Түркістан облысы әкімі Ө.Е.Шөкеевтің Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Ескерту орындау |
|
|
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы |
|||||||
|
1 |
Бадам ауыл округі Қарабастау елді мекеніне ауыз сумен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілсе. Ғалымжан Шеңгелді – Бадам ауылының тұрғыны |
1. Қарабастау е.м. ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу. (2022 жылға жалпы құны 738 млн. теңгені құрайтын 3 нысанға (Аққойлы, Қарабастау, Сарыарық) «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде қаржы қаралып, жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі). |
2022 жыл соңына дейін |
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Ордабасы ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
|
|
|
2 |
Бөржар ауыл округі, Қайнар елді мекенінен тұрғындарға арналған ашық алаңшалар салынса Арысбек Нұрбаев – Қайнар ауылының тұрғыны |
2. Қайнар е.м. ашық алаңшаларын салу бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу. (Ағымдағы жылы Қайнар елді мекенінен аудандық бюджет есебінен ашық кіші футбол мен стрит воркаут алаңшаларын салуға 21 млн. теңгеге қаралған. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде). |
2022 жылы |
Ордабасы ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
|
|
|
Білім саласы |
|
||||||
|
3 |
Бөген ауыл округі, Кемер ауылында 44 оқушы Ө.Тұрманжанов ат. жалпы орта мектебіне ескі автобус көлігімен тасымалданып оқытылады. Осы елді мекендегі оқушылар тасымалына жаңа автобус қарастыру туралы. Лиза Караева– Кемер ауылының тұрғыны |
3. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы балалар тасымалданатын автобустарды алу бойынша жұмыстарды жүргізу. (Биылғы «Балалар жылына» байланысты Республика көлемінде жоспар түзілген. Жоспар шеңберінде көптеген проблемалық мәселелердің шешімі табылады. Солардың ішінде балалардың тасымалы да енгізілген. Республика бойынша 515 жаңа автобус лизинг тәсілі арқылы алу қарастырылған. Біздің облыс та соның ішінде 101 автобусқа тиісті құжаттар дайындап, тапсырысқа өткізген. Жуық арада шешімін тауып, оқушыларға комфортабелді, арнайы автобустар алынатын болады. Ордабасы ауданына да аталған мәселе бойынша автобустар қаралады.) |
2022 жылдың соңына дейін
|
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
Ордабасы ауданының әкімдігі
|
облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы автобус лизингпен сатып алынғаннан кейін тасмалданатын балалар санына қарай берілетін болады. |
|
|
|
Денсаулық сақтау саласы |
|
||||||
|
4 |
Қараспан ауыл округі, Төреарық ауылындағы фельдшерлік акушерлік пункттің ғимараты талапқа сай келмейді, жергілікті тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге жаңа медициналық ғимарат салынса. Қонысов Жақып – Төреарық ауылының тұрғыны |
4. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ФАП салу құрылыс жұмыстарын жүргізу.
(Ағымдағы жылы Төреарық елді мекенінен «Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен 122 млн 869 мың теңгеге жаңадан ФАП ғимараты салынып пайдалануға беріледі). |
2022 жыл соңына дейін |
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Ордабасы ауданының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
|
|
|
Өзге салалар |
|
||||||
|
5 |
Бүгінде Шұбарсу ауылында халықтың көбеюіне байланысты ауыл ішінде жолаушылар тасымалы жүргізілсе. Амир Уалиев – Шұбарсу ауылының тұрғыны |
5. Шұбарсу елді мекені ішінен жолаушылар тасымалын жүргізуді ұйымдастыру. (Аудан әкімдігі тарапынан жолаушылар тасымалына байланысты конкурстар өткізіліп, тасымалдаушы анықталып, келісім шарт түзілген. Аталған бағыт бойынша мемлекеттен субсидия бөлу үшін (әлеуметтік маңызы бар бағыттар тізіліміне енгізу жөнінде) облыстық мәслихаттың шешімін шығару мақсатында аудан әкімдігі тарапынан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ағымдағы жылы маусым айында ұсыныс берілген. Мәслихат шешімі қабылданған соң, ішкі жолаушылар тасымалы жүргізілетін болады.) |
2022 жылдың соңына дейін |
Ордабасы ауданының әкімдігі |
Пайдалануға беру
|
|
|