Ішкі аудит қызметімен 2021 жылғы 9 айда 7 мемлекеттік аудит объектілеріне (2 мемлекеттік мекеме, 5 квазимемлекеттік сектор объектісі) тиімділік және сәйкестік аудиті, оның ішінде 1 квазимемлекеттік сектор объектісінде жоспардан тыс сәйкестік аудиті жүргізілді.
Аудиторлық іс-шарамен жалпы 32 140 134,3 мың теңге қамтылды. Анықталған бұзушылықтар 2 131 929,5 мың теңгені құрайды, оның ішінде қаржылық бұзушылық 9 327,2 мың теңге, рәсімдік бұзушылық 2 122 602,3 мың теңге.
Әкімшілік құқық бұзушылық көріністері бар 3 материал әкімшілік айыппұл салу үшін уәкілетті органға жолданып, оның ішінде 2 объекті бойынша 218,8 мың теңге айыппұл өндірілді.
Аудит объектілеріне жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындысымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға бағытталған, сондай-ақ аудит объектілерінің қызметтерінің тиімділігін арттыру және жетілдіру бойынша ұсынымдар жолданды.