Түркістан облысындағы физикалық-географиялық объектіге, білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес  Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№ 10 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілсін.
  2. Мынадай объектілер:

1) Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№ 43 «Қызыл таң» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Мыңжасар Маңғытаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Иқан және Жаңа Иқан ауылдық округтері аумағында орналасқан «Шошқакөл» көлі – «Жетікөл» көлі деп қайта аталсын.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

 

 

  Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                   А. Мамин

Дата публикации
07 октября 2021