Түркістан облысы әкімі Ө. Шөкеевтің Сауран ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Ескерту / орындау |
|
Жол саласы |
||||||
|
1 |
«Батыс Қытай - Батыс Еуропа» автомагистралынан Майдантал ауылының арасын бай-ланыстыратын автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілсе? (Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекені, Шәкәрім көшесі 22 үй тұрғыны, Шегенбайұлы Әбілқасым тел: 87027333944)
|
Мердігер мекемемен келісім-шартқа отырып, автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. (Түркістан облысы Сауран ауданындағы КХ-95 М-32 - Ынталы автомобиль жолын орташа жөндеу 0-20 км. жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсымен мердігер мекеме анықталды. Ағымдағы жылы мердігер мекемемен келісім-шартқа отырып, автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары басталады). |
2022-2023 ж.ж. |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Сауран ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
2 |
Шорнақ елді мекенінен Бабайқорған жол бойына жайылымға мал шығады. «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» автома-гистралынан мал өткелін ашуға ықпал жасалса? (Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекені, Бабай-қорған көшесі 43 үй тұрғыны, Кариев Ражап |
Зерделеу жұмыстарын жүргізу. («ҚазАвтоЖол» АҚ-на «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автомагистралы арқылы жайылымға мал өткізетін өткел ашуға ұсыныс жасалды. Алдағы уақытта аталған мекеменің мамандары арнайы өту жолын ашу мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізеді). |
сәуір, 2022 жыл |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ облыстық филиалы
Сауран ауданының әкімдігі |
Автомагистралы арқылы жайылымға мал өткізетін өткел ашу |
|
|
3 |
Ораңғай – Қосқорған елді мекендері арасындағы 12 шақырымдық автожолы күрделі жөндеуден өткізілсе? (Оранғай ауылдық округі, Қосқорған елді мекені, Оранғай көшесі 46 үй тұрғыны, Қасимов Юлдашбай тел: 87475343035) |
Ораңғай-Қосқорған автожолын жөндеу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыру. (Ораңғай-Қосқорған автожолын облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының маманымен зерделеу жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде, ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізуге сметалық құжат әзірленіп, бюджеттік өтінім тапсырылады. Алдағы уақытта қаржы бөлінген жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы жолды күрделі жөндеу жұмысы 2023 жылға жоспарланған. Ол үшін күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге 12,485 млн. тенге аудандық бюджеттен қарастырылды). |
2022-2023 ж.ж. |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Сауран ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қаржы бөлінуіне қарай |
|
Ауыл шаруашылығы саласы |
||||||
|
4 |
«ПУИД-2» бағдарлама-сы бойынша жұмыс жүргізіп отырған «ҚазСуШар» РМК мекемесінің суды тарату құны (тарифі) жоғары? (Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан елді мекені, М.Юлдашев көшесі 2 үй тұрғыны, Юлдашев Мамирхан тел: 87768692727) |
«Тұран су» мекемесіне өткізу немесе мемлекет тарапынан ағын суға субсидия қарастырып беру. (Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылдық округі егістік жерге ағымдағы жылдың көктем айынан бастап 10 770 га. егу жоспар қойып отыр. Аталған округ шаруалары егін суаратын суды Түркістан магистралды каналынан алады. Каналға суды «Бөген арнасы» мекемесі жеткізеді. Ал ішкі жүйелердің көпшілігіне «Тұран су» мекемесі жеткізсе, Ескі Иқан ауылына «ПУИД-2» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіліп отырғандықтан «ҚазСуШар» РМК Түркістан филиалы мекемесі су таратады. «Тұран су» мекемесінің тарифі 2021 жылы 1000 м/3 ағын су үшін 280 теңге болып белгіленген болса, ал Ескі Иқан ауылдық округіне су таратушы "Қазсушар" мекемесінің тариф бағасы 1000 м/3 ағын су үшін 660 теңгеге белгіленген. Оны Республика бойынша тарифтің көтерілуімен түсіндіруде. 2022 жылға су тарифтік бағасы бекітілді. Қазіргі таңда, «Тұран су» мекемесінің тарифтік бағасы 293,40 тг болса, ал «Қазсушар» мекемесінің тарифтік бағасы 703 тг-ге тағы да қосымша көтеріліп отыр).
|
желтоқсан, 2022жыл
|
1. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
2. Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Сауран ауданының әкімдігі |
«Тұран су» мекемесіне өткізу |
|
|
5 |
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» дәлізінің бойында орналасқан аудан тұрғындары бекітілген тарифтің бағасын қайта қарастырса? (Қосмезгіл ауылының тұрғыны, Оразбекова Бибісара Абдулазовна, тел: 87052647012) |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тарифтың құнын төмендету бойынша ұсыныс жолдау. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.04.2013 жылғы №429 Қаулысымен жол жүру үшін ақы төлеу тарифі бекітілген. Аталған мерзім аралығында тариф құны өзгермеген. Тариф құнын өзгерту немесе қайта қарау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құзыретіне жатады. Сонымен қатар, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» дәлізінің бойындағы әкімшілік аумақта орналасқан елді-мекен тұрғындары үшін жол жүру жылдық абонемент құны 1000 теңгені құрайды).
|
сәуір, 2022 жыл
|
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Облыстық филиалы |
Тариф құнын тө мендету |
|
|
Газ саласы |
||||||
|
6 |
Біздің ауданымызда газ қашан қосылатын болады? Әсіресе Жібек жолы ауылдық округінде? (Жібек жолы ауылдық округі, Сауран елді мекені, О.Алтаев көшесі 34 үй тұрғыны, Төлепбай Балмаханбет |
Жүйнек, Қарашық ауылдық округін және Ораңғай ауылын табиғи газбен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыру. (1. Сауран ауданы бойынша қазіргі таңда 4 ауылдық округ, яғни 11 елді мекенге табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 2018-2020 жылдар аралығында құрылыс жұмыстары жүргізілген. Аталған 11 елді мекенге «ҚазТрансГаз» АҚ-мен «ИнтерГаз Орталық Азия» АҚ-ның нысандарға берілген кемшіліктерін мердігер мекеме өз есебінен толығымен қалпына келтірді, атқарушы техникалық құжаттары (ИТД) алынған, газ қосуға дайын. Ендігі кезекте «ҚазТрансГаз» АҚ-ы тарапынан аталған 11 елді мекенге газ беруге көмек берсе және өз тараптарынан «ИнтерГаз Орталық Азия» АҚ-ға ықпал жасаса, елді мекендер табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. 2. Жүйнек, Қарашық ауылдық округін және Ораңғай ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды, аудан әкімдігі тарапынан аталған нысандар бойынша, республикалық бюджеттен қаржы бөлуге өтінім берілді. Ал, қалған ауылдық округтерге бүгінгі таңда табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жобалық-сметалық құжатнамалары әзірлеуге облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылысы жүргізілмеген ауылдық округтерге, сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) мен жобалау-ізденіс жұмыстарының сметасы әзірленіп, жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлдіруге ұсынылды. Қаражат бөлуді қажет етеді).
|
1. 4 е.м. 15 сәуірде іске қосу жоспарлануда. Ал, қалған 7 е.м. а.ж. мамыр айында іске қосу жоспарлануда. 2. 2022-2024жж. |
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Сауран ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қаржы бөлінуіне қарай |
|
Мәдениет саласы |
||||||
|
7 |
1. Мәдениет үйлері қашан салынады? 2. Ұлттық мұражай салу қажет? (Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекені, Ә.Байтұрсынов көшесі 17 үй тұрғыны, Жолдасбекова Бексұлу тел: 87058538250) |
1.1. «Қарашық», «Ескі Иқан» ауылдық мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізіп, мерзімінде аяқтау. (Сауран ауданы бойынша жалпы 12 ауылдық клубтар мен 3 ауылдық мәдениет үйлері және 29 кітапхана бар. Қазіргі таңда, «Қарашық», «Ескі Иқан» ауылдық мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлініп, ЖСҚ дайындалды. 1.2. Майдантал ауылдық округіне мәдениет үйін салу. (Майдантал ауылдық округінің орталығына ауылдық «Мәдениет үйін» салуға жерінің құжаттары нақтыланды, құрылысы 2023 жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасына енгізілген). 2. Ұлттық мұражай салу.
|
1.1. қыркүйек, 2022 жыл 1.2. 2023 жыл 2. 2024 жыл
|
Облыстық мәдениет басқармасы
Сауран ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
Инвестиция және экспорт саласы |
||||||
|
8 |
Ауданға қарасты ауылдық округтерде пайдалы құмды қиыршық тастарды заңсыз өндіру тоқтамай келеді. Осы ретте пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсат беретін мекемелер қауымдастықпен келісе отырып заңға сәйкес жұмыс жасалса? (Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекені, Құрманғазы көшесі 22 үй тұрғыны, Ахметов Сейлхан |
Заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында рейд жұмыстарын тұрақты жүргізу. (Заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің 02.11.2021 жылғы №37-н/қ өкімімен жұмысшы топ құрылған. Аудан аумағындағы заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және болдырмау жөніндегі аудандық мобильді топтардың іс-шара жоспары бекітіліп, ауылдық округ әкімі аппараттары тарапынан күндізгі және түнгі кезекшіліктер ұйымдастырылды. Аудандық жұмысшы топ құрылғаннан бері 40 рет аралау жұмыстарын жүргізіп, 10 рет жұмысшы топтармен жиналыс өткізілді. Облыстық ситуациялық орталыққа 18 рет және 102-ге 14 рет хабарлама берілді. Бүгінгі таңға дейін Сауран АПБ-і тарапынан ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау коитетінің Түркістан облысы бойынша Экологиялық департаментіне 10 рет хат жолданды. Сонымен қатар рейд жұмыстары кезінде заңсыз жер қойнауын пайдаланушылар анықталып, акт толтырылып жұмыстары тоқтатылды). |
Тұрақты |
Облыстық инвестиция және экспорт
Сауран ауданының әкімдігі |
Заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін тоқтату |
|
|
Білім саласы |
||||||
|
9 |
Аша, С.Қожанов, Қарашық, Абай елді мекендерінен мектеп салуға ықпал жасасаңыз? (Қарашық ауылдық округі, Қазақстан 2030 көшесі 53 үй тұрғыны, Каюмов Жанбаба |
Аша, С.Қожанов, Қарашық, Абай елді мекендерде Оқу ғимараттарын салу үшін жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыру (Аталған елді мекендерде оқу корпусы ғимараттарын салу бойынша сәулет жоспарын әзірлеу үшін Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына хат жолданған).
|
2023 жыл |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
Сауран ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қаржы бөлінуіне қарай |
|
10 |
Колледждер мен университеттерді бітіріп келіп жатқан түлектердің білім сапасы төмен деңгейде. (Сауран аудандық мәслихатының депутаты, Жүсіпбаев Нұржан Әбілдаұлы, тел: 87057589006) |
Жаңадан бастаған педагогтарды қолдау үшін тәлімгерлік институтын дамыту тетіктері көзделген. Сондай-ақ, педагогтың кәсіби өсуінің жаңа жүйесін енгізудің арқасында жалақы лауазымдық жалақыдан 30%-дан 50%-ға дейін ұлғайды. Еліміздің үздік педагогтарын моральдық және материалдық көтермелеудің ұштасуы «Үздік педагог» республикалық конкурс жыл сайын өтеді. Педагогикалық этика және педагогтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңестер құрылды. |
Тұрақты |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
|
Білім сапасын жоғарылату |
|
|
11 |
Біздің аудан енді құрылды. Көп нысандар жоқ. Ең қажетті оқушылар үйі жоспарда бар ма? (Шорнақ ауылдық округі, Қозмезгіл елді мекені, Р.Атабаев көшесі 57 үй тұрғыны, Ахметов Сейлхан |
«Оқушылар Үйі» ғимаратының құрылыс жұмыстарын бастап, мерзімінде аяқтау. (Қазіргі таңда Сауран ауданының орталығынан мемлекеттік жекеменшік әріптестігі шеңберінде «Оқушылар Үйі» ғимаратын салу жобасы қаралуда. Жобаға қатысушы инвестор бар. Ендігі кезекте қажетті жер телімін бөлу мәселесі шешілуде). |
2024 жыл |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
Облыстық жер қатынастары басқармасы
Сауран ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
|
|
12 |
Аудан көлемінде 35 жалпы орта мектеп бар, солардың көбісі күрделі жөндеуді қажет етеді? (Шаға ауылдық округінің тұрғыны Тубелбаев Кенжебек тел: 87057039849) |
19 мектептің күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыру. (19 мектептің күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін ЖІЖ (ПИР) жасалынып, Жобалық сметалық құжатамаларын әзірлеуге 100.296,0 мың теңге қаржы сұралып Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына хат жолданған. Жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы қажет.)
|
2023-2024 ж.ж. |
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы
Сауран ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қаржы бөлінуіне қарай |
|
Тұрғын үй және коммуналдық саласы |
||||||
|
13 |
Тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскелері берілсе? (Шаға ауылдық округі, Қазақстанның 30 жылдық ауылының тұрғыны, Егізбаев Оразгелді |
Бюджет есебінен жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеп, республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсыну. (Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде 5029 азамат жер кезегіне тіркелген. Алайда тұрғын үй құрылысын жүргізуге бөлінген алаңшаларды «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен қаржы қарастыру қажет. Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін ҚР Жер кодексінің 44 бабына сәйкес инфрақұрылым (Су, жарық, жол, кәріз жүйелер) жүргізу керектігі нақтыланған) |
желтоқсан, 2022 жыл |
1. Облыстық жер қатынастары басқармасы
2. Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы |
|
Қаржы бөлінуіне қарай |
|
14
|
Шаға ауылдық округінде Шой учаскесіндегі 1000 га. жайылым жерді суармалы жерге айналдыру үшін, (Шаға ауылдық округі, Қазақстанның 30 жылдық ауылының тұрғыны, Егізбаев Оразгелді |
Облыстық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыру (Жаңбырлатып суару қондырғысын орнату мақсатында жер учаскесін таңдау жұмыстары жүргізіліп, картасы жасақталды. Оның ішінде, келешекте егістікке жарамды 590 га. жайылым, Иесі бар жер учаскелерін мемлекеттік қорға қайтару және лоток арықтарды 5 км. құрылысын жүргізуге қаржы бөлу қажет). |
желтоқсан, 2022 жыл |
1. Облыстық жер қатынастары басқармасы
2. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы |
5 шақырым арықтың ұзындығын созу. |
Қаржы бөлінуіне қарай |
|
15 |
Жаңа Иқан ауылдық округі, Ойық елді мекені тұрғындарын таза ауыз сумен қашан қамтамасыз етіледі? (Жаңа Иқан ауылдық округі, Ойық елді мекені, Рысдаулетов көшесі 10 үй тұрғыны, Бейсенбаев Тұрманбай |
Ойық елді мекенінің орталақтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсыну. (Ойық елді мекенінің тұрғындарын сапалы, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары 2019 жылы әзірленген. Жобаның мерзімі өткен. Осыған орай, «Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округі, Ойық елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы. Сметалық құжаттаманы түзету» нысаныны бойынша жобалау-сметалық құжаттары қайта әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаның жалпы сметалық құны – 259,518 млн.теңгені құрайды. Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге – 259,518 млн. теңге қаржысын бөлдіру қажет етеді. Нысанды қаржыландыру үшін республикалық бюджеттің 2023-2025 жж. қалыптастыруына ұсынылды). |
желтоқсан, 2023 жыл |
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Сауран ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қаржы бөлінуіне қарай |
|
Денсаулық сақтау саласы |
||||||
|
16 |
Сауран ауданында салынатын аурухананың ішінде перзентханасы қарастырылған ба? (Қосмезгіл ауылының тұрғыны, Оразбекова Бибісара Абдулазовна, тел: 87052647012) |
1.1. Аудандық аурухана құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу. 1.2. Аудандық аурухана құрылысын жүргізу. (Аудан орталығында нормативке сәйкес 200 төсек-орынға арналған аудандық аурухана құрылысын салу жоспарлануда. Қазіргі таңда қажетті жер телімі анықталып, арухананың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге бастапқы деректер жинақталуда. 2022 жылдың сәуір айындағы облыстық бюджетті нақтылау барысында жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қажетті қаржы бөлінетін болады. 2023 жылы аудандық емхананың құрылысы басталғанның ішінде перзентхана бөлімі жоспарланған. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № ҚР ДСМ - 1 бұйрығы негізінде клиникалы - техникалық негіздеме дайындалуда).
|
1.1. желтоқсан, 2022 жыл 1.2. 2023-2024 ж.ж. |
1 Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы. 2. Облыстық құрылыс басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қаржы бөлінуіне қарай |