет есебінен қаржыландыруға ұсыныс берілді. Жобаның сметалық құны 433,8 млн. теңге.

2023-2024 жж. желтоқсан

Шардара ауданы әкімдігі,

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Республикалық және облыстық бюджет қаражаты

3.       

Шардара қаласында салынып жатқан 150 орындық емхана құрылысы созылып кетті. Құрылыстың ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға берілуіне ықпал жасауыңызды сұраймыз?

(Шардара қаласының тұрғыны,

Альменов Туймебай

Тел 87012571637)

 

Емхананың құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған. Құрал-жабдықтарын заманауи талапқа сай алу үшін облыстық бюджеттен  334 758,0 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда құрал-жабдықтарға тапсырыс берілді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында тапсыру жоспарлануда.

2022 ж.  қыркүйек

 

Түркістан облысының құрылыс басқармасы, управления общественного здоровья Туркестанской области

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Республикалық және облыстық бюджет қаражаты

4.       

Аудандағы балық шаруашылығын дамытуға қандай көмектер бар және субсидия қарастырылады ма?

(Шардара қаласының тұрғыны,

Жетибаев Нурбол Бимурзаевич

Тел  87750000381)

 

«Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы №180 бұйрығы қабылданды.

Осыған сәйкес, бюджеттен алдағы уақытта қаржысы қаралып, бұл мәселе толығымен шешімін табады.

2022 ж.  желтоқсан

 

Шардара ауданы әкімдігі,

Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалауды реттеу  басқармасы, Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы

Республикалық және облыстық бюджет қаражаты

5.       

Шардара қаласының аумағы жылдан жылға үлкейіп келеді. Бұл өз кезегінде қала орталығына шеткі шағын аудандар тұрғындарының қатынауына қиындықтар туғызуда. Осы мәселенің шешілуіне ықпал жасауыңызды өтінеміз.

(Шардара қаласының тұрғыны,

Асилтаева Құрсан Құттыбекқызы

Тел 87781266371)

 

Қазіргі таңда Шардара қаласында «Қала-1», «Қала-2», «Қала-3» бағыттары  бойынша қоғамдық көлік жүргізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда. Бұл қалаішілік бағыт болып табылады. Аталған бағыт облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы шешімімен айқындалған. Ағымдағы 2022 жылы сәуір айында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан конкурс өткізіліп, «SAR avto» ЖШС-і жеңімпаз болып танылған. Бүгінгі таңда «Қала-1», «Қала-2», «Қала-3» бағыттары бойынша автобус жүргізу жұмыстарына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап аталған бағыт бойынша автобус көлігі жүргізілетін болады. Сонымен қатар Шардара ауданындағы өзін-өзі ақтамайтын 3 қалаішілік, 2 ауданішілік бағыттарды субсидиялау мақсатында аудандық бюджеттен 15,0 млн.тг. қаржы қарастырылды. Субсидиялау жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады.

2022 ж.

желтоқсан

Шардара ауданы әкімдігі,

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Шардара аудан әкімдігінің қаулысы

Жергілікті бюджет қаражаты

6.       

Шардара қаласында қарқынды жүріп жатқан газдандыру жұмыстарынан Төменгі тоғай елді мекені қалып кетпесе екен

 (Шардара қаласының тұрғыны,

Керимбеков Шахаба

Тел 87752987300)

Шардара қаласы, Төменгі тоғай мөлтек ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджет есебінен қаржы қаралып, "Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласының Төменгі тоғай ықшам ауданында тартылатын және орам ішіндегі газ желілерін салу" жұмыс жобасы әзірленді. Жобаның сметалық құны - 673 366,0 мың теңге. Республикалық бюджет есебінен 2022 жылға 200 000,0 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың шілде айынан бастау күтілуде. Нысан 2023 жылға өтпелі

2022-2023 жж. желтоқсан

Шардара ауданы әкімдігі,

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Республикалық және облыстық бюджет қаражаты

7.       

Шардара қаласы «Нұр Отан» шағын ауданындағы Т.Жүргенов көшесіне асфальт төсеуге ықпал жасауыңызды сұраймыз (Шардара қаласының тұрғыны, Құрманбай Изатулла Сәлімжанұлы

Тел 87014842912)

Шардара қаласы «Нұр Отан» шағын ауданында орналасқан Т.Жүргенов көшесі және одан басқа 8 көшеге 2022 жылға жергілікті бюджеттен асфальт төсеуге сметалық құжаттары әзірленіп, 105 996,0 мың теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда, мемлекеттік сатып алу шаралары ұйымдастырылуда.

2022 ж.

қыркүйек

 

Шардара ауданы әкімдігі,

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Жергілікті бюджет қаражаты

8.       

Алатау батыр ауылының орталығындағы аурухана аудан орталығынан шалғай жатқан ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі таңда, аурухана күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Осы мәселені өз бақылауыңызға алып, оң шешімін табуға көмектесіңіз. (Алатау батыр ауылының тұрғыны,

Сейділдаев Жолбарыс

Тел 87013032878)

Шардара аудандық орталық ауруханасына қарасты Алатау батыр ауылдық ауруханасы 1980 жылы салынған. Соңғы рет 2011 жылы күрделі жөндеуден өткізілген.

Қазіргі таңда аурухана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттама дайындалып, (ЖСҚ құны - 208706,83 мың тенге) Мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін мемлекеттік сатып алу порталына ашық конкурсқа жарияланған.

2022-2023 жж.  желтоқсан

 

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы,

Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

 Шардара ауданы әкімдігі

Қабылдау және пайдалануға беру актісі

Облыстық бюджет қаражаты

 

 

 

Түркістан облысының әкімі Ө. Е. Шөкеевтің Шардара ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде қаралған өзекті мәселелер
Дата публикации
16 июня 2022