Түркістан облысы әкімі Ө.Е.Шөкеевтің Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы
(ЖАО құрылымдық бөлімшесі)

Аяқтау нысаны

Ескерту / орындау

Тұрғын үй және коммуналдық саласы

1

Сейфуллин елді мекенінде табиғи газдың құрылысы 2020 жылы аяқталып, пайдалануға тапсырылған. Ауылда 169 үй тұрады, бізге табиғи газ қашан қосылады?

(Жылысу ауылдық округінің тұрғыны Сәрсенбаев Орынбасар)

            Сейфуллин елді мекенін табиғи газбен қамту бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.          

            (Республикалық бюджеттен Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» АГТС салу үшін қаржы қарастырылып, 2021 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.     

            Сейфуллин елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2019-2020 жылдары бюджеттен бөлінген қаржылар есебінен құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген. «Жетісай» газ тарату стансасы бүгінгі таңға жобалы мөлшерден артық жүктемемен жұмыс жасауына байланысты, газға қосу мүмкіншілігі шектелген. Нысан 2023 жылға өтпелі.)

2022-2023 жж.

Облыстық энергетика және
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

2

Жаңа ауыл елді мекенінің ауыз суы «Абай су» жүйесіне қашан қосылады?

(Жаңаауыл ауылдық округінің тұрғыны Күзеров Құрал)

            Аталған елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру.

            (Жаңа ауыл елді мекенінің ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі тарапынан жобалау – сметалық құжаттамасы әзірленген (02.11.2021ж.
№19-0433/21). Аталған нысанның құрылысын қаржыландыру бойынша салалық басқармаға ұсынылды).

2022-2023 жж.

Жетісай ауданының әкімдігі

 

Облыстық энергетика және
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

3

Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген
80 га. жер телімінің ішінен 5 қабатты
6 тұрғын үйдің ауласын көгалдандыру – көркейту  үшін қаржы бөлдіруге көмек берсеңіз?

(Жетісай қаласының тұрғыны Қалдыбаев Марат)

 

            Құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлдіру қажет.

            (Жоба бойынша сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынған).

15.12.2022 ж.

Облыстық құрылыс басқармасы

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

4

Мен Жаңаауыл елді мекені Бейбітшілік көшесінде тұрамын. Сізден сұрайтыным біздің көшедегі электр бағаналары қашан ауысады екен?

(Жаңаауыл ауылдық округінің тұрғыны Қарабаев Үсен)

 

Жаңаауыл елді мекеніндегі Бейбітшілік көшесіндегі электр бағаналар ауыстыру мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлдіру.

(Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы жүзеге асады).

2022 ж.

Жетісай ауданының әкімдігі

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

5

Біздің Ералиев ауылдық округі Ғ.Мұратбаев, Үтіртөбе елді мекендеріндегі ауыз су мұнаралары ескірген. Биыл ауысады ма?

(Ж.Ералиев ауылдық округінің тұрғыны Мырзахметов Арыстан)

 

 

            Мердігерді анықтап құрылыс жұмыстарын жүргізу.

            (Ж.Ералиев ауылдық округінің Ғ.Мұратбаев, Үтіртөбе елді мекендерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылып мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Заңға сәйкес мердігер анықталған соң құрылыс жұмыстары басталады.)

2022 ж.

Жетісай ауданының әкімдігі

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

Білім саласы

6

«Жеңістің
50 жылдығы» жалпы орта мектебіне жаңа ғимараты салынады ма?

(Абай ауылдық округінің тұрғыны Шылмырзаев Мамырайым)

                Мектепке қосымша ғиамарат салу үшін бюджеттен қаржы қарастыру.

                (Абай ауылдық округі, Алтын-Кемер елді мекеніндегі №55 «Жеңістің 50 жылдығы» жалпы орта мектебіне жаңа 200 орындық оқушыға арналған мектеп салу үшін 2020 жылы жобалық сметалық құжат әзірленіп, «Tech Group KZ-0037/20» ЖШС тарапынан сараптама»ның оң қорытындысы алынып, құрылыс жүргізуге қажетті қаржыны қарастыру үшін тиісті салалық басқармаларға құжаттар топтамасы ұсынылған).

2022-2023 жж.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

 Облыстық құрылыс басқармасы

 

Жетісай ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

7

Мырзашөл елді мекеніне жаңа мектеп салу мәселесі

(Жаңаауыл ауылдық округінің тұрғыны Аннабеков Амангелді)

              Жаңа мектеп құрылыс жұмыстарын жүргізу.

              (Жаңа ауыл ауылдық округі, Мырзашөл елді мекенінен 200 орындық жаңа мектеп құрылысын салу үшін 2020 жылы жобалық сметалық құжат әзірленіп, қорытынды алынған. Аталған мектеп құрылысын жүргізу үшін 2022 – 2023 жылдарға қаржы қаралып, қазіргі таңда мемлкеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Конкурстан жеңімпаз анықталған соң, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады).

2022-2023 жж.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

8

Қарақай ауылындағы орналасқан мектептердің (Ш.Құдайбердиев атындағы №32, М.Мәметова атындағы №33, №35 «Қараөзек» жалпы орта мектебі) жылыту қазандықтарын қатты отыннан (көмірден) газға ауыстыруға мүмкіндік бар ма? (Қарақай ауылдық округінің тұрғыны Жиенбаев Асқанбай)

            Аталған мектептерді табиғи газға қосу үшін тиісті жұмыстар жүргізу.

            (2021-2022 оқу жылындағы жылыту маусымына аталған білім беру ұйымының жылыту қазандықтарын табиғи газға қосу үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тарапына техникалық шарт берілмеуіне байланысты мектепке табиғи газды қосудың мүмкіншілігі болмаған.     

            2022-2023 оқу жылының күзгі-қысқы мерзімге білім беру нысандарына дайындықты қамтамасыз ету мақсатында, білім беру ұйымдарының жылыту қазандықтарын табиғи газға қосу үшін тиісті жұмыстар жүргізіледі).

2022-2023 жж.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

Облыстық энергетика және
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

Жер қатынастары саласы

9

Асықата кенті бойынша 2008 жылдан бері 300 адам
тұрғын-үй салуға жер учаскесін алу үшін кезекте тұрмыз. Осы мәселені қалай тездетіп шешуге болады?

(Асықата кентінің тұрғыны Бердияр Төлеген)

 

            Жер учаскесін бөліп беру үшін Асықата кентінің әкімшілік шекарасын ұлғайту бойынша тиісті жұмыстар атқару.

            («Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабына сәйкес, 09.04.2021 жылғы Жетісай ауданы әкімдігі және Жетісай аудандық мәслихатының №345 және №6-36-VII санды «Жетісай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір» мәселелері туралы Жетісай ауданы, Асықата кенті әкімшілік шекарасына Ынтымақ ауылдық округінің әкімшілік шекарасынан 336,13 гектар жерлерін қосу жолымен Асықата кентінің әкімшілік шекарасын 700,07 гектарға өзгертіліп бірлескен қаулымен шешімі қабылданған.

            Казіргі таңда Жетісай ауданы әкімдігінің атынан бірлескен қаулымен шешімін 09.09.2021 жылғы
№230-01/01-26/858 санды шығыс хатымен Түркістан облысының әкімдігі мен Түркістан облыстық мәслихатына түпкілікті бірлескен шешімін қабылдау үшін ұсынылған).

 

Шілде

2022 жыл

Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

Жетісай ауданының әкімдігі

 

 

 

 

Жол және қоғамдық көлік саласы

10

Жетісай ауданының аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар («Жібек – жолы - Жиззак») автомобиль жолының  бөлігі қашан жөнделеді?

(Жетісай қаласының тұрғыны Султанов Юлдаш)

 

Аталған республикалық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, мерзімінде аяқтау. 

(Жетісай ауданы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар А-15  «Жібек  жолы – Сарыағаш – Абай – Қызыләскер – Асықата - Жиззак» автомобиль жолы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Түркістан облыстық филиалының теңгерімінде. Алдағы уақытта тиісті құжаттар әзірленіп, жөндеу жұмыстары жүргізіледі).

2023 жылдың
II тоқсаны

Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

11

Менің балаларым Жетісай – Минвода (Сейфуллин) трассасы бойымен мектепке барады. Осы жолдың бойына жаяу аяқ жол (тротуар) салынады ма?

(Жылысу ауылдық округінің тұрғыны Аризов Құттыбек)

 

Асфальтталған жаяужол құрылыс жұмыстарын жүргізу.

(Сейфуллин елді мекенінің тұсынан өтетін облыстық маңызы бар КХ – 9 автомобиль жолының бойынан ұзындығы 1,6 шақырымды құрайтын аяқ жол салу жұмыстарына 18 млн. 880 мың тг. бөлінген. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде).

30.09.2022 ж.

Жетісай ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

Құрылыс

12

Мен Жетісай қаласында тұрамын, қаламыздың аумағында жаңа мектеп, бала-бақша және басқа да әлеуметтік нысандар құрылысы жобаланған ба?

(Жетісай қаласының тұрғыны Ділмұратов Әлихан)

 

            Жетісай қаласына жаңа мектеп, бала-бақшалар салу үшін тиісті жұмыстарды жүргізу.

            (35 га. жер теліміне дайындалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында мектеп құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда 1500 оқушыға арналған мектеп құрылысының құжаттары дайындалды. Ағымдағы жылы құрылысы басталады).

2023 – 2024 жж.

Жетісай ауданының әкімдігі

 

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

13

Мен көпбалалы анамын, Жетісай қаласында біздің балаларымыз ойнайтын жастар сауықтыру орталықтары, спорттық ойын алаңдары салынады ма?

(Жетісай қаласының тұрғыны Шойғараева Мадина)

 

 

            Жетісай қаласында спорттық алаңдар, жастар орталықтарын салу бойынша ұсыныстар енгізу.

            (80 га. жер теліміне жасалынған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында, спорттық ойын сауықтыру жастар орталықтарының құрылысы жоспарлануда).

2022-2023 жж.

Жетісай ауданының әкімдігі

 

 

Басқа да сұрақтар

14

Шағын кәсіпкерлік үшін қандай қолдау құралдары бар? Кепілсіз несиелер бар ма?

(Ынтымақ ауылдық округінің тұрғыны Уалихан Тлеуберді)

 

 

            Заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

            (Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін жаңа қаржы инструменті өткен жылда іске қосылды. Жаңа инструмент шағын кәсіпкерлер үшін
3 жыл мерзімге, 20 млн. теңгеге дейін 6%-бен несие беруді көздейді. Несиенің 85%-ы мемлекет тарапынан кепілдендіріледі, 15 %-ы кәсіпкер тарапынан қамтамасыз етіледі.

            Сонымен қатар, стартап жобаларды қолдау үшін өткен жылда жаңадан «Атамекен-Түркістан» микроқаржы ұйымы құрылды. Микроқаржы ұйымы «Бастау Бизнесті» оқып шыққан кәсіпкерлерді 7 жыл мерзімге, 20 млн. теңгеге дейін (Түркістан және Кентау қалалары үшін 20 млн. теңгеге дейін, аудандарда 7,7 млн. теңгеге дейін) 6%-бен несиелеу көзделген. Қаржылай қолдау құралын пайдалану үшін «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіну қажет.

            Қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде кепілсіз несиелер беру көзделмеген. Бірақ-та, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлер кредитінің 85%-на дейін Даму қоры арқылы мемлекеттік кепілдендіру құралы бар. Бұл ретте, кредиттің қалған 15% бөлігін кәсіпкер өзі қамтамасыз ету қажет. Кейбір банктер, оның ішінде Халық банкі 15% кепілдікті өзінің тәуекеліне алып, 5 млн. теңгеге дейінгі несиелерді кепілсіз түрде ұсынады).

 

Тұрақты

Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы

 

Жетісай ауданының әкімдігі

 

 

 

Денсаулық сақтау

15

Жетісай аудандық орталық ауруханасына С-доға сияқты рентгендік аппаратын қою жоспарланған ба?

(Жетісай қаласының тұрғыны Абишева Гүлнәр)

            Ауданға жаңа рентгендік аппараттарын қою бойынша тиісті жұмыстар жүргізу.

            (2022 жылы аудандық ауруханаға С-доғасы бар рентген аппаратын орнату жоспарланған. Жылдың соңына дейін ауруханаларыңызда жаңа С-доғасы бар рентген аппараты орнатылатын болады).

 

2022 жылдың
IV тоқсаны

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

 

 

пайдалануға беру

 

16

Менің үйімде 1-ші топтағы мүгедек бар, естуімше оларға жеке көмекші қарастырылған екен, осы қызметті қалай алуға болады?

(Жетісай ауданының тұрғыны Яхудаева Хадиша)

 

            Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

            (Жеке көмекші қызметін алу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияның жергілікті бөлімшесіне өтінішпен және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылатын мүгедектігі бар азаматтың жеке басын куәландыратын құжатпен не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатпен жүгінеді.

            Жеке көмекші қызметінің 1 сағаттық құны
367,56 теңге құрайды. Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді аудандық, қалалық жұмыспен қамту бөлімдері қызмет көрсетудің нақты уақыты үшін, бірақ күніне сегіз сағаттан асырмай жүргізеді).

 

Тұрақты

Жетісай ауданының әкімдігі

 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

 

 

17

Жетісай аудандық орталық ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе?

(Жетісай қаласының тұрғыны Шылғауова Нұржамал)

            Аудандық орталық ауруханасына күрделі жөндеуден өткізу.

            (Жетісай аудандық орталық ауруханасын күрледі жөндеуден өткізуге қажетті қаржы бөлініп, жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. 2023 жылы күрледі жөндеу жұмыстарын  жүргізу жоспарлануда).

2023-2024 жж.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

Дата публикации
25 апреля 2022